Ойлап ем,бір жақсылық боларма деп!

Ассалаумағалейкум ардақты алты алаштың ұрпағы, армысыздар.
Бұл менің тұңғыш реткі жазып отырған блогым.Сондықтан аз білсем көп үйретерсіздер,қатем болса түзетерсіздер.Мені блокқа жазуыма себеп болған мына мәселе еді:«Авторлық құқық» деген интернеттегі бүгінгі күндегі үлкен мәселенін мақсаты, одан келіп кетер халыққа пайда зияны туралы болмақ.Мен Казнеттің алдыңғы қатарындағы сайттардың жабылуы (уақытшама білмейм,әйтеуір кино,өлеңдерді алудың ендігі күні бітетінідігі)туралы алғаш естігенде бірден өзім наразы болған ем, алайда басыма мынадай ой сап ете қалды(блогымдың маңызды мазмұныда осы).Ее-е парламенттегі депутат ағаларымыз ауысып бастары енді істеген екен-ау, халықты ойлап ендігі олардың ойы «алдыңғы қатарлы сайттардағы толып тұрған шет елдік жат мазмұнды заттарды өшіріп, пайдалы заттар қорын арттырып, керексізден тазартып қазақ елі болған соң түгелімен қазақшаға аударып заңдастырып(қазақшаға аударған болсада мәз емес), заңнан аттағандарға жазасын беріп қазақ интернетін одан әрі дамыту» екен десем.
Қайдам әншілердің (кім қалай айтып жүргенін жазбасамда белгілі)өнерін ақтап интернетті тоқтатып нан таппақ ойы екенғой.Ай-ай Қыдірәлі ағамыздың пікірінде тыңдадаық,өздерін ойлаған, кереметтей негізде жоқ.Альбом қылып сатамыз дейді.Біреу алып жасырын болсада интернетке қайта салып еселеп тағы пайда таба бередіғо елдер, түк болмаса РУ сайттардада толып жатыр.Бәріміз сол рудан алсақ, бір әнші үшін пайда жасап Отанымыз үшін көп-көрім зиян жасаймызғой.Ал пайда сол РУ ға түседі.Майл.ру дың бізден алған пайдасы аздай оларға шайнап беріп жатырмыз.
Иә егер осы заңды бәрінеде пайдалы етіп жасау менің қолымнан келсеғой, Түк болмаса артымнан еріп бірге дұрыс бағытта жүруге жол ашып берме қазақ жастары қарап жатпас еді-ау.
мына жаңалық
Құрықтау

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!