Акинатор, балгер 80lvl

Интернет қолданушы үшін /
Білетін де шығарсыңдар, білмейтіндер біліп алсын деген мақсатпен мына бір сайтты назарларыңызға ұсынамы. Интернет Онлайн ойын, Акинатор деп аталады. Ойынның НАҚтылығы мен дәлдігіне таң қалмасқа шара жоқ. Біраз википедиядан аударып жаза кетейін:

«Акинатор» — 2007 жылы Арно Мегре мен Джефф Дел деген екі француз программисті жазған (алгоритімін, кодын, сайтын) интернет ойын. Ойын ойнау барысында ойыншы бір кейіпкерді ойлау керек, ал акинатор (ойынның басты кейіпкері) сұрақ қою арқылы ойыншының ойлаған кейіпкерін табу керек. Ойыншы шын кейіпкерді не ойдан шығарылған, виртуалды (ойыннан, мультфильмнен, кітаптан, шығармалардан, ертегілен кино, сериалдардан алынған) кейіпкерлерді, жан жануарларды ойлауға болады. Кейіпкер ретінде сексен жетідегі көрші Рушәнді таңдау әсте болмайтынын түсінген шығарсыз.

Акинатор ең көп дегенде қырық сұрақ қояды, сіз қойған сұрақтарына барынша шынайы, нақты жауап беріп отыруыңыз керек. Қырық сұрақ дегенге шошымаңдар, дәл, нақты жауап беріп отырсаңыздар он, онбес сұрақтан кейін ақ жауабын тауып береді. А ия айтпақшы, акинатор қателесуі мүмкін, бірақ егер сіз танымал кейіптерді ойлап, «дұрыс» жауап беріп отырсаңыздар қате нәтиже шығару ықтималдығы азаяды.

Бір қуантқаны қазақтың кейіпкерлерін де таба алады екен. Мен Абай Құнанбаевты, Жамбыл Жабаевты, Шәкәрім Құдайбергеновты, Мөлдір Әуелбекова, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Мейрамбек Беспаев деген кейіпкерлерді дәл тауып бергенде шалқамнан құлап, үйімде жасырын камера жоқ па екен деп кезіп кетіп едім. Ощым Ойнап көріңіздер.

Сайт адресі ru.akinator.com/personnages/




Енді ол қалайша? мынау не сиқыр деушілерге бағдарламалау тіліндегі if else шартты операторларымен танысып шығуына кеңес беремін.

Кішігірім мысалмен түсіндірейін. Акинатор сұрақ қою арқылы сәйкес келмейтіндерді алып тастап отырады, ең соңында бір кейіпкер қалғанша. Мысалы базада мың кейіпкер бар дейік, «кейіпкеріңіз ер адам ба?» деген сұраққа ия деп жауап берсеңіз жаңағы мың кейіпкердің ішінен барлық әйелдерді алып тастайды. қалған бесжүз кейіпкердің ішінен таңдайды. Кейіпкеріңіз қазір тірі ма? ма? деген сұраққа ия деп жауап берсеңіз қалған бес жүз кейіпкердің ішінен барлық өлген кейіпкерлерді алып тастайды. осылай осылай бір штугы қалғанда жалғастыра береді.

Пы\сы: Посттың негізгі мақсаты қазақ қолданушыларын арттырып, акинаторды қазақтың кейіпкерлерін дәл табуды үйрету. Акинатор көп ойналған сайын базасы кеңейіп нақтылана түседі. Егер сіз ойлаған қазақтың кейіпкерін таба алмаса ерінбей, ойын біткесін, кейіпкерді базаға енгізіп, кішігірім анықтамасы мен суретін салып қойсаңыз, акинатор қазақтарды тани бастайтын болады. Базадағы барлық кейіпкерлер де аспаннан түсе қалған жоқ, оларды да сіздер сияқты ойыншылар енгізіп шыққан.


Әсерлеріңізді пікірге жаза отырыңыздар.

Кеше епті Рауанчег түңгі сағат төртте барса жеңіліп қалды деп еңкілдеп отыр еді, біраз көңілін аулайын деп сайтты көрсетпей, агент арқылы сұрақтарына жауап бергізіп, кейіпкерлерін дәл тауып беріп біраз шаблонын шайқалтып едім. Балақай барсаның ұтылып қалғанын ұмытып кете жаздады, бірақ арасында есіне салып тұрдым :))

