Гуглден ақпаратты қалай жылдам таба аламыз? Осы сұрақ мазаласа, осы мақаланы оқыңыз.



Алдыңғы мақаланың ізімен. Бұл мақаламда Google арқылы қалай жылдам ақпаратты табу жайында болмақ.
Интернет желісі – оны үлкен бір кітапхана десек болады. Ол кітапхана көптеген Интернет-сайттардан тұрады, миллиардтаған беттерден құралған. Сол миллиардтаған беттерді сүзігілеп, бізге қажетті ақпаратты тауып беретін осы іздеу машиналары болып табылады. Бірақ оны мейлінше дұрыс қолдану да, бізді қанағаттандыратын нәтижеге қол жеткізеді.

Меніңше алдыңғы мақаламда жазғандай Қазақ тілді интернет қолданушылары үшін ең тиімдісі Гуглды қолдану тиімдірек.
Мақаланы бастамас бұрын Google-дың мына ерекшеліктерін айта кетейін, себебі ол маңызды:
Google-да ақпарат іздегенде әріптердің үлкен, не кіші болғаны бәрібір. Қалай іздейміз? бен қалай іздейміз? -екеуінің айырмашылығы жоқ. Немесе ҚалАЙ ІЗДейміЗ? = қалай іздейміз? екеуінің айырмашылығы жоқ. Сондықтан еш қиналмасан қате жазбасаңыз болды, ақпаратты іздей берсеңіз болады.

Байқағанымдай көп таныстарым былай ақпаратты іздейді: "Дифференциалдық теңдеуді шешуде Гаусс әдісін қолданып барып шешу туралы ақпарат" деп іздеу батырмасын басады. Бұл өте дұрыс сұраныс емес. Тисінше нақтырақ ақпарат таппайсыз. Бұған қарағанда кілттік сөзді қолданып іздес қылсаңыз көп, әрі нақты ақпаратты табасыз. Мысалы былай іздеген тиімдірек: "Дифференциалдық теңдеу Гаусс әдісі" деп іздесеңіз толық, әрі нақты ақпарт табатыныңыз анық. Бұл жерде кілт сөз деп тұрғаным: Сіз іздемекші болып отқан сөйлемдегі нақты сөз. Олар бір сөйлемнің ішінен 4-5 нақты сөзді жазсаңыз, сол сіз іздегелі жатқан сөйлемнің арасындағы кілттік сөздер болып табылады.

Ақпарат іздегенде сізге Word құжатында жазылған ақпарат іздесеңіз кілттік сөздің соңында .doc немесе filetype:doc деп іздейтін болсаңыз, сізге мейлінше Word мәтіндік процессорында жазылған ақпаратты тауып беруге тырысады. Мысалы: Мына сілтемеге басыңыз. Жай қарапайым сұраныс. Ал мынау .doc деп қосып іздегендегі нәтиже.
Айырмашылық мынада.


Бұлардан бөлек ауа-райыны білуге болады. Ол үшін weather: Шымкент деп жазсаңыз болады. Нәтижесін мынаны шертіп көріңіз.

Ең бастысы ақпарат іздегенде толтырып сөлемді жазып шығу міндетті емес. Мейлінше қысқа, қажетті кілтті сөзді қолдансаңыз табатын ақпаратыңыз да көп болмақ. Тек дұрыс сұраныс жасасаңыз Гугл сізге қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуге тырысады. Гугл — ол мәшине, мәшинені қалай басқару ол сіздің қолыңызда. Дұрыс басқару, ол дұрыс сұраныс жасай білу.

p.s. Мен көп ойымды толықтырып жазғым келген, бірақ қырсық шалғыр ойым осыған ғана жетті. :) Алдағы уаықтта есіме түскендер болса толықтыра жатармын.

13 пікір

konvict
Бәрекелді. Қалған артықшылықтарын да жаза кет.
Ais_97
Керемет Админ +4 дауыс бердім!
yerbol89
Сәл түсініксіздеу болып тұрғаны? Қалай +4 бергендігің. :)
Ais_97
Админ ақпарат бергенің үшін +4 дауыс бердім!
Ais_97
Жарайды, жарайды, бірақ артық кетпеңіз! Рахмет!
ushkin
керемет қажетті ақпарат!
AL-ASTER
Постқа рахмет. Тағы ppt, mp3 деген де тіркес қосып іздегенде қажетті ақпарат береді
Сосын, бірнеше кілт сөз жазғанда, соған қатысты мақала тауып береді, ал нақты сол тіркес кездессін десеңіз, "Қалаған тіркестер болсын" тырнақшаға алғанда нақты осы тіркесті тауып береді (болса әрине). Бұл көбіне ән іздегенде жақсы.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.