Интернет магазин арқылы зат сатып алған тиімді ме? Немесе мен қалай интернет арқылы тауар сатып алдым. [ebay.com,amazon.com,alser.kz т.б.]

Интернет қолданушы үшін /
11 фото
Бұл жай тақырып үшін алынған сурет
Бұл жай тақырып үшін алынған сурет
Сонымен интернет магазин дегеніміз — интернеттегі өзінің немесе басқа адамдардың тауарларын тікелей немесе аукцион ретінде ұсынатын сайт.

Күнделікті өміріміздегі магазиннен зат сатып алудың айырмашылығы және ең бастысы ол уақыт үнемдеу, ақша үнемдеу т.б. толығырақ төменде айтып өтеміз. Сонымен қатар оның сервистері көп және ол магазиндерде тек онлайн магазин ашқан адам ғана емес сонымен қатар қарапайым халықта ақша таба алады. Ол енді басқа, қазір тақырыптан ауытқымайық.

Енді оларға келтірілген (танымал деген)мысал сайттар:
Қазақстандық сайттардан: alser.kz, logycom.kz, slando.kz(жаңа), allegro.kz т.б.
Шет елдік сайттардан: ebay.com, amazon.com т.б.

Сұрақ: Интернет магазин арқылы зат сатып алған тиімді ме?
Жауап: Тиімді жағы көбірек.


Тиімді баға жағынан, тиімді уақыт үнемдеу жағынан т.б. сонымен қатар ұнамсыз жағы да жоқ емес. Өніңдегідей таңдау жасамайсың, мысалы киім болса киіп, оның қалай тұратынын көріп, ал басқа техника болса, оның қалай жұмыс жасайтынын, т.б. Ал егер онлайн алған тауарыңыз ойдағыдай шықпаса, оны қайта жіберіп, басқасын алуға да уақыт кетеді. Сондықтан тауар таңдағанда өте ұқыпты болған жөн!

Негізінде(көп жағдайда) интернет магазиндерде арзан болады (бағасы әркезде әртүрлі пайызда, сонымен қатар мен барлық инт.магазиндерді айтпадым, айтқаным сондағы ең үлкені ebay.com мен amazon.com) бірақ кейде қолыңызға жетем дегенше өз тұрғылықты жеріңіздің бағасына таяп қалады. Ал кейде асып та кетеді, сондықтан бәріне де мән берген жөн. Міндетті түрде келуге дейін бәрін есептеген жөн, білмегенді тауар егесімен байланысып немесе сайттың қолдау орталығымен сұраған жөн.

Оданда мен де қалай болғанын айта кетейін:
Мен өзімнің нетбукіме(ноутбуктің кішісі) батарейкасын іздеген болатынмын. Шымкент қаласындағы Эврика магазинінде оны тапсырыспен (заказ) 24 000 теңгеге (басқа магазиннен жақсылап іздегенде 12-16 мыңнан табылып қалуы мүмкін) аралығында 1-1,5 айда әкеліп береміз деді.
Сонымен басқа жолын іздеп, eBayToday.ru сайты арқылы алуға бел будым. Ол сайт басқа интернет магазиндермен сізге делдал болатын сайт. Қанша өзіне тиесілі етеді? енді оны төменде біле аласыздар…
eBayToday.ru сайттының мені қызықтырғаны олар:
1. webmoney(интернет кашелек) арқылы ақша қабылдайтыны
2. сайт орыс тілінде(өзіме түсінікті)
3. онымен қоса қолдау орталығы жақсы қызмет көрсететіні қызықтырды.
Интернет магазиннен мен алған делдал сайты арқылы алу, ешқандай біреудің көмегінсіз, көп нәрсе білмей тұрып бірінші мәрте алмақшы болған адамға оңай екенін айтып өтейін. Сіз егер еш білмесеңіз, кем дегенде ақша аудару жағын білгеніңіз жөн, немесе басқа адамдар арқылы аудартқызсаңыз болады, ал қалғаны өзіңіз ақ істейсіз деп ойлаймын егер әрине егер жеткілікті сауатыңыз бар болса.

Сонымен батарейка 4200(28$) теңгеге ebay сайтынан табылды. Webmoney арқылы ақшасын төлеп, сол сәттен олар(делдал) бір күннің ішінде АҚШ-тағы қоймаларына(складтарына) әкелді, одан мен оны орау тәсілін, қандай тәсілмен акелу керектігін(кеме, ұшақ т.б.), мекенжай, т.б. толтырдым. Сосын бір күнге толмай олар мен айтқанды дайындап жолға аттандырды. Осы сияқты тауармен не болып жатқанын eBayToday.ru сайтындағы өз аккаунтыңызда бақылай аласыз.

Маған тауар 18 күн 17 сағатта жетті. Негізінде 17 күн 17 сағ, себебі шымкент қаласының почта бөлімі менің мекенжайымды таба алмапты, содан қоңырау шалып хабарласты, сұрағаным бойынша осыған тура келді(17 күн 17 сағ).

Қорытынды:
— Нағыз тауар бағасы 4200т(28$)
— Делдалдың комиссиясы 1200т(10$)
— Жеткізуге (11$)
Тауарға менен бәрін есептегенде 7350(49$)+4$(шамалағандағы webmoney комиссиясы) = 7950 теңгедей кетті. Менің жағдайымда уақыт пен ақша үнемдедім.

Сонымен делдалдың(eBayToday сайтының)ыңғайлысы, бірінші зат алып отқан адамға(егер тікелей алу жолын білмесе), және әр магазиннен, әр қаладан складқа жинап қойып, алар заттарыңның бәрін бір жолата жіберуге(яғни алуға) ыңғайлы екенін ұқтым. Бірақ складта да тауарыңыз тегін(күндік ақшасы бар) жатпайтынында ескерген жөн.


