Дұрыс домен таңдай білу



Сайт ашарда домен таңдау ең басты нәрселердің бірі болып табылады. Оны кейін өзгерте алмайсыз (өзгертуге болады бірақ көп нәрсе жоғалтасыз іздеу жүйелерінен индексатция,
внешнный ссылка, қолданушылар тағы басқалары) осы тақырыпта домен таңдауда қолайлыда пайдалы жақтарын қарастырамыз.

1.Бос болу
Алатын доменнің бос болуын толықтай тексеріп алыңыз.Сіз алғалы тұрған домен бос болмаса яғни қолданыс үстінде болса оны тіркеу мүмкін болмайды.Доменнің халін
whois-service.ru осы сервис арқылы тексеруге болады.

2.Тематика
Бұл домен таңдаудағы ең басты нәрсе.Мысалы сіз жеке блог ашқыңыз келсе оған өзіңіз есіміңізді немесе қолданатын нигті пайдаланған жөн мысалы aitaber сайттының домені
softportal болса сайт қолданушыларына да басқа үшінде жақсы әсер қалдырмайды.

3.Қысқа және жатталуы оңай
Қысқа домен болса, жатталуы да оңай болады. Іздеу жүйелеріде қысқа доменді жақсы индексироват етеді.Домен атауы арасында символдар болмағаны жақсы (дефис, сандар)
Мысалы:Brcwr.com домен атауы қысқа бірақ жаттап алу қиын. Сол себептен қысқада нұсқа домен таңдау керек.

4.Домендік зона
Дұрыс домендік зонаны таңдай біліңіз. Егер сіз Қазақстандық болсаңыз-.kz Россия-.ru Украина-.ua тағы басқалары. Бұлда домен таңдаудағы басты ерекшеліктері болып табылады.
Кейбір қолданушылар басында .ru доменін алып соңынан .kz ауыстрамыз дейді бұл жағдайда жоғарыда көрсеткендей көп нәрсе жоғалтасыз. Мысалы Aitaber.kz яғни бұл сайт
Қазақстандық екенін сайт қолданушыларыда қазақстандық екенін білдіреді. Ал егер Aitaber.ru болатын болса қолданушылар арасында түсініспеушіліктер пайда болады.

5.Кілт сөз
Бұл аса бір маңызды факторларынын бірі емес бірақ мүмкіндік болса солай жасаған жақсы. Мысалы сіз кино сайт ашатын болсаңыз kino.kz бағдарламаға арналған сайт ашқыңыз келсе, онда soft.kz деген сияқты.

6.Қателік
Домен атауынын қателік жібермеуге тырысыңыз. Бұл көп нәрсені аңғартады.Мысалы aiteber.kz домені aitber.kz болса қолданушыларға да басқалар үшін де жақсы әсер қалдырмайды)

7.Домендік деңгей
2-ші деңгейлі(яғни ucoz.kz) домен алуға тырысыңыз бұл барлық жағынан жақсы. 2-ші деңгейлі доменге осы кіріп отқан сайтыңызды жатқызуға болады. Кейбір тегін хостинг беретін компаниялар мысалы ucoz өзімен бірге домендер ұсынуы мүмкін, бұл 3-ші дейгейлі домен болып саналады(яғни kazakhstan.ucoz.kz). Бұны, іздеу жүйелеріде жақтырмайды және жатталуы қиын қолданушыларда сайтқа салғырт қарайды.

8.Домен жасы
Бұл жерде айтқымыз келіп отырғаны кейбір қолданушылар арзан олжаға кезіккісі келіп бұрын тіркеуде болған доменді қайта тіркеп алады яғни бұл жерде мақсаты іздеу жүйесінде
ТИЦ PR жақсы болуы бірақ бұл көбіне сан соқтыруға алып келеді. Бұндай домендер АГС (АНТИ ГАВНО САЙТ) түсіп қалады. Бұндай домендер болашағы болуы екіталай.

Осыдан шығатын қорытынды.
Домен атауы жатталуы оңай айтылуыда оңай болу керек. Домен тематикасы ашқалы отқан сайтыңа сәйкес болу керек. Мүмкіндік болғанша 2 дейгейлі домен алыңыз және қателік
жібермеңіз. Алғалы отқан доменің бұрын соңды қолданыста болмағанын тексеріп алыңыз.

1 пікір

KILYZAMAN
Домендік аукционда ашып алатын пенделер табылар әлі… Адамнан айла артылғанба ;-)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.