Болашаққа хат

Ассалаумағалейкум Айтабер қолданушылары. Бүгінгі тақырыбым «болашаққа хат» деп аталады.

Болашаққа хат деп — өзіңізге не сүйіктіңізге не ұрпақтарыңызға немесе тіпті кімге болмасын (танымайтын біреу) арнап $m уақыттан кейін жіберілген хат.

Көз алдыңызға елестетіп көріңіздер: Он жылдан кейін, жасыңыз $n + 10 — да. Кәдімгі қарапайым күндердің бірі. Бәлкім балаларыңызды ойнатып отырған шығарсыз, әлде жұмыста отырған боларсыз, тіпті шет ел асып қыдырып жүрген шығарсыз. Бір кезде электронды почтаңызға шылдыр (сыңғыр, пытырс, шиқ шиқ) етіп бір хат келеді.Сіз оны әдеттегі арықтау жайындағы спам хат шығар деп кетіріп тастайсыз. Ашып қарасаңыз Өзіңіздің он жыл бұрын өзіңізге арнап жазған хатыңыз, сіз оны тіптен ұмытып кеткен едіңіз. Дүрсілдеп соққан жүрегіңізбен хатты оқи бастайсыз. Оқып жатырсыз, оқып жатырсыз. Бір кезде өзіңіздің он жыл бұрын қандай бала болғаныңызды, әдеби, филасофсий, эмоциялы қуып жүргеніңізді біліп еріксіз кеңкілдеп аласыз. Аса сезімталдарыңыз жіләп та үлгерерсіздер. Хатта өзіңіздің армандарыңызды, қалай бәленшені өліп сүйетініңізді, өзіңізді он жылдан кейін қалай елестететініңіз жайында және т.с.с. жазылған екен… Хатты оқып армандарыңыздың қаншалықты орындалғанын байқап бір кереметтей сезімге бөлініп, өмірге деген кұштарлығыңыз артып, он жыл бұрынғы өзіңізге шексіз алғысыңызды айтып қорс қорс жіләп аласыз. немесе керісінше… ну енд ол жағына мен кінәлі емеспін Ощм солай… Керемет емес пе?

Бұрындары адамдар болашаққа хатты «уақыт капсуласы» арқыды, «теңізге лақтырылған бөтелке» арқылы, тіпті ғарыш кемесі арқылы және т.б. жіберетін. Ал қазір сіз өзіңізге өзіңіз хатты интернет сервистері арқылы кез келген уақытта, кез келген уақытқа жібере аласыз. Ну енді оған да шектеу бар. Жүз жылдан аспау керек. Бұндай сервистің барлығына шолу жасап көп уақытты алмай тек біреуін ғана көрсетіп анықтама беріп кетейін.

Соныыыыыыыыыыыыымен қарсы алыңыздарррррррррр, Алдарыңыздаааааааааааа future-mail.org


Бұл сервис арқылы сіз болашаққа бір күннен, жүз жылға дейінгі уақыт аралығына хат жолдай аласыз. Хатқа тіпті 500кб көлеміне дейінгі файлды да қоса жібере аласыз. Ол дегеніңіз мысалы суретіңізді немесе өзіңізе не сүйіктіңізге арнап шығарған өлең, жыр, серенадаңызды диктофонға жазып, хатқа қыстырып жіберуіңізге әбден болады.
Бірінші рет хат жіберген кезде почтаңызды растау туралы хат келеді. Сілтемеден өту арқылы почтаңызды расталып, сервистен аккаунт ашылады. Интерфейсі интуитивті түсінікті, барлығы қарапайым, артық ештеңесі жоқ. Тіпті ақысын төлесеңіз хаттың уақыты келгенде принтерден шығарып, кәдімгі хат түрінде үйіңізге де әкеліп береді екен.

пы\сы: Хат жібергенде үнсіз келісім бойынша «Открытое для просмотра» түрі таңдалып тұрады, егер хатыңызды уақыты келгенде сайтта ашық түрде жарияланғаны қаламасаңыз «Личное письмо» дегенді таңдауды ұмытпаңыз



«Хатта не жазссам болады» деген сұрақтары туындап қалған қолданушыларға бір екі мысал.
  • Үш, бес, он жылдан кейін әлемді не өзіңізді қалай елестетесіз сол жайында жазссаңыз болады
  • Немесе өзіңіздің Үш, бес, он жыл ішінде алға қойған мақсаттарыңызды, армандарыңызды жазыңыз, Үш, бес, он жылдан кейін оқып бір жіләп аласыз (қуаныштан әрине)
  • Өзіңіздің бақытты кезіңізді, өзіңізді мақтап, өзіңіздің қандай керемет, ақылды, бәріне төзімді мықты екеніңізді жазыңыз. Болашақтағы сіз хатты оқып бір марқайып алсын
  • ҰБТ тапсырушылар ҰБТ тапсырып болғаннан кейінгі күнге жазыңыз хатты, «жәрәйсің мен, сен өттің, өттің ба? неше балл алдың?» деген сұрақтарды қойып ой бір өзіңіздің нервіңізді қыдықтап алыңыз
  • Қыркүйектің біріне жазыңыз, қандай оқуға түсуді армандағаныңызды және сол оқуда оқып жатыр ма екенін сұраңыз ))
  • Өзіңізді туылған күніңізбен құттықтаңыз
  • Сүйіктіңізге «жаным бүгін бізге бір жыл» деген сияқты (кеңес бермеймін :)
  • тағысын тағы, фантазияларыңызды қосыңыз....

Бұл сервистер жүз жылдан кейін де жұмыс жасап тұратынына кепілдік жоқ. Бірақ оптимист болайық!

Сау болыңыздар!

$m — $m > қазіргі уақыт.
$n = сіздің қазіргі жасыңыз.

30 пікір

pari
иә креемет… дереу болашаққа хат жазуды бастаймын,,,не жазсам екен
qyrmyzy
Мені де қосып қой:)
pari
иәәә 10 жылдан кейін
qyrmyzy
Күшті мотиватор!Сүйіктіме/құрбыма/досыма/көршіме арнап жазбас ем.. Адамды жақсы дүниелерді ойлауға итермелейді екен:) 10 жылдан кейін: Асцтонада, 6/7 балаларыммен «Керуенде» қыдырып жүргенде хат келсе, уааачааа, керремет! Өмірге деген құлшынысым оянып кетті ме?! Фейсбук біраз уақыт бұрын өсиет қалдыратын бірдеңе шығарып еді, ұқсас кен:)
Manas
Мұнау бір қызық екен, мен де жазып қарамасам!
kema
Kyzyk dunie eken))) Abeke kansha hat jazyn ozin?
Abylai
екімыңтоғызда үш штугын жазып едім малрудың жаңа жыл қарсаңында сондай акциясы жүріп жатқанда, хатты ұмытып кетіп, почтамды жойып жіберіп қартопты жардым ғүә. содан кейін жазбаппын. енді жазайындеп отырған сияқтымын
qyrmyzy
ық ық, не жайлы/кімге/қалай/қашан?
Abylai
екімыңтоғызда Желтоқсанында. Өзіме жазып едім, бір жылдан кейін келетін қылып
qyrmyzy
енді жазайындеп отырған сияқтымын
дегеніңді айтам. 2009да, хмм, мейлрудың бұндай функциясы бар екенін білмеппін:) сосын
малрудың
деп әдейі жаздың ба?
Abylai
әлі жазған жоқпын. екімыңтоғызда жаңа жыл қарсағында сондай функция ашылып еді уақытша.
qyrmyzy
охх, менде керрееемет идея бар! Анда айтам:)
Abylai
қандай?
qyrmyzy
Анда айтам, бір сағаттан соң:)
Moldir_96
Мынау бір тамаша идея екен!)) Бірақ хатымды өзге жандар оқып қояр ма екен деп қорқып отқаным)))
qyrmyzy
Менікі де сол! 10 жылдан кейін ақтарылып жазған хатыңды күйеуің оқып қойса, ық ық, коосссяяяяк!
Moldir_96
Ой, айтпаңыз))) Масқара болады ғой)))
mairosh
Кезінде осы жайлы бір кино көргем. очм Ерлі-зайыптылар осылай «10 жылдан кейін қандай боламыз» деген тақырыпта бір-бірінен жасырып хат жазад. сосын әйелі сол екі хатты бір жерге тығып қояды. Кейін екеуі ажырасып кетет. и ажырасар алдында әйелі күйеуінің хатың оқит. сонда күйеуі болашақта басқа әйемен болсам ғой беп армандапты. Жаман я Сосын әйелі ажырасып кетет (
kema
kandai kandai kinolar koresin?! UJS UJS
mairosh
орыстың киносы есіме түспей тұрғаны сол))) мяя аянышты енді көрсең жіләйсің(
qyrmyzy
Болашақта күйеуіме міндетті түрде жаздырмасам:)
mairosh
менде соны ойлаватрм жаздыру керек))))) план көп дишиш)))))
Bagashar
мынау қызық екен
Jako
Біреуің осы Айтаберде «Болашаққа хат»-деген ұжымдық блог ашсаңдаршы, бәрімізде жазайық.Негізі жақсы нәрсе екен, рахмет Абылай.
Abylai
«Болашаққа хат» ұжымдық блогында не жазылатын болады сонда? Болашаққа жазған хаттарымызды жариялайтын боламыз ба?
Jako
Жарияласа не болады, Абылай, жариялайық.Мүмкін жастарға пайдасы тиер.
Abylai
жақсы идея сияқты. көрейік
Abylai
yesbolat83 бауырым, бүгін почтама хат келді, бір жыл бұрын болашақтағы маған жіберіпсің :)
yesbolat83
Есімде. Бірақ, мәтінде не жазғанымды есіме түсіре алмай отқаным.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.