↑ Жоғары шығу
PSNet, developing for LiveStreet CMS
25 шілде 2012

"Мой Мир" туралы аз кем мәліметтер



“Мой Мир” жұмыс істей бастаған уақыты 17 мамыр 2007 жыл
URL: my.mail.ru
Сайттың типі: коммерциялық
Тіркелуі: талап етіледі
Басқарушысы Mail.ru Group

Мой мир@mail.ru орыс тілді mail.ru негізгі порталындағы қолданушыларды біріктіретін әлеуметтік желі. “Мой мир” порталында 40 млн-нан астам профайлдер тіркелген, 300 мыңнан аса адам үнемі “онлайн” статусында отырады.
Басқа да әлеуметтік желілер секілді “Мой мир” жобасының негізгі мақсаты сыныптастарыңды, таныстарыңды, әріптестерді, достарды және туыстарыңды іздеуге көмектесу.Мұнда жеке хабарламалар арқылы қарым-қатынас жасауға, бір-біріне виртуалды сыйлықтар жасауға (өкінішке орай ақылы), эмоцияңды білдіруге және құпия сырларыңмен бөлісуге болады, сондай-ақ өз фотографияларың мен бейнероликтеріңді салуға, жеке блогыңды құруға және өзге қатысушылардың блоктарын оқуға болады және де музыка жүктеуге, тыңдауға мүмкіндік бар.Және де “Мой Мир”- де сіздің достарыңыз не істеп жатқанын біле аласыз, бұл үшін арнайы оқиғалар лентасы бар.
“Мой Мир” жобасының ұраны: “Сіздің достарыңыз, курстастарыңыз және сыныптастарыңыз әрқашан сізбен байланыста”!
Мой Мир сайтына тіркелу оңай, ол үшін бар болғаны Mail.ru-дің тегін поштасына тіркелсеңіз болғаны.
Тарихы
2007 жыл
17 мамырда “Мой Мир” әлеуметтік желісі өз жұмысын бастады.Бұл жоба бір жерге қолданушы және оған қатысты түгел контент жайлы, сондай-ақ mail.ru-дың өзге порталдарында құрылған өзге де контенттерді және ақпараттарды біріктірді. Ең алғашында алғашқы бетте блогтағы соңғы жазбалар,, фотоальбомдар, бейне альбомдар, қолданушының Ответы@mail.ru жобасындағы әрекеттері және қонақ кітапшасы (гостевая книга) тұратын еді.
12 желтоқсанда WAP-нұсқасы ашылды. Бұл оригиналды сайттың аз функциялы кішірейтілген нұсқасы еді, оның мынандай функциялар болды: достар тізімін көру, хабарламалар жіберу, достардың жаңа әрекеттері жайлы қарау.Сол уақытта Мой мир@mail.ru- да 5 миллионнан аса қолданушы болды.
2008 жыл
3 наурызда қатысушылар саны 10 миллионға жетті. Жобаның аудиториясы күнделікті түрде 1,5 млн-ға жуық қолданушы болды.
14 мамырда “Мой Мир” Рунеттің OpenSocial стандартын қолдайтын бірінші әлеуметтік желі мәртебесіне ие болды.Енді басқа да жасаушылар әлеуметік желі үшін қосымшалар (приложение) құруға мүмкіндік алды.
Өздерін ұлттық әлеуметтік желі деп атаған “Мой Мир” әлеуметтік желісі осы жылы “СТС зажигает звезду” музыкалық ТВ-шоуының серіктесі болды.
24 қазанда 25-миллионыншы қолданушы тіркелді.
2009 жыл
“Мой Мир@mail.ru” Рунеттің алғашқы рет тек Flash базасында ғана емес, өзге де базаларды қолдай алатын алғашқы әлеуметтік желісі болды. Iframe қолдауының арқасында HTML-ды генерирлеуге мүмкіндік беретін кез келген технологияны қолдануға болатын болды.OpenSocial қолданбалы программалау интерфейсі де қолданыла алатын болды.
2010 жыл
“ВКонтакте”, “Мой Мир@mail.ru” және “Мир Тесен” әлеуметтік желілерінде лицензиялық видеолардың сатылымы басталды.
2011 жыл
2011 жылдың 12 қыркүйегінде есептік жазбаны (учетная запись) мобильді телефон арқылы растағаннан кейін барып қана сервистің барлық функциясын қолдану мүмкін болды.Бұл өз кезегінде профильдердің бұзылуын айтарлықтай азайтты (себебі құпия сөзді ауыстыру үшін енді аккаунттың иесіне СМС арқылы жіберілетін арнайы коды талап етілетін болды.)
Мәліметтерді орыс тілді ru.wikipedia.org /wiki/Мой_мир@Mail.ru сайтынан қазақша аударып сіздерге ұсынған — Мади.Рахмет.
?

Пікірлер:15

avatar
Жақсы аударма, Мәке))
Қазақ Уикипедиасын дамыту мақсатында мына сілтемеге өтіп мына аударманы сол жаққа қосып қойсаң пайдалы болатын еді:)
Ассалаумағалейкум.
Сол Википедияны кнопкаларын онша түсіне бермеймін.Бытықи шытықилары көп екен.
avatar
Қарсы болмасаң өзім енгізіп қоя салайын. Аудармашыға Айтабердегі профиліңе сілтеме беріп қоямын))
жәрәйт.
avatar
  • Abylai
  • 25 шілде 2012, 19:42
  • 0
Мәке қайта қош келдің.
avatar
  • qyrmyzy
  • 25 шілде 2012, 19:19
  • 0
уау, Мәдиииииииии, сәлем! Қалың қалай? Айтқандай, қош келдің! Жоғалып кеттің ғой?!:(
жақсы, шүкір. Дипломың құтты болсын!Өзің қалай?
Пікір 2021-07-25 19:33:45 күні Oner_adamy тарапынан түзетілді
avatar
  • qyrmyzy
  • 25 шілде 2012, 19:35
  • 0
Жақсыыы, рахмет)
avatar
Это Мой Мир
  • Ais_97
  • 25 шілде 2012, 20:12
  • 0
Жарайсыз аудармаңыз жақсы шығыпты!
Ұраны ақтады өзін )) Жақсы ақпарат ұсындың.
p.s… ВК- П.Дуров. Ал Mail.ru — кім?.. білгім келіп жүр )
avatar
Өзбек жігіттер:)
avatar
  • qyrmyzy
  • 26 шілде 2012, 00:21
  • 0
  • rauan
  • 26 шілде 2012, 01:07
  • +1

нептему кетті ма? :((
avatar
ыптему:)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.