Lenovo Қазақстанда кеңсесін ашты

Интернет қолданушы үшін /
24-шілдеде Lenovo компаниясы Алматыда Орта Азиядағы алғашқы кеңсесін ашты. Қазақстандағы кеңсесі Ресей мен Украинадан кейінгі ашылған үшіншісі. Компания өкілдерінің айтуы бойынша, бұл кеңсе Орта Азиядағы маркетинг пен сатылым жөніндегі жұмыстарға жауап беретін болады.



Lenovoның Қазақстанға келгеніне 2 жыл болса да тауар түрлері аз. Компания өкілдерінің айтуынша, осы жылдың аяғына дейін Windows 8ге негізделген планшеттері, келер жылы андройд платформалы смартфондары сатылымға шықпақ.



Виктор Жан қолындағы қара түсті ноутбуг, ал сары түсті (дальтоник емеспін) планшет+нетбук (екеуі бірде).

«Леново Қытайда телефон, ал Ресейде моноблок сатылымдары бойынша бірінші орынды иеленеді. Ал 7 жыл ішінде әлемде тауар сатылымы бойынша 2-орында» — дейді басшылары.

Компания Қазақстанға әртүрлі моделді ПК, моноблоктар, ноутбуг, планшеттермен қатар, ультрабук пен смартфондар легін ұсынатын болады.



Көк түсті раушан гүлінің әдемі болатынын білмеппін:

10 пікір

MSHERIMBEK
Жетем саған Lenovo Ультрабууууууууук;)))
qyrmyzy
Сені іздеп арманым, Шымкентті шарладым ©
erke_ky3
Әлем бойынша екінші орында дегеніне онша сене қоймадым, бірақ сатушының мақтауынан кейін HP емес дәл осы Lenovo-ны сатып алдым. Жаман емес. ҰНАДЫ :))
qyrmyzy
Білмим ғҮӘ. Леново ноутбугын алған еді құрбым, күшті клавына шаңсорғыш орнатылған екен
followme_alik
боялған раушан ©
Lenovo… ендігі нысан. =)
жақсы ақпарат
MSHERIMBEK
Ультрабук, бырат, Ультрабук! Поверь мне;)
qyrmyzy
маған жәй сыйлаңызшы Алматыдамын: армандап отырмын:
qyrmyzy
сарғаймаса, қурамайды
qyrmyzy
Планшет+нетбук нысанамда
Chimaq
«Леново Қытайда телефон, ал Ресейде моноблок сатылымдары бойынша бірінші орынды иеленеді«Qytaida lvnevonyng telefonyn ustap jurgen adamdar biren saran,ote az keziged,biraq PC ,notebook syiaqtysy ote kop,okimet oryndary negizi kobi Lenovony qoldanad...oz uimdegi computerde Lenovo,baiqasam ainalamdaghy kisilerding uindegileride Lenovo eken…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.