"ВКонтакте" әлеуметтік желісі жайлы орыс тілді Уикипедиядан аударылған ақпараттар

Интернет қолданушы үшін /
ВКонтакте әлеуметтік желісінің логосы
URL:vk.com ( 2012 жылдың 26 қаңтарына дейін vkontakte.ru болған)
Сайт түрі :коммерциялық, әлеуметтік желі
Тіркелу түрі еркін түрде.
Тілдері: орыс, ағылшын тілі және 67 тілге локализация жасалынған.
Сервердің орналасқан жері:Ресейде.
Сайттың иелігі “ВКонтакте” ЖШҚ
Авторы: Павел Дуров
Жұмыс істей бастаған уақыты 2006 жылдың 10 қазаны.
Қаржы айналымы 2011 жылғы мәліметтер бойынша 152 млн $.
“ВКонтакте” — Рунеттің ірі әлеуметттік желісі, ол танымалдылығы бойынша Белоруссия аймағында екінші орында, Украинада үшінші орында, Қазақстанда алтыншы орында, ал әлемде танымалдылығы бойынша 60-орында.Ресурс алғашында Ресей студенттерінің және түлектерінің әлеуметтік желісі есебінде қызмет көрсеткен, кейін өздерін “желідегі қарым-қатынас құрудың қазіргі заманғы, жылдам және эстетикалық тәсілі” деп атай бастады.2012 жылдың қаңтарындағы мәліметтер бойынша “ВКонтакте”-нің күнделікті қамтитын аудиториясы — 35 млн-нан аса қолданушы.Бұл көрсеткіш “ВКонтакте”-нің Ресейдегі басты бәсекелесі “Одноклассники” әлеуметтік желісінің қамтыған аудиториясынан артық.

Сайт атауының тарихы

Бұл әлеуметтік желінің атауын таңдауға екі фактор әсер еткен:
1. Әлеуметтік желінің құрушысы Павел Дуров “Эхо Москвы” радиостансасының джинглы болып табылған “Ақпаратпен толығымен байланыста” (“В полном контакте с информацией”) сөз тіркесін негізге алып мағынасын тереңдеткен.
2. Әлеуметтік желінің атауын таңдау барысында әлеуметтік желі атауының әлеуметтік топтарды, класстарды біріктіретіндей болатындығы дұрыс деп шешілді. Бұған “контакт ” сөзі дөп келді.

Функционалдылығы
“ВКонтакте” қолданушыларына басқа әлеуметтік желілердегідей мынадай мүмкіндіктер тән:қолданушының өзі жайлы ақпаратымен бірге профиль құру, контентті тарату, қол жеткізу баптауларын ыңғайлы түрде басқару, басқа қолданушылармен жекелей түрде (жеке хабарламалар арқылы) және көпшілікке жария түрде (“қабырғаға” жазу арқылы) қарым-қатынас құру, жаңалықтар лентасы арқылы достар мен жазылған топтардың жаңалықтарын білу мүмкіндігі.
Сондай-ақ қолданушылар жарияланған контенттердің астына пікір қалдыра алады, сондай-ақ хабарламаға “фото”, аудиотректер және бейнежазбалар(сондай-ақ толық метражды фильмдер), граффити мен сауалнамалар “қыстыра” алады. Сайтқа қолданушы өзінің жеке жазбаларын жүктей алады және өзге қолданушылардың жүктеген файлдарын өз бетінде қолдана алуына мүмкіндігі бар.Бұл өз кезегінде “ВКонтакте” әлеуметтік желісін ең ірі медиа –архивтің бірі ретінде қалыптастырады.Қолданушы өз профилінде бейнежазбалар мен аудиотректерді жинап жеке коллекция құра алады.
Сайттың тарихы
2006 жылдың жаздың басында жобаның альфа –нұсқасы іске қосылды.Қыркүйектен бастап бета-нұсқасы сынақтан өте бастады.2006 жылдың 1 қазанында “ВКонтакте” ЖШҚ-нда vkontakte.ru домендік атауы тіркелді.Сайттың негізгі ресми құрылған мерзімі 2006 жылдың 10 қазаны болып есептеледі, осы кезде сайттың алғашқы функциялары пайда болды.Сол уақыттарда жобаға тіркелу жабық түрде болды: сайтқа қол жетімділік студенттердің бір-бірін шақыруы арқылы мүмкін болды және шынайы аты-жөндерін міндетті түрде көрсету талап етілді.
Қараша айының соңында қолданушылар сайтқа еркін тіркеле бастады, бұл өз кезегінде сайттың серверлік бөлігін модернизациялауды талап етті.
2007 жыл
2007 жылы “ВКонтакте” айтарлықтай танымалдылыққа ие болды.Ақпанның соңынан қарашаның ортасына дейін қолданушылар саны 100 мыңнан 3 млн-ға артты.Танымалдылығы бойынша Рунетте 2-орында, ал ТМД-да көшбасшы әлеуметтік желінің бірі болды (Қазақстанда 4-орын, Белоруссияда 7-орын, Украинада 10-орын).Сайт Рунет жүлдесіне халықтық дауыс беруде bash.org.ru веб сайтына жолын бере отырып, екінші орын алды.Осы жылы рейтинг жүйесі, видеохостинг, негізгі браузерлер үшін туулбар, аудиожазбалар сервисі және мобильді құрылғылар үшін компактті нұсқасы іске қосылды.
2008 жыл
“ВКонтакте” “Кәсіпқой контактілер” (“Профессиональные контакты” ) қызметін іске қосты, бұл қызмет қаржылық, құқықтық және IT-компаиялар үшін жоғары жалақылы қызметкерлерді іздеу үшін құрылған арнайы бөлім еді.
Ақпанда ұсыныстар мен пікірлер сервисі іске қосылды, Рейтингтің SMS арқылы дауыстарды жинайтын қайта өңделген жүйесі енгізілді, ал сайт интерфейсі енді украин тілінде де пайдаланыла алатын болды.Дәл осы уақыттарда alexa.com-ның деректері бойынша “ВКонтакте” әлеуметтік желісі Ресейдегі ең танымал интернет-ресурс болып танылды, ал Украина аймағында тек Google мен Mail.ru –ға ғана жол берді.Наурыз айында интернет ресурсты интернационализациялау жұмысы жайлы, сайттың WAP-нұсқасы және видео іздеу бойынша жаңа сервистің (“ВКадре.ру”) іске қосылғандығы хабарланды(бұл қызмет ашылу барысында 20 млн-нан аса бейнероликтер жинақталған еді).
Күлкі күні-1 сәуірде “В Союзе” “ностальгиялық” интерфейсі пайда болды, жаңа атаудың жанында балға мен орақ пайда болды, ал сөздік қоры, яғни лексикасы СССР дәуірінен алынды.
Сәуірдің басында әлеуметтік желіні 10 млн-нан аса адам қолданатындығы, күнделікті түрде 600 млн бет қаралатындығы жарияланды. “Сұрақтар” сервисі және сайтқа интерактивті flash-бағдарламалар қосуына мүмкіндік беретін “приложениелер” іске қосылды.
Ақпараттар орыс тілді Уикипедиядан аударылған.

1 пікір

Uleke
фэйзбуктың аудармасы секілді)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.