55 пікір

AKA


Мейрамбек рулит!
Abylai
дұрыс тапты ма?)
AKA
Ну, жазбада Мейрамбек жазылғасын соны іздеп көрейін дегем, бірақ екінші рет ойнағанда. Алғашқыда жәй баса бергем, «плавчиха» деп бір қыз шықты, алладин қызарып кетті жынданып
rauan
иооо, таң қалып жатырмын әлі де )) Мынау таза балгер ғооо… Бейбіт Қорған туралы еш нәрсе айпасамда шығарып берді...
Я сам в шоке
banzaika1990
Акинатор маған ренжіп қалды, ойнамаймын дит!
Ешкімді таба алмай қойды намысына тиіп кеттім ғойдим
Abylai
Көрші үйдегі чикабайдың класстасын ойлаған жоқсың ба әйтеуір?
banzaika1990
ох міне тапты красавчик

banzaika1990

шет елдік рэпперлерді ғана таниды екен, өзіміздікілерді енгізіп қою керек
Ak123
dfg
qyrmyzy
Айналайындар-ау, Қатипаш ападан басқа апаның суреті құрып қап па инетте! Ят қо
Ak123
менің қатысым не? ммен де бетімді шымшыдым ят қо, ят қо деп
Abylai
басқа да жазбада жоқ қазақ кейіпкерлерін жасырып көріңдерш, кімдер бар екен базада, көрейік
qyrmyzy
Біздің Пари жайлы тауып бере ала ма? Оның да біраз өнері бар негізі.
Ak123
вааа Баян Есентаеваны, Еркін Мәуленді, Қайрат Түнтековты дәл тапты
Abylai
Ak123
ой жақсы болдее мағанТұрсынбекті, Сәпиевті, Ниязымбетовты тапты
rauan
Қайрат Нұртасты оп-аңай сразу тапты
pari
Мәссаған Қайрат Нұртасты ойлап едім дәл тауып берді,!!!
pari
Мәссаған Мөлдір Әуелбекованы меңзеп едім дәл тапты.,!!!
Ais_97
күшті екен, мен де қарап отырмын!
rauan
Серік сапиевті 4-5 сұрақтан тапты
banzaika1990

Ais_97
Банзайка былай етіп суретті қалай шығарасыңдар, мен сохранить еттім бірақ тек сол адамның суреті шығып тұр қасында сиқыршысы жоқ
banzaika1990
мен PrtScrn-мен түсіріп алып, оны Paint-ке салып JPG форматында сақтап салып отырм
Ais_97


Маған Қайрат Түнтеков шықты, сиқыршыны қасына қалай шығаруды түкке түсінбедім, кешірерсіздер!
Ak123
тәк базада Дина Төлепбергенова жоқ екен, мен қостым
miras
Құдайберген Бекіш десем Алибек Днишевті шығарып тұр
miras
ақырында Жеңіс Сейдоллаұлы деді ма. Ыңғайсыз жағдайда қалдық екеуміз
VVVWWW
Базаға енгізуге болатыны өте жақсы екен, қазақтың ұлы тұлғаларын енгізуді бастаймын енді (регулярно түрде)
Тәәк, бірінші кімнен бастасам екен…
...Қазақ халқының маңдайына біткен ерен програмист, сайт жасаудың нағыз шебері, Ақтау облысының ІТ саласын көркейтіп жүрген азамат, СЖ, Айтабер сайттарының белсенді қолданушысы деп… қуып кетсем бе екен (суретің де табылып қалар)
AKA
Жасаңыздаршы, тауып көрейік.
dimash
Мадина Сәдуақасованы басқаша елестетін орыр едім, табуына тапты, бірақ ол сурет емес…
Abylai
суретін ауыстырып қоюыңа болады
Manas
AKA
Тағы, тағы… мен таңертең бір кісіні ойлап, ойнап едім, шықпады, алладин қызарып кетті жынданып. Сосын, қоя сал дедім…
Manas
Мен негізі сол сайтқа кіріп едім оң жағында танкы онлайн деген жарнама кіріп кетіп оған кіре алмай, сосын қайтып ана сайтқа кіркп едім сғанда скорсть аз боп кіре алмай сосын Айтаберге қайтып келдім)
Nursultan2002
szh.kz жақсы сайт! Оған неге тіркелмейсіз?
Manas
Қанша төленді)
Nursultan2002
Айта кететін бір жәйт: Бір туысыңызды ойласаңыз тауып береді.Бірақ сіздікі емес! Мысалы әкені ойласаңыз бір әкені шығара салады.
Nursultan2002
Мен бұны бұрыннан білем!
nurgazina
Юмааааа!!! мынау шынымен менің бөлмемде камера жоқ па екен?? Или компта??? мынау нағыз балгер ғой!!!
aseleka
Мен Акинаторды жендим)))) Биринши Мадина Садуакаосваны ойлап едим, оны тапты да, шетелдик Megan Fox-ты таба алмады))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.