Фудбол kz

Интернет қолданушы үшін /
Сонымен 1-2 апта әркімнің жазған блогтарын оқыдым, сараладым. Соларға қарап менде жазайын деп бел будым негізі мен әңгімеге онша жоқпын бірақ фубдолға келген онда әңгіме бөлек. Негізі арманым спорт коментаторы болу. Сонымен кешегі өткен КПЛ-дің 22-турына жалпы шолу жасап өтсек! Ал Біссіміллә!

(Қаскелең) Сұңқар Астана есеп 1:1.
Бұл матчтың нәтижесі әрине букмекерлер күткендей болмады. Есепті алғаш болып алаң иелері ашты. 37-минутта Нургалиев көзге түсе білді. Алайда Қаскелеңдік жанкүйерлердің қуанышы ұзаққа созылмады. Елордалық клуб 3 минуттан кейін есепті теңестіре білді. Гол авторы Кояшевич. Осылайша Сұңқар әупірімдеп жүріп Астанамен ұпай бөлісті.

Тараз Ертіс 3:2
22-турдың тартысты матчтарының бірі деп осы матчты айтуға болады. Алаң иелері матч шымылдығын жылдам голмен ашты.6 минутта жарақатынан айығып келген Лечич алғашқы голды соқты. Бірақ Бакаев төреші белгілеген 11 метрлік айып добымен есепті теңестірді. Екінші таимда әлгі Лечич 58 минуттта қайта көзге түсіп Таразды алға шығарды. Ойын соңына қарай 80 минутта Диакате Таразды тағыда алға шығарды. Тек 88 минутта Ертіс Гоедарицаның арқасында есепті қысқартуға мүмкіндік алды.

Ордабасы Кайрат 0:0
Шымкенттік Ордабасы өз алаңында 2 ұпайдан айрылып қалды. Мансур Гуйенің жойқын соққылары Ордабасыға нәтиже бермеді. Есеп 0-0.

Акжайык Шахтер 0:1Ел чемпионына бұл матч ауыр тиді. Қонақтар қанша шабуылдасада нәтиже бермеді. 40 минутта төреші белгілеген 11 метрлікті Жамбыл Көкеев орындай алмады. Оралдық қақпашы Антон Цирин Жамбыл ойын оқып қойдыма әйтеуір допты қайтарды. Бірақ Шахтер мұнымен берілген жоқ. 70 минутта Көкеев қателігін дұрыстай білді. Жамбылдың голы матч тағдырын шешіп Шахтерға 3 ұпайды алып берді.

Кайсар Атырау 1:0
Кызылордалық клуб Асхат Тагыбергеннің соққан добының арқасында 3 ұпайға қол жеткізді

Жетісу Тобол 1:1Алаң иелері 14 минутта Михайловтың сққан голының арқасында алға шыққанымен 31 минутта Жұмасқалиев соңғы голды соқты. Қос команда бейбіт осылайша тарқасты.

Ақтөбе Оқжетпес 5:2
22 турдың ең соңғы матчы Ақтөбенің Орталық стадионында өтті,(әрине Батыс 1 сағ кейін әрі Ақтөбеде фудбол Алматыдағыдай тап-тал түсте болмайды) Бұл матчта кімнің фаворит екені айтпаса да түсінікті шығар. Алайда қонақтар осы турдағы ееееең жылдам голды 38 секундта Григорута соқты. Жанкүйерлердің де матчқа қызығушылы арта түсті. Алайда 5 минутта Лукаш Байердің көтерген добына жармасқан Мартиновч өз қақпасына гол соғып алды. 32 минутта өзбек легионері Александр Гейнрих тоғыздықты дәл көздеді.1 таймның аяғына қарай Ақтөбе есепті одан әрі ірілете түсті Лисенков соқы голды. 2 таймда Гейнрих есепті одан әрі ұлғайтты. 79 минутта команда капитаны Самат Смақов Ақтөбенің сапынан соңғы голды соғып есепті түйіндеді. 85 минутта Головешкин есепті қысқарта білді. Алайда Көкшетаулық команда Қазақстанның төрт дүркін чемпионына қарсы тұра алмай тас-талқан болып жеңілді.

2 пікір

VVVWWW
Әй қайдам, «Подфул» деп атын дұрыстап жаза алмағасын
Jako
seit_96, Егер сенің футбол комментаотры болғың келсе алдымен осы ойынға тікелей қатысы бар мына сөздерді Фудбол kz — Футбол.kz, фубдолға — футболға қатесіз жазып үйренгенің абзал болар еді.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.