Super normal Бақытжанның хикаясы

Интернет қолданушы үшін /

Mesqueunblog.kz — Бақытжан атты алматылық жасөспірімнің өмірі француз суретшісімен бейнеленген әңгіме. Өзгелер секілді болғысы келетін, бірақ бола алмайтын адам жайындағы комикс. Әдетте көпшілік байқай бермейтін мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасы туралы хикая.





Ресми ститистика бойынша Қазақстанда мүгедектікке шалдыққан балалар мен жасөспірімдер саны 50 мыңға жуық.


Еліміздегі балалар мүгедектігіне себепкер болғанаурулар арасында жүйке жүйесі бірінші орында тұр. Мүгедектікке шалдығуға ықпал еткен негізгі факторлардың арасында елдегі экологиялық жағдайдың нашарлауы, ана мен бала денсаулығына өндірістік қалдықтардың зиян келтіруі, сонымен қатар, көңіл қанағаттандырмайтын медициналық бақылау ерекше рөл ойнауда. Оның өзі қолдау білдіру терапиясы мен қосымша оперативті еммен ғана шектеледі.


Міне, осы мүгедектікке шалдыққан балалар мен жасөспірімдердің проблемалары, қоғамның оларға деген қарым-қатынасы, Қазақстанда көпшілік елей бермеуге тырысатын шындықты аудиторияға ашып көрсету Mesqueunblog.kz («Жәй ғана блог емес») жобасының лейтмотиві болып табылады.




Mesqueunblog.kz — балалар ми сал ауруымен ауыратын 18 жастағы Бақытжан Жұманов пен оның отбасының күнделікті өмірін суреттейтін комикс формасындағы репортаж.


Мұнда Бақытжанн мен оның отбасы, дәрігерлер мен әлеуметтік жәрдем мамандарының сөздері беріледі. Жобаға негіз ретінде құқық пен статистикалық фактілерді тізбелеп шығу емес, мүмкіндігі шектеулі адамның қазақстандық қоғамдағы өз-өзін көтеруге тырысуы алынып отыр.



Футболды өте қатты жақсы көретін Бақытжанның сүйікті футбол клубы «Барселона». Бұл клубтың ұраны «Mes que un blog» («Жәй ғана блог емес») атауымен үндеседі. Яғни, блогтың атауы жоба авторларының кездесуін әңгімелеуді ғана емес, одан үлкен ойды жеткізу ниетін білдіреді...













Мүгедек жасөспірімнің өмірін көру арқылы оқырман оның да өз талғамы мен қызығушылығы бар екенін және өзге дені сау балалардан еш айырмашылығы жоқтығын түсіне алады.






Жобаның мақсаты — Қазақстанда аса назар аударылмайтын проблеманың шындығын аудиторияға жеткізу. Мүгедек адамдардың жағдайы оларға деген қарым-қатынасқа тәуелді екендігін адамдарға түсіндіру.


Автордың репортажға қатысуы — қоғамның мүгедек адамға деген ниетін жеткізетін көмек сияқты. Суретшінің күдігі — мүмкіндігі шектеулі жандарды көргенде бізде пайда болатын қорқыныш пен стереотиптерімізді білдіреді.


Сонымен қатар, жоба ақпараттық-танымдық міндетті де өз мойнына алып отыр. Қоғамдағы осы проблемаға назар аудару Қазақтандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайына қатысты құқықтық ережелер бастамасының өзектілігін арттыруға жол ашады.



Николя Журну, репортаждар авторы, иллюстратор:


Орталық Азия үшін комикс жаңа дамып келе жатқан өнер, қайталанбас түрде көптеген тақырыптарды сөз қылуға болатын жаңа тіл. Бұл — мүгедектік секілді күрделі мәселелермен жұмыс істеу барысында қажет тәсіл. Бұл мәселені көпшілікке жеткізу барысында маған үлкен көмек көрсеткен Бақытжанға және оның отбасына үлкен алғысымды білдіргім келеді. Өйткені үйлеріне бейтаныс адамды кіргізе салу да оңай емес қой. Олар мені тек шақырып қана қоймай, менің жұмысыма қызу кірісті. Бұл жоба, комикс, көрме барлық жерде жазылып тұрғандай — екі автордың, яғни Бақытжан мен менің жұмысымыздың жемісі.



Рисалят Жамалова, Бақытжанның әжесі:


— Николя мен Бақытжан қалай танысты?


— Николя қыста Аяз ата болып киініп үйімізге келді. Сонда ол Бақытжанмен өте қызықты уақыт өткізіп, сол күннен кейін жиі келе бастады. Осы уақытқа дейін Бақытжанның жанында болып, көңілін аулап, қалдырмағанына үлкен алғысымды білдіремін.


— Бақытжан жайында айтып берсеңіз, ол қандай?


— Өте мейірбан, ақ көңіл жігіт. Адамдармен араласқанды, сөйлескенді ұнатады. Бастысы адал.


— Көбіне уақытын қалай өткізеді?


— Көбіне компьютерде отырады, теледидар көреді. Футболды өте қатты жақсы көреді. Футбол болған түндері сол ойынды көріп, таң атқанға дейін отыра береді.


Алдымыздан қандай қиындықтар шықса да, барынша төзудеміз. Өзі де бізге көмектеседі. Осындай ұлымыздың болғанына Аллаға рахметімді айтамын. Осындай болса да, бұл бала біздің басымызға біткен «Бақыт» деп білемін.


Түпнұсқасы

12 пікір

MSHERIMBEK
Jana Ekpinnen oqyp edim. Jaqsy jigit:)
Korkem
Ох, қош көрдік! ))
Jako
erke_ky3, бір жақсы көретін блоггерім еді, мына жазбасынан қарным ашты.Сен сонда кімді масқаралап отырсың, түсінбедім.Өз басыңнан өткермеген соң көсемсіп отырған боларсың, ал мен оындай халдегі баланы 27 жыл асырнаған әкемін, сондықтан сенің жазғаныңның бәрі оттаубай, кешір мені күнім. Сендер әлі түкте көрген жоқсыңдар, сондада көсемсігілерің келеді, ақымақтар.
zhurttyn_balasy
аға жазбаны тағы бір қайтара оқып шығыңызшы
erke_ky3
Аға, түсінбесем мен бұл материалды жазуға батылым бармас еді…
Daniar_alan
сіз постты да, посттағы жазылған нәрсені де түсінбедіңіз. Қайталап оқып шығыңыз. Ссылкамен өтіп «Месгуинг блогқа» өтіп, оқуға кеңес беремін…
ereke_enu
Ия, біз түсінбейміз. Қуанышын да, қайғысын да көрген емеспіз. Көмектескіміз келеді, бірақ, қалай? Білмейміз. Осындай блогтар арадағы кедергілерді азайтуға көмектеседі деп ойлаймын. Сіз өз ойларыңызбен бөліссеңіз жақсы болар еді.
Daniar_alan
Істеген соң қайырымдылықты осылай істеу қажет менің ойымша. Мүгедек екен деп қайыр бергендей бірнәрсе берсең, мүсіркей қарасаң оларға одан да қатты батады… ал мында тіпті басқаша… мәдестер дегеннен басқа айтарым жоқ. Қисық-бырат құрылтайда презентациясын көрсеткен. енді міне брошюрасын да шығарыпты… тамаша, ең бастысы игі іс…
Korkem
Бақытты болшы, Ерке қыз)))
Jako
Мақұл, бұл осы туралы мен әңгіме айтатындай орта емес, кешіріңдер.
rauan
Бұл клубтың ұраны «Mes que un blog»
блог емес клуб )))
erke_ky3
rauan , ruben ол қате емес. Жазбаны түсініп оқып шығыңдар. Болмаса Daniar_alan айтпақшы
...«Месгуинг блогқа» өтіп, оқуға кеңес беремін…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.