RSS арқылы интернеттегі сайттардан хабардар болу...

Интернет қолданушы үшін /
RSS арқылы интернеттегі сайттардан хабардар болу...


RSS арқылы интернеттегі сайттардан хабардар болу...

RSS арқылы интернеттегі сайттардан хабардар болу.

Ит адамның досы демекші, ал интернетте RSS әртүрлі сайттардардан сізге бір жерде біріктіріп көмектеседі. Интернеттің әртүрлі беттерінен өзіңнің таңдаулы тақырыбындағы ( мыс: бизнес жайында, өз салаңа қатысты тақырыптар т.б.), сол сайттардан тікелей бір жерде хабардар болуға мәліметтерді біріктіру жағынан таптырмайтын нарсе.


RSS-каналына қалай жазылуға болады?

1. RSS каналдарына жазылмастан бұрын, бізге RSS ті көруге болатын браузеріңізге сай келетін плагин, не болмаса компьютерлік бағдарлама орнатуымыз керек.

1.1 Таңдаулы компьютерлік бағдарламалар:
FeedReader — Жаңалықтардың блоктарымен оқуға және басқаруға жақсы бағдарлама.
Ресми сайты: www.feedreader.com/
FeedDemon — Сайттардан RSS және XML файлдарындағы жаңалықтарды алуға және өңдеуге мүмкіндік беретін атақты бағдарлама.
Ресми сайты: www.feeddemon.com/
SeaMonkey — веб-браузер, HTML-редактор, RSS агрегаторы, почталық бағдарламажәне IRC-клиент осылардың барлығы бір пакеттің ішінде.
Ресми сайты: www.seamonkey-project.org/
Omea Reader —Тегін агрегатор RSS, электрондық почта, интернет – пейджерлерден келетін хабарламалар және NNTP.
Ресми сайты: www.jetbrains.com/omea/reader/
BlogBridge —Блогтар мен сайттардың жаңалықтарын оқуға ыңғайлы функциясын ұсынатын RSS лентасының агрегаторы.
Ресми сайты: www.blogbridge.com/

1.2 Браузеріңізге арналған баптаулар.

Егер сіздің браузеріңіз Google Chrome болса, онда мына сілтемемен өтіп Cілтеме мұнда, Chrome-ға арналған 22-нші «Layers Facebook Twitter RSS» плагинін орнатып қолдансаңыз болады.

Егер сіздің браузеріңіз Mozilla Firefox болса, онда мына сілтемемен Cілтеме мұнда өтіп керекті плагинді орнатсаңыз болады.

Егер сіздің браузеріңіз Opera болса, онда мына сілтемемен Cілтеме мұнда өтіп керекті плагинді орнатсаңыз болады.

Өз тәжірибеме сүйенсем, Google Chrome браузерін қолдануға кеңес беремін, Mozilla Firefox та жаман емес.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.