Астана интернет форумы - 2012

Интернет қолданушы үшін /


Қазақстандық аудиторияға арналған ақпараттық технологиялар саласын дамытып жүргендерге арналған бұл форумның мақсаты — қазақ тілінде контент жасаушылармен, портал мен сайт иелерінің, жаңа өнімдерді ұсынушылардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ жобалардың пайда болуына ықпал ету.
Форум аясында «Ақпараттық қауіпсіздік», «Білім саласындағы интернет», «Бұлтты технологиялар», «Seo жетілдіру», «Ғаламтордағы аудармашы сайттар» сияқты тақырыптар көтеріліп, қазақ тілді интернет пайдаланушыларға арналған жаңа жобалар таныстырылады.


Талқыланатын мәселелер:

— Қазақ тілді жобалар және Интернет маркетинг
— Локализация
— Бұлтты технологиялар
— Ақпараттық қауіпсіздік

Қазақстандық Ақпараттық Технология мамандары! Танысып, жүздесіп, құнды тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін Астана Интернет Форумына келіңіздер, көріңіздер! Қапы қалмаңыздар! Таныстарыңызға да айта жүріңіздер!

Форумға қатысу міндетті түрде тіркелу негізінде болады.
Тіркелудің соңғы күні 14.12.2012

Форум өтетін жері: Астана, Назарбаев Зияткерлік Мектебі
Уақыты: 22-23 желтоқсан, 2012 жыл.
Кімдер қатыса алады: Мамандар, жоба авторлары, блоггерлер, ақпараттық технологияларға қызығатын студенттер, мұғалімдер, оқушылар.

Ұйымдастырушылар: «Мінбер» ҚҚ, «KazakhTimes» жаңа технологиялар орталығы, Астанадағы ГеоГебра институты

Серіктестер: «WikiBilim» ҚҚ, «Болашақ» қауымдастығы

Спикерлер:

Рауан Кенжеханұлы: wikibilim.kz
Бударагин Андрей: soylem.kz
Бауыржан Муфтахитдинов: mozilla.org/kk/
Ербол Серікбай: surak-zhauap.kz
Садық Шерімбек: aitