Más que un club

Жасыл алаң жаңалықтары /
Бұл жазбаны Жакобайға арнаймын

Футболдың әлемдегі нөмірі бірінші спорт екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы спорт түрін «нөмірі бірінші» еткен футболшылар емес, ол — мына біз, жанкүйерлер! Бұлай деп кесіп айтуымның себебі жанкүйерсіз футболдың сәні кететінін талай футболға еңбегімен қоса тері де сіңген футбол мамандары айтып кеткен. Футболдың белсенді түрде әлемге жайылған уақыты өткен ғасырдың 20-30 жылдарына сәйкес келеді екен. Содан бері әлемде талай-талай мықты клубтар болған. Енді, тарихтың парақтарын ашуды тоқтатып, неліктен осы жазбаны жазғанымды айта кетсем. Осындағы Қырмызы деген сұлуымыз «Барса жайлы толығырақ…» деп пікір айтып еді. Неліктен Барселонаның мықты екенін айтып, Қырмызыға Барсафан болу бақытын бұйыртқым келеді. Сонымен:

Қазіргі кезде Барселона мен Реалдың қайсысы мықты екендігі туралы талас көп. Мен үшін Барса ең мықты клуб. Иә, рас биыл Барса Реалдан 10 ұпайға қалып келеді. Алайда, екеуінің осы маусымда өткізген 3 ойынындағы жеңімпаздарға қарайтын болсақ кім мықты екені белгілі секілді. Бұл жай ғана бір статистика ғана. Менің айтпағым басқа.


Ең бірінші, Барселонада әлемдегі ең мықты футбол мектебі(Ла Масия) қалыптасқан. Қазіргі кезде блауграна сапында доп теуіп жүрген негізгі құрам ойыншыларының басым бөлігі осы Ла Масияның түлектері. Атап айтар болсақ, қақпашы Виктор Вальдес, қорғаушылар Жерар Пике, Карлес Пуйоль, Андреу Фонтас, орталық ойыншылар Иньеста, Хави, Сеск Фабрегас, Серхио Бускетс, Тьяго Алькантара, шабуылшылар Месси, Педро Родригес, Исаак Куэнка Барселона мектебінің тәлімін алған. Бұлардан бөлек қазіргі кезде футбол әлеміне аты таныс футболшылар — Боян Кркич, Джефрен Суарес, Джовани Дос сантос, Иван де ла Пеня, Тьяго Мотта секілді ала доптың хас шеберлері доп тебудің қыр-сырын үйренген. Жаза берсек бұл тізім таусылмайтын шығар. Осымен тоқтатайық. Барселонаның мәңгілік жауы Реалдан ерекшелігі де осында. Реал секілді жұлдыздарды құрамына сатып алмайды. Жұлдызды тәрбиелеп шығарады.

Екінші, Барсаның футбол ойнау тактикасы өзгеше. Көбіне допты өздерінің бақылауында ұстайды. Алаңдағы әрбір ойыншы өзінің позициясын емін-еркін өзгерте алады. Мысалы, Дани Алвестің негізгі міндеті қорғаушы болса да, шабуылшы қызметін атқара береді. Қорғаушы Пике өз кезегінде алғы шепте ойнай алады. Бускетс, Кейта, Маскеранолар қорғаушы болып ойнай алса, Месси, Вильялар қорғаушыларға керек кезінде көмек қолын созудан қашпайды.

Үшінші, Барселонаның сапында әлемнің ең талантты футболшысы Месси бар. Месси мен Роналдуды салыстыратындар бар. Алайда, Месси ол Месси! Месси Марста да Месси. Өзге емес, тек осы жылғы статистикаға қарар болсақ Месси Еуропадағы Хавиден кейінгі ең көп пас берген футболшы екені белгілі болды. Сондай-ақ, Мессидің соққан голдары Барсаға әрқашан жеңіс сыйлап отырды. Мессидің бір өзі бірнеше ойыншыны алдап өтуі таңдай қақтырады. Доп құдды бір оның аяғына жабысып қалған секілді. Негізі, Мессиге бір пост арнауға болатын шығар…

Төртінші, Барселонада өзгеше атмосфера бар. Олар жай ғана клуб емес, Барса — клубтан да жоғары (Más que un club). Бұны сөзбен айтып жеткізу қиын. бұны түсіну үшін Барсафан болу керек.

Очм, әзірге осы. Қалағын мына пост Жакобайды Барсафан ете алмаған кезде жазылады.

17 пікір

qyrmyzy
Рахмеет үлкен! Қазірше ойланып жатырмын…
AKA
Ойланбаиии, қатарымызға қосыл. Барсафан болуға шақырамын, Мессиді қарашы, қандай крәсәпшік жігіт! ық-ық :))) Ақпарат үшін рахмет, ризамын.
MSHERIMBEK
Менің бойымнан да кішкентай:)))))))
AKA
Бойда тұрған ештеңе жоғии, алаңдағы ойынын айтсаңшы, ойынын. Эхх… мамадес қой!
MSHERIMBEK
1987 жылдың 24 маусымында Реалмен болған ойында қанша гол салып еді?)))
AKA
Жоғиии, соңғы жылдағы ойыннан сұраңыз. Мен пүтболды қарап жүргеніме көп боған жоқ қо :)) Сол жылдары Реал жеңді-ау, сірә? Мақтанып қоймайД енді, одан да 19-қаңтардағы ойынды айтсаңызшы, охх керемет болды ғой. :)))
MSHERIMBEK
1987 жылдың 24 маусымында
Арыстанель Мессиіңіз дүниеге келген муахахаха:)
AKA
Жер болдым-ау… Мен соның өмірін қарамаппын да, яттымын. Не ғой...
Барселонаның мәңгілік жауы Реалдан ерекшелігі де осында. Реал секілді жұлдыздарды құрамына сатып алмайды. Жұлдызды тәрбиелеп шығарады.
мынаған не дейсіз? :) Айтып-айтып тастады ғо, Конвикт.
rauan
Жер болдым-ау… Мен соның өмірін қарамаппын да, яттымын. Не ғой...
Туылған жасына қарамай-ақ білуге болады ғой логический.1827 қайда 2012 қайда екеуі жер мен көк-тей ғой
AKA
1827 қайда 2012 қайда екеуі жер мен көк-тей ғой
Не жазғаныңызды өзіңіз түсінемісіз? Қайдағы 1827? 1987 жылды меңзеді Қарасақал, ұғынып алу керек алдымен. Менің логикалық қабілетіме баға беруге не деңгейін анықтауға құқық бермедім.
rauan
кешірерсіз қате жазып қойыппын.
Туылған жасына қарамай-ақ білуге болады ғой логический.1887 қайда 2012 қайда екеуі жер мен көк-тей ғой
AKA
1887 қайда 2012 қайда
Жәәә, Сіздікі дұрыс!
MSHERIMBEK
Ақкөңілдігің-ай:))))
konvict
Ол күні әлем есігін болашақта рЕАЛ-ға талай голды тоғытатын Месси туылды.)))
konvict
Бойы кішкентайлардың арасында ең құдай ұрғансы сенсің ғой
kema
Ole ole ole Barsaaaa 4empion, ole ole ole))))))) Jaraisyn konvict)))+1
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.