uCoz веб-сервисінде жасалған сайттың + және - жақтары

ucoz
Бұл тақырыпта uCoz-дан жасалған сайттың жақсы жағымен нашар жағын қарастырамыз.

Жақсы жақтары:
Тегін хостинг. Айына қалтаңыздан қаражат шығарып керек емес, яғни сізге толықтай тегін беріледі. Хостингтен 400МЬ бос орын береді бастапқыға жаман емес.Басқару панеліде
оңай бір шолып шықсаңыз жеткілікті.
Өзімен бірге келетін стандартты 100-ден аса шаблоны бар. Және оны кез-келген уақытта реттеп (Редактировать) етуге болады. UTF аудармаларынан ешқандай қиындық туғызбайды.
Қосымша модулдері бар магазин, блог, Гостевая книга, Каталог сайтов тағы басқалары. Одан қалса ғаламторда ucoz-ға арналған қосымшалардан көп нәрсе жоқ.

Нашар жақтары:
Жарнама.Яғни сайтты ашқаннан кейін өзімен бірге келетін жарнамасы жоғары жақта бұрышта тұрады. Шамамен ол жарнаманы алып тастау үшін айына 500 тенгедей төлеу қажет.
Және астыңғы жағында тағы орналасады оны алу үшін ақша төлеу керек. Және көп адамдар ucoz-ды жақтыра бермейді)

Сонымен шығатын қорытынды.
Көріп отқандарыңыздай ucoz-дын жақсы жақтары көп.БІРАҚ сіз жарнаманы алып тастайтын қаражатқа жақсы хостинг сатып алып оданда жақсы қылып жасай аласыз.Ол кезде сізді
ешқандай жарнама мазаламайды.Бұл жерде барлық мәселе қаражатқа тіреліп тұрған жоқ бірақ ucoz Нашар)))

17 пікір

Nurbagit
Сайттан хабары бар адамдар болса Ucoz-ды жақтырмауы мүмкін)
Бірақ көп адамдардын шығатын жері сол UCOZ)
MSHERIMBEK
Жақсы жазыпсың:) Осындай обзорларды жаза түс:)
Жігіттер жасап жүруші еді.
ereke_enu
Кеше бір күндері көргем сонда бір сайт жасап. Бәрі тамаша: блог, форум, гостевая, т.б. кез келген функционал қосуға болады. Тек жарнамаларды алып тастау үшін қанша ақша төлеу керектігі жайында ақпаратты таппадым. Мүмкіндік болса, бүкіл жарнаманы алып тастау үшін қанша ақша төлеу керектігін жазып жібермейсіз ба? 500тг ғана болса, норма ғой)
aikedoku
Бауырым, бір айға 500 теңге деген ол бір жылға 6000 теңге болады ғой. Ол ақшаға домен мен хостингты бірге сатып ала аласың бір жылға!
ereke_enu
Юкозыңа Рахмет!!! )
Nurbagit
Бұл жерде 12 айға яғни 1 жылға есептеліп тұр!
ereke_enu
Солай ма? Жылына 32,29$ төлеуге болады
Sabions
мен сонау 2008ші жылы ең алғаш укоздан бір сайт ашқан едім, келесі күні жаптым ") дым түсінбедім укозға… көбіне idhostтың хостингін пайдаланғанмын. Қарасақалдың берген 2 сайтын пайдаландым… кейбір адамдар таң қалады. басқа басқа укозды қалай білмейсің деп… но укоз миыма қонбайды… ниет жоқ болған соң ба… жалпы менің де укоздағы жарнамаға жыным келеді… барынша укозға жоламауға тырысамын
hunter94
сендерді білмейм өз басым юкозбен жұмыс жасайм идхостқа дым түсінген жоқпын юкозбен сайт ашу үшін тышқанды бір рет басып сұрағанын бере бересің
aikedoku
Мен өзім юкозды жақтырмаймын) Тышқанды бір рет басып кез келген отырған 8 жасар кішкентай балалар да аша алады. Юкоз деген өзі-ақ айтып тұр ғой «детский конструктор» деп, жәй әншейін кішкентайлардың ойыншығы))
alibek94
Барлығымыз алғаш сайты сол юкоздан аштыққой +5 юкозға қаншама движоктан көрі юкоздың әлі күнге дейін артықшылығы көп маған тек мегалайнға трафик кететіні болмаса айтпакшы менде сол юкоздың жарнамасын ап тастайтын код бар еді естен шығып тұр!
Segizseri
Юкоздын бір пайдасы ол берген хостингке файыл салып қойып сақтауға болады, сілтемесін басқа сайттан бере бересің жүктеуге.
Nurbagit
ereke_enu
төлеуге болғанда оның ішіне доменді қосыңыз әрине ауыстыратын болсаңыз

alibek94
оны салсан 4-5 сағаттан кейін НАРУШЕНИЯ ПРАВИЛА деп жауып тастайды

Segizseri
Олай болады бірақ ол сайтта поситител кірушілер болмаса белгілі уақыттан кейін сайтты автоматты түрде жауып тастайды
EREIMEN
Мында тек Юкоздың жаулары жиналған ба? әлде баралығы аналарынан туғанда сайт ашуды оқып туған ба? жоқ олай емес меніңше сайтты тек программистер ашу деген қате түсінік, өнерге әркімнің де бар таласы демей ме? әр адам өз шамасынша сайтын ашсын дамытсын, сонда халық өзіне керектісін талдап алатын болады.
qwenchi
Мында тек Юкоздың жаулары жиналған ба? әлде баралығы аналарынан туғанда сайт ашуды оқып туған ба?

Сайт ашудың жалғыз жолы укоз ба, сонда?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.