Қосымша сілтемелер:
[balgalym.aitaber.kz]Ebay-ден қалай сатып алу керек? Сілтемесі мұнда
[surak-zhauap.kz]Интернет арқылы тапсырыспен сауда жасаған адамдар бар ма екен араларыңызда? Сілтемесі мұнда
[shophelp.ru]Почему выгодно покупать в интернет-магазине?Сілтемесі мұнда
[otvety.google.ru]Покупки в интернет-магазинах. Выгодно или опасно? Где покупать, а где нет и почему?Сілтемесі мұнда

Өкінішке орай бар жазғаным осы, мүмкін сіздердің жазған пікірлеріңізбен еске түсіріп айта жатармын.
Қанекей былай жасайықшы, әркім өзінің алған заттарымен, өз ойымен бөлісейікші. Айтабероқырмандарына нұр үстіне нұр болар еді.
Мысалы қысқаша айта кетсеңіз:
Интернет арқылы не заттар алдыңыз?
Қай сайт арқылы?
Осымен неше мәрте алуыңыз?
Неше уақытта келді?
Заттар көңіліңіздер шықты ма?
Жалпы интернет арқылы зат алудың оң, теріс пікіріңіз.
Мүмкін болса, суретімен. Қане? Бөлісе отырайық айтабершілер ))

Төменде суреттер енгіздім мүмкін керек болар деп.
АЛ, ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ОЙДАҒЫДАЙ САУДА ЖАСАУЛАРЫҢЫЗҒА СӘТТІЛІК!
Құрметпен,
Жарылқасын Берікбол.

11 сурет

  • Мынау сіздерге айтқан нетбукім(samsung n140)
  • Бұл eBayToday.ru сайтындағы аккаунтым. Тауарымның келгенін оларға хабарламақшымын. Суреттің астыңғы бөлігі келе суреттерде.
  • Бұл жерде менің тауарыммен не болып жатқанын бақылаудамын. Қазір тауарды орап(упаковка) жіберуге дауындауда.
  • Мынау, оларға хабарлап, қалай жеткені туралы т.б. ойымды білдіртіп жібермек кезім. (астыңғы бөлігі)
  • Ал енді тауарды сапалы орап па екен бақылайық...
  • Бастапқы көрінісі
  • Тәәк, бетіндегі салафанды алдық, оның ішінен қағаз пакетке салыпты. Дұрыс екен!
  • Қағаз пакет ішінен сақтағыш пақылдатқыш салафонмен тағы орапты, байқасаңыздар қағаз пакеттің ішкі жағында да тағы бар екен.
  • Оның ішінен машалкамен тығыздалып салынғаны көрініп тұр
  • Мынау енді айтқан батаейкамның бейнесі
  • Бұл жай тақырып үшін алынған сурет

14 пікір

Sabions
ооо маған керек нәрсе, кә оқып шығайын
Sabions
товар алдыртқан кезде, товардың салмағының доставкаға қатысы бар ма? мысалы үшіін… імм гантель алдыртатын болсам дейм дә просто…
beko
товар салмағының доставкаға қатысы бар ма?
Әкелу уақытына ма? әлде ақшасына ма?
Мейлі қайсысы болсын, осы екі сұрақ экспорттарға қойылды, жауабы екі күн ішінде келу керек.
Ал, менің нағыз жауабым екеуіне де қатысы бар!
beko
Кешегі қойған сұрағыңызға жауабы да келді, мінекей тікелей өзіңіз тамашалаңыз…
Qarabala_95
Сландо.кз сайты жайлы жазып жжіберсеңдер білетіндерің!
qyrmyzy
воо, керемет. Киім алғым келіп жүр, алғандар бар ма екен?
Sabions
воо шыны керек мен де киім ала алмай жүрм инет-магазиннен
qyrmyzy
Алған батарейкаң қанша уақытқа жетеді екен? Маған да алу керек
beko
Батарейка нетбуктердікі кәдімгі ноутбуктен көпке шыдайтынын ескерген жөн.
Алғашқы өзінікі максимал 8 сағатта жететін еді, ал мынау басында 2,5 сағат, сосын жұмыс істей бергесін бе көбейіп жатыр. Соңғы алғаным қытайда жасалынған. Соған байланысты қытайлық белгілерінде анда-санда көрсетіп жүр(қашанға дейін көрсететінін оның), мысалы кейде батарейка құрамында тоқ жоқ деп өшіп қалады немесе ток 80 пайыздан жоғары көтерілмеу деген сияқты. Тағы да айта кетейін сирек кездеседі бұл жағдай бірақ кездескен. Сондықтан қытайда жасалынғанын алмаған жөн ау немесе дәл ауыстырмаса болмайтындай бірнәрсе көрінсе міндетті түрде уақытты созбай қайта жіберген жөн.
Qarabala_95
BArin jattap alipsizgoi tegi bilesizgoi iagni sizde sondai saittar bar au wamasi
Korkem
нағыз маған керек пост
balgalym
бұл жерге не қосарымды да білмей отырмын, айтқым келгені инетте сауда жасауға қорықпау керек. Бірақ делдал арқылы емес, тікелей жұмыс істеу керек.
Біраз тауар алдым, барлығын есептегенде 2000$ жақын боп қалд. Ең қымбаттары сервер, 2 сотка, тағы майда-шүйделер. Ең адал сатушылар ибейде, барлық жағынан көмекке дайын. Сынып келсе қайта жіберед, келмсе ақшасын өтейд, қысқасы ибей ғой ең жақсы инет дүкен :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.