↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
13 наурыз 2012

Месси, шайтан епті!

Өткен аптада Чемпиондар Лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары болған еді. Барселона-Байер арасындағы ойын 7-1 есебімен каталондықтар пайдасына шешілді. Сол ойында әйгілі Месси 5 гол соғып «пента-трик» жасады. Осы ойыннан кейін көптеген футболшылар Месси жайлы туиттеріне жазған екен. Кеш те болса солардың біразын оқып көрелік:


«Месси – әзілқой?! Мен үшін әлемдегі ең керемет футболшы!» (Уэйн Руни, «МЮ» шабуылшысы)

«Бұл жігіттің ойынына үлкен сүйіспеншілікпен қараймын… Месси»(Джек Уилшер, «Арсенал» жартылай қорғаушысы)

«Месси – Пеле емес, Месси – Марадонна емес, Месси – Роналдо емес. Месси – ол Месси, жай ғана Месси. Керемет!»(Жулиано Беллети, бұрынғы футболшы)

«Мессидің ойыны адам сенгісіз. Сырттай барлығы қарапайым секілді көрінеді»( Йозеф Блаттер, ФИФА президенті)

«Месси Вуду сыйқырын қолданады… Дәлел»ммануэль Фримпонг, «Арсенал» жартылай қорғаушысы)

«Бұл шынымен Чемпиондар Лигасының ойыны ма, әлде Плэй-стейшн ба? Ол – тоқтаусыз!»(Радамель Фалькао, «Атлетико» шабуылшысы)

«Күдіксіз сен өзге галактикалықсың. Рахмет саған, Лео!»(Макси Родригес, «Ливерпуль» жартылай қорғаушысы)

«Месси – әлемнің үздік футболшысы!» (Эден Азард, «Лилль» шабуылшысы)

«Лео тарихты жазуды жалғастыруда. Ұлы Лео!»(Пабло Сабалета, «Манчестер Сити» қорғаушысы)

Әйгілі қоянтіс Роналдо шыдай алмаса керек, әдептен озып твиттерге «Балаларыңды твиттерден алып кетіңдер. Месси футболды шайтан секілді ойнайды», — деп жазыпты.

«Ал, сіз Мессидің адам екеніне сенімдісіз бе?»(Демба Ба, «Нюькасл» шабуылшысы)

Шынында да бұған дейін Чемпиондар Лигасының бір ойынында 5 гол соққан адам жоқ екен. Ал, уішіңдер рЕАЛдықтар.

Ақпарат көзі sports.ru сайтынан және футболшылардың жеке туиттерінен алынды
?

Пікірлер:16

«Бұл кішкентай адам, епті, түсінбейм бар ғо, оЩм шашы да керемет!» (Садық Шерімбек, «Бірлік» ауылдық округы құрама командасының экс-қақпашысы)
  • konvict
  • 13 наурыз 2012, 16:00
  • 0
Яапты, өлтіресің бар ғой
  • Korkem
  • 13 наурыз 2012, 16:06
  • 0
Әйгілі қоянтіс Роналдо
Роналдо 9 номірлі менің сүйікті футболшым болған)))) дұрыс айтады!!!
  • konvict
  • 13 наурыз 2012, 16:13
  • 0
Мүмкін 9-нөмірлі болмаса сүйікті болмас па еді?
  • AKA
  • 13 наурыз 2012, 16:09
  • 0
Жәнееем Мессиии! Тіпә-тіпә, жолы болып тұр, жұлдызды шағы болар бәлкім.
  • konvict
  • 13 наурыз 2012, 16:18
  • 0
Көз тимесін! Гуардиолла әлі өзінің шыңын бағындырмағанын айтады
  • qyrmyzy
  • 13 наурыз 2012, 16:21
  • 0
Месси — алға!!!
  • konvict
  • 13 наурыз 2012, 16:22
  • 0
Міне, міне. Барсафан болып келесің!
  • qyrmyzy
  • 13 наурыз 2012, 16:26
  • 0
енд, Барса жайлы көп жазылватыр го
  • Ais_97
  • 13 наурыз 2012, 17:34
  • 0






Менің ең сүйікті футболистім-Лионель Месси! Месси алға!
  • AL-ASTER
  • 13 наурыз 2012, 17:58
  • 0
5 жасар Месси

  • dimash
  • 13 наурыз 2012, 20:04
  • 0
хехе, онда анасының ішінде ұрық жолдастың (плацента) орнынды доп болған шығар))) доппен туылған, тура мағынада)))))
Пікір 2022-03-13 20:05:14 күні dimash тарапынан түзетілді
  • kuka097
  • 13 наурыз 2012, 21:04
  • 0
фифа президенті мишелб платини емеспе
  • konvict
  • 14 наурыз 2012, 01:34
  • 0
Мына жаққа барып қайтсаң біліп қайтасың
  • rauan
  • 13 наурыз 2012, 21:12
  • 0
Месси басқапланетналық екеніне күманім жоқ.Мен осындай Месси сияқты талантты футболшының ойынын күнде көріп, осы Месси дәуірінде туылғаныма мақтанамын және бақыттымын!!! (Букпанов Рауан, Шымкент қаласы Ақсукент елді мекенінің «Навостройка» командасының шабылушысы
Пікір 2022-03-13 21:16:00 күні rauan тарапынан түзетілді
avatar
  • qwenchi
  • 13 наурыз 2012, 22:54
  • 0
«Алаңның тысында Месси оқушы сияқты, алаңда қалған футболшылар оқушы сияқты» — Лизеразу (Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.