Интернет мұрағаты

Интернет қолданушы үшін /
Ассалаумағалейкум Айтабер қолданушылары. Құрбан айт қабыл болсын.
Екі күн айттап, үйіме енді жетіп, интернетті аралап отырған жәйім бар. Жәй отырмай бір жазба жазып тастайын дедім. Сонымен бүгінгі жазба тақырыбым «Интернет мұрағаты».

Интернетте archive.org/ деген сайт бар. Бұл сайт басқа сайттарды белгілі бір уақыт сайын өзіне көшіріп, мұрағаттап отырады. Соның арқасында сіз бұл сайттан, басқа бір сайттың бәлен жыл бұрын қандай болғанын көре аласыз.

Ощм Википедиядан аударып жіберейін:
Интернет мұрағаты (англ. Internet Archive) — 1996 жылы Сан-Францискода құрылған комерциялық емес ұйым. Мұрағат веб сайттардың, сурет, бейне, аудио материалдардың көшірмесін жинап отырады. Мұрағат жинақталған құжаттарды ұзақ уақытқа сақтап, және кез келген қолданушыға мұрағатты тегін қарауына мүмкіндік береді.
Мұрағаттың мақсаты интернет-технологиялар дәуіріндегі өркениеттің тарихи-мәдени құндылығын сақтау, электронды кітапхананы құру және қолдау.
Қазіргі таңда мұрағат көлемі 10 петабайт (1 петабайт — 1024 терабайт (1 терабайт — 1024 гигабайт)); Мұрағатта 85 миллиард веб парақ бар екен. 2007 жылдан бастап Мұрағат заңды түрде Кітапхана мәртебесіне ие ).

Соныыымеееееен қарсы алыңыздаааар archive.org/


Web деген блоктағы ұяшыққа сайт атауын жазып, Take Me Back батырмасын басамыз.

Ескерту: Мұрағатта барлық сайттар жоқ, айтабер сайты да жоқ екен. Шамасы Мұрағат айтабер сайтын интернет-технологиялар дәуіріндегі өркениеттің тарихи-мәдени құндылығынан кенде деп ойлайтын сияқты :))) Флудизм жасасэн.

Мұрағаттан тапқан сайттарымнан қысқаша шолу:

Мынау surak-zhauap.kz сайтының 25 Қазан 2010ж. 21:01:42 уақытындағы жағдайы


Мынау kerekinfo.kz сайтының 27 Тамыз 2007ж. 08:30:47 уақытындағы жағдайы


Ал мынау Google.com сайтының 2 Желтоқтан 1998ж. сағат 23:04:10-дағы түрі ))))

11 пікір

Abylai
Мұрағатқа сайттың дәл қандай жағдайда қалатыны әрине қолданушыларына байланысты. Сондықтан әр жазба жазғанда тарихта қалатын жазба жазып жатырмын деп сезініңдер :))
MSHERIMBEK
Айтаберді таппаған екенсіз ғой:) Жақсы сайт екен) тағы бір екі сайттарды тауып алдым:)
Abylai
Шамасы Мұрағат айтабер сайтын интернет-технологиялар дәуіріндегі өркениеттің тарихи-мәдени құндылығынан кенде деп ойлайтын сияқты
Kinostrov
Упс майлды карау керек ед
ereke_enu
керекИнфо-ға біраз жыл болып қалған екен ғой
MSHERIMBEK
алдын форум болған ғой
serjan
Майыл рудың табылмағаны қызық екен.
Zhanat
Массагеттікін тапшы, он кз екеуін
AL-ASTER
Abylai
:) Массаған да бар архивте
miras
мә софтзонды көрмегелі қай заман. мынау дүркіреп тұрған кезі ғо
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.