Шымкенттіктер бой бермей ойнады.

Жасыл алаң жаңалықтары /
Шешен елінде доп додасыБүгін Шешенстан елінде марқұм Ахмат-Хаджи Кадыровтың құрметіне арналған доп додасы басталды. 8 елдің белсенді клубтары қатысатын жарысқа еліміздің жалауын Ордабасы алып барды. Шымкенттіктер алғашқы ойынын Ресей Премьер лигасының Терек клубымен өткізді. Терек сол Шешенстанның клубы, сондықтан жерлестеріміз қиыншылықтарға душар бола ма деген едік, бірақ Ордабасы ерлікпен ойнады. Терек ойынның соңында ғана әупірімдеп жүріп доп соқты. Осындай қарсылық көрсеткен Ордасбасыға тек ЖАРАЙСЫҢ дейміз. Келесі ойынды жерлестеріміз Рапид клубымен өткізеді. Рапидпен салыстырғанда Ордабасының деңгейі төмен, сонда да жерлестерімізден жақсы нәтиже күтеміз, Алла жеңіске жетелесін!

10 пікір

AKA
«Шымкент — жақсы қала!» ©
MSHERIMBEK
Әп, бәрекелді.
Дәл осы сәтте Садықтың компьютерінің колонкалары Ерболаттың «Біздің жігіттер» әнімен жарылайын деп жатыр еді:)
Korkem
қайда жүрсіңиии?
Korkem
мяяя, уақытына қарамаппын(((
qyrmyzy
букакакакака, ол Асцтонада
Korkem
көрінбейді, бәсе)))
yerbol89
Алға Ордабасы! Біз саған сенеміз. Дүбірлі додада топ тажып жығуыңа тілектеспіз.
rauan
Зе Бэст Ордабасы… Біз арқашан сенімен біргеміз (жаңалық уақытына қарамай жаза салыппын ((( )
Korkem
Жасасын, Шымкент!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.