Жазған мақалаңызды іздеу сайттарында алға шығару. Контентті дұрыс, әрі танымал ету жолдары.

Интернет қолданушы үшін /
мақала жазу, пост жазу, мақаланы қалай жазамыз
1. Кіріспе.
Қандай қолданушы болмасын немесе ол бір сайт иесі болсын өзінің сайтының танымал болғанын қалайды. Сізде де құрметті Айтабер және Сұрақ-Жауап сайтының қолданушылары сіздер мақалаларыңызды көп адам оқып, оған өздерінің пікірлерін қалдырса екен дейсіздер. Сайтқа көп қолданушы ақпаратты іздеу сайттары Гугл, Яндекс, ІздеуМайл.ру т.б. арқылы келеді. Ендігі біздің мақсат мақаланы жазып ғана қоймай іздеу боттарына мақланың тартымды, әрі оқуға ыңғайлы екендігін арнайы ілмектер, арнайы тегтер арқылы мақаланы әрлендіріп ұсынып береміз. Солай сіздің мақалаңыз іздеу сайттарында алдыңғы қатарға шығатын болады. Қазір біз контент яғни мақалаңызды дұрыс амалдарды қолданып жазу турасында болмақ. Бұл мақалада толықтай сайтты емес, мақалаңызды реттеу турасында болмақ.

2. Тақырыпты дұрыс жазу.
<_title> және <_h1> тегтерін қабылдайтын сіздің тақырыбыңыз, жазып жатқан мақалаңыздың мәтінін толықтай бір сөйлемге сидырсаңыз өте жақсы. Тақырыбыңыз 200 символдан асып кетпегені абзал, себебі осы 50 мен 200 символ аралығындағы мақаланың тақырыбын іздеу боттары жақсы қабылдайды. 2-3 сөзден тұратын тақырып қоймағаныңыз да дұрыс. Егер сіз тағам туралы мақала жазсаңыз, оның тақырыбын Бұршақ сорпасы деп жазғаннан, Дәмді, әрі пайдалы Бұршақ сорпасын жылдам әзірлеу — деп жазу тиімді. Сіз мақалаңызда не жазбақ екеніңізді тақырып арқылы ашып отырсыз. Тақырыпты тартымды ету үшін арасындағы негізгі бір сөзді Үлкен әріппен жазсаңыз да жарасады. Мысалы: Евровидение байқауында АУЫРМАЙДЫ ЖҮРЕК әні бас бәйгені жеңіп алды. Есіңізде болсын Google іздеу боттарына тақырыптың үлкен не кіші регистрде болғанымен ешқандай рөл ойнамайды. Мен бұл жерде Ауырмайды жүрек сөзін ерекшелеп, мақаланы ашып көрсету үшін қолдандым.
Алдын да осы сайтта тақырыпты дұрыс жазу туралы тақырып қозғалған болатын. Көп қолданушы тақырыптың соңында көп нүкте немесе леп белгісін қойып тастау өте дұрыс емес, қателеспесем Google үтір мен нүктені алып тастайды.

3. Мақаланың тартымды, әрі ізеду боттарында салмақты болуы үшін кілттік көздерді қолданып, оларды ерекшелеу.
Кілттік көздерді ерекшелеу тек іздеу боттарына ғана емес, адамдардың мақаланы оқуда ерекше жеңіл қабылдап, тартымды оқылуы үшін кілттік сөздерді ерекшелеп отырғанымыз мақаламызға көрік береді. 2010 жылы ұйымдастырылған Блогкемп-2011-те Өркен Кенжебектің презентациясына қатысқан адамдар болса, сонда Өркен жақсы атап көрсеткен. Өркен ағасы жазған мақаласында кілттік көздерді әр түрлі түспен ерекшелеп қарайтылған(жирный) әріптермен ерекшелеп отырған. Біз мақаламызды түспен ерекшелемейміз, біз кілттік сөздерді жирный яғни қарайтып өзгертіп отырамыз. Екі немесе үш сөзді қарайту арқылы біз мақалаға көрік ғана беріп, қоймай мақаладағы айтылып жатқан нақты нақты мақала туралы ақпараттарды іздеу боттарына тікелей сілтеп отырамыз. Мен де осы мақалада кілттік сөздерді мейлінше қажеттілігіме қарай қолданғанмын.

4. Суреттерді қолдану.
Іздеу сайттары сайттан тек мәтінді ғана көшіріп алып ғана қоймай, сайттағы мақалалардағы суреттерді де көшіріп алып кетеді. Іздеу боттары суретті танымағанымен, суретке арналған арнайы тегтердегі сіз көрсеткен ақпараттарлы тану арқылы, онда көрсетілген ақпаратты өзінің мәліметтер қорына қосып отырады. Ол сізге арнайы тақырып бойынша сурет іздеп келген қолданушыны сайтыңызға яғни мақалаңызға алып келеді. Айтабер.кз сайтында сурет жүктегенде Сипатталуы деген өріске үтір арқылы суретіңіз туралы кілттік сөздерді жазсаңыз болады. Солай сурет туралы ақпаратты ізеду боттарына сілтеп бересіз. <_img src="" title=«шымкент қаласы» alt=«шымкент қаласы» />
Мұнда:
src="" Тырнақшаның ішінде суреттің мекені жазылады.
title="" -суреттің тақырыбы жазылады, осы тегтің көмегімен іздеу боттары сурет не екенін сіздің жазбаңыз арқылы анықтап, іздеуде шыгарып береді.
alt="" суретке тышқанның батырмасын апарғанда браузерге шығатын ақпарат!

5. Ілмектерді қолдану.
Ілмек бұл сіз жазып жатқан мақалаңыз туралы кілттік сөздердің сілтеме ретінде қолданушы. Ілмектердің де сайтқа немесе мақалаға іздеу боттары арқыры оқырманадрдың көптеп келуін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда ілмекті қолданғанда тек бір сөзбен емес, 2-3 сөздің ілмекті қолдану өте тиімді. Мысалы: Қалай!-деген ілмектен Қалай болады? -деп ілмекті қолданған дұрыс. Шымкент -деп ілмек қолданғаннан, Шымкент қаласы немесе Шымкенттің көшелері — деген секілді, мейлі Шымкент қаласы туралы — деген секілді 2-3 сөзден тұратын ілмектерді қолдану арқылы сіз мақалаңызды көп оқылатын, әрі тартымды ете аласыз.

6. Жазылған мақалаңызды достарыңызбен бөлісіп, оларды хабардар ету.
Қазір қандай болмасын таныстарыңыз, туыстарыңыз, не ол жан құрбы, жолдас балаңыз болсын әлеуметтік желілердің бірінде отырады. Оларды хабардар ету үшін мақаланың астында Бөлісу батырмалары бар. Солардың бірнешеуін басып таныстарыңызға хабарлап отырыңыз. Ұнаған мақаланы да осылай сізге ұнағандығы, әрі сол жақсы мақаламен таныстарыңызды құлақдар етіп отырасыз.

p.s. Бұл менің бұл тақырыпта жинаған тәжірибеммен бөлісу болғанымен, ойымды толық жеткізе алмауым мүмкін. Бірақ алдағы уақытта жазбаларымда ойымды толық, әрі түсінікті етіп жазуға тырысамын.
Келесі жазбам Сайт жасаушыларға болмақ. Сайт жасағанда HTML тегтерді қалай дұрыс қолдану, Sitemap.xml және robots.txt т.б. турасында болады. Егер қызығушылықтарыңыз болса келесі жазбамды күтіңіздер.

p.s. Тегтер көрсетілмегендіктен _ символын қосып жазып қойдым. Бос орынсыз жазылады.

32 пікір

Korkem
Түсінікті жазылыпты. Білмейтінім көп екен. Алғысым)))
yerbol89
Уникальный контент! Таза өзімнің ойымды жазып шықтым! :) Сізге де мың алғыс, ерінбей оқып шыққаныңыз үшін. Енді СЖ-да қалай дұрыс сұрақ қою керек екендігі жөнінде мақаламды жазуды бастаймын! :) Сосын барлығын осында сілтеп отырмақпын!
pana
пайдалы ақпарат болды, рахмет! сұрақ қояйын деп жүр едім, сіздің мақалаңызды оқып барып қояйын))
Korkem
Енді СЖ-да қалай дұрыс сұрақ қою керек екендігі жөнінде мақаламды жазуды бастаймын!
Табылған ақыл! Ұнап тұр))
Togzhan
Көп-көп рахмет! Біраз мәліметтер алып қалдым!
Abylai
Неге екенін білмеймін, мен жасаған сайттарда ешқашан жоғарғы регистрдағы сөздерді қолданбаймын, бірақ сөздер үлкен әріппен жазылу керек болса CSS-те text-transform: uppercase; деп жазамын. Маған солай үйреткен кезінде. АБЫЛАЙ, Абылай, абылай үшеуі үш түрлі әсер етеді іздеу боттарына деп. хотяяя сенімді емеспін. бірақ text-transform: uppercase; деп әлі қолданып келемін. ХТМЛ5 іздеу боттарына жақсы, соған көшу керек еді
Abylai
Жарты сағат ішінде +47 (қырық жеті) плюс алыпты, шамасы мақалаңды қатты оптимизациялаған сияқтысың. Үздікжазбаларңдссс
Ademi
Бастысы — ілмектерді дұрыс қою. Байқауымша, осы сайттағылар жазбасына қатысты ілмектерді қоймайды екен. Ілмекпен ойнамаңыздар.
balgalym
Ілмекпен ойнамаңыздар.
:)))
Karakulov
Келесіде ілмектерді шығармамнан да көп қойып тастасам қалай болады екен?)
Ais_97
Жарайсыз мың алғыс Ербол аға!
AL-ASTER
Келесі посттарды қосарда, ескерерлік жағдайлар екен. Рахмет, амиго.
Korkem
амиго
осы сөз сіздің дұғаңыз секілді))) жазбайтын жеріңіз жоқ))
Ademi
«Амиго» деген не?
AKA
«Бауырым» мағынасында
Jako
Менің пікірім неге алынып тасталды екен? Әй мейлі…
ereke_enu
Ағайым экзаменге дейін жеке тапсырма берген еді. Соған келетін сияқты. Рахмет)
pari
Жәрәсіз ағасы:) +1
Иә, жазбаңызда сөз жооқ жарты күнде +56 ұпай жинапсыз, бұл Айтабердегі бұрын-соңды болмаған оқиға десекте болады.Шыныменде жазбаңызды ғжалпы ілмектерді сықитыпсыз, нәтижесі бар екен:)
qyrmyzy
ЫРЫСБЕК! Енді мына жазылған дүниені мындағылар практика жүзінде нетсе екен деген тілек бар!
pari
иә нетеді, нетеміз:)))
MSHERIMBEK
Жақсы ақпарат)
followme_alik
Пайдалы ақпарат)
VVVWWW
Қызық, өз мақалаңды соншама жарнамалаудың не қажеті бар екеніне түсінген жоқпын (керек адам өзі-ақ іздеп табады ғой)…
Мен үшін тек бір адам ғана оқыса болды деп қойсам ба екен ық, ық
Шындығында, мен үшін аса пайдалы болған жоқ
Korkem
Мен үшін тек бір адам ғана оқыса болды деп қойсам ба екен ық, ық
кім?
VVVWWW
Мүмкін ең бірінші оқып, оған пікір жазған адам болар
Jako
Осы постың жарияланғанына бірнеше күн өтті, бірақ нәтиже шцғарғандар некен-саяқ.
tolebi
қазақ тілін дұрыс білмейсіңбе немене. Мына сөздерің дұрыс емес:
Көп қолданушы тақырыптың соңында көп нүкте немесе леп белгісін қойып тастау өте дұрыс емес, қателеспесем Google үтір мен нүктені алып тастайды.
Былай дұрысрақ:
Көп қолданушы тақырыптың соңында көп нүкте немесе леп белгісін қойып тастайды. Бұл дұрыс емес. Қателеспесем Google үтір мен нүктені алып тастайды.
MSHERIMBEK
oiybaaaaaaaaaai, ishegim-ai:))))))))))
AKA
Әлгі теракт ұйымдастырушысы ма, жоғарыдағы кісі? :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.