Google Chrome браузеріне арналған таңдаулы 22 плагин

Интернет қолданушы үшін /
























Google Chrome браузеріне арналған күнделікті қолданыстағы таңдаулы 22 плагиндер… (плагин — кеңейтілім — расширения)

Егер браузерлеріңізге плагиндер орнатылмай жатқан болса, онда мына мақаламен танысуға кеңес беремін. Сілтеме мұнда.

Google Chrome браузерінің күнделікті қолданылатын плагиндері…


1. Awesome Screenshot — Ұстап ал және өзгерт. Интернеттегі барлық веб беттерін немесе бір ғана беттің кез-келген жерін түсіріп қана коймай, тіктөртбұрыштарды, нұсқағыштарды(стрелки), жай сызықтар және жазуларды қою сияқты мүмкіншіліктеріне бір ғана шерту арқылы қол жеткізуге болады. Сілтемесі мұнда..



2. Google Mail Checker — Gmail(gmail.com) электрондық почтаңыздағы, оқылмаған хаттар санын, өз Google Chrome браузеріңізден тікелей көз алдыңызда хабардар етеді.
Сілтемесі мұнда..



3. Speed Dial — Хром браузерінің бос бетінде тұрғанымызда, біз закладкаларды көреміз, сол сияқты плагин. Айырмашылығы: Speed Dial – да әртүрлі функциялар бар: фон суретін қою, закладкалардың баған және қатар санын беру, көлемдерін өзгерту т.б. Өздеріңізге ыңғайлы жағына баптап алсаңыздар болады. Сілтемесі мұнда..




4. Eye Dropper — Бұл Chrome үшін арналған кеңейтілуі (расширение для Chrome), интернет бетіндегі кез-келген жеріне курсорды апарсаңыз, сол жердің түсін, анықтауға көмектеседі. Бұл әсіресе вебмастерлерге үшін қажет нарсе. Сілтемесі мұнда..





5. MeasureIt — Бұл кеңейтілуді қосқанымызда бізге кез-келген веб беттегі элементті өлшеуімізге мүмкіндік береді. Бұл соңғы кездері ашылмай қалды. Себебі белгісіз. Мүмкін сіздерде ашылып қалар. Сілтемесі мұнда..





6. BuiltWith — ағымдағы сайт жөніндегі ұзын тізім бойымен мәліметтерін шығарады. Қандай технология қолданылуда, Apache серверін және т.б… Сілтемесі мұнда..



7. Google Translate — Бұл кеңейтілу, интернеттегі барлық беттерді сіз таңдаған тілге, бір шерту арқылы аударып береді. Өте ыңғайлы. Сілтемесі мұнда..



8. Translator — Бұл кеңейтілу, белгіленген мәтінді аударады немесе барлық бетті Google Translate арқылы да аударады. Өте ыңғайлы. Сілтемесі мұнда..



9. Date Today — Өз браузеріңізден ағымдағы уақыт пен датаны көрсетеді.
Сілтемесі мұнда..



10. Часы Chrome — Ағымдағы уақыт пен датаны көрсетіп қана қоймай, көптеген қызықты функциялары бар. Үш нәрсені біріктірген бірінші кеңейтілім болып табылады: Электронды + Chrome панелінде аналог түріндегі сағат + Desktop көмегімен сағат сайынғы ескертпелер. Өте ыңғайлы. Сілтемесі мұнда..



11. Checker Plus for Google Calendar — Бұл кеңейтілу сізге, Google Календарындағы оқиғалар уақытын(время событий) жылдам көруге мүмкіндік береді. Және де әртүрлі ескертулерді өзіңізге ыңғайлы түрін баптау (настройка) арқылы таңдай аласыз.
Сілтемесі мұнда..



12. Google Calendar Checker — Жақын арадағы оқиғаға дейін уақытты бақылап жүріңіз. Бірнеше календар қолдайды және батырманы басу арқылы таңдай аласыз. Сілтемесі мұнда..



13. AdBlock — Chrome-ның атақты кеңейтілуінің бірі 2 миллион қолданушысы бар. Интернеттің барлық жерінде рекламаларды бұғаттайды (блокирует). Сілтемесі мұнда..



14. PHP documentation — Php програмисттер үшін ыңғайлы кеңейтілу. PHP туралы іздегенін оңай табуына көмек береді. Ресми сайты PHP.net. Сілтемесі мұнда..



15. Turn Off the Lights — Видеоны көруге ыңғайлы етіп, веб беттің ішін кинотеатрдағыдай қараңғылатады. Сілтемесі мұнда..



16. Yandex Money Monitor — Яндекс счетіңіздегі ағымдағы (текущую сумму) ақша соммасын көрсетеді. Сілтемесі мұнда..



17. Калькулятор — JavaScript-те істелінген инженерлік калькулятор. Есептегенмен қоса сіз мұнда 2d графигін құрастыра аласыз. Сілтемесі мұнда..



18. LiveInternet — ашылып тұрған сайттың, LiveInternet бойынша рейтингісі мен статистикасын жылдам көруге арналған. Сілтемесі мұнда..



19. TwitterWatch Real Time Twitter Update — TwitterWatch плагині қолдануға өте ыңғайлы әрі қарапайым. Соңғы кездегі танымал болған Twitter микроблог сервисінде, көруге және твиттер тастауына арналған. Өте ыңғайлы. Сілтемесі мұнда..



20. Facebook for Chrome — Facebook-тің Chrome-ға арналған ең жақсы кеңейтілімі. Әртүрлі қызықты функциясы бар плагин. Facebook-тің функцияларына тікелей браузеріңізден жеңіл қол жеткізе аласыз. Өте ыңғайлы. Сілтемесі мұнда..



21. Firebug Lite для Google Chrome — веб программисттер үшін таптырмайтың құрал. Кез-келген сайттардағы CSS немесе HTML файлдарды алдын ала реттеуге, жазылған скрипттер мен сайттардағы қателіктерді (bug) іздеуге арналған плагин. Бұл Firebug Lite құралын жай ғана Firebug -қа теңестіруге болмайды. Себебі Firebug Lite-та визуалды жағынан көрсетуі дамыган.Тағы HTML элементтерін тышқан арқылы тексеру сияқты қосымша қызықты функциялары бар. Cілтемесі мұнда..



22. Layers Facebook, Twitter, RSS — Слойлар көмегімен сіз барлық жаңалықтарыңызды көре аласыз және де фейсбук пен твиттер сияқты социалдық ағымдармен теледидардың каналдарын оңай ауыстырғандай жеңіл бір жерде бақылап отырасыз. Қосымша сіз әртүрлі сайттардың RSS каналдарын қосып бақылай аласыз. Өте ыңғайлы. Сілтемесі мұнда..
Егер сіз соңғы кеңейтілім Layers Facebook, Twitter, RSS ті орнатып, өз браузеріңізден таппай қоса алмай жатқан болсаңыз, онда мына қадамды орындайық. Сізге закладкалар панелінде мынадай сілтемесін


орнатып алғаныңыз жеңіл болады. Ол үшін:
1. Мына сілтемеге сілтеме мұнда өтеміз.
2. Жасыл батырма «Запустить» -ті басамыз. Жаңа тереземен ашылуы тиіс.
3. Келесі суретке сай, жұлдызшаны басу арқылы закладкалар панеліне сақтаймыз. «Папка» деген жерге «панель закладок» дегенді белгілеуді ұмытпайық. Себебі сілтемесі панел закладкасында көз алдында тұрған ыңғайлы, басқа жерге қоюда өз еркілеріңізде. Осымен бітті.





5 пікір

Azamat
Google Chrome-ді пайдаланатын юзерлерге бұл пост өте пайдалы екен!
MSHERIMBEK
Хром дәл қазір серфинг бағытында дес бермей келе жатыр ғой!
beko
23. Яндекстің «Визуальные Закладки» атты кеңейтілімі. Интернетте көп отыратын және де Google Chrome браузерін қолданатын адамдарға арналған. Бұл дегеніңіз, жаңа вкладка ашарда, бір сайтқа кіргіңіз келді делік, жиі кіретін сайтыңызға басу арқылы сол сайтқа жылдам өте аласыз. Өте көп баптауы бар, өте ыңғайлы, керекті кеңейтілім.Сілтемесі мұнда.

followme_alik
Орнату 3 секундымды алды. Рахмет.)
beko
Сол сіздерге көмегі тисе қунамыз ғой. Ал негізінде осы жоғарыдағы кеңейтілімдерді, жинауға охоооо біршама күндер кеткен тұғын. Қазірдің өзінде анда-санда біршама жаңартып тұрамын.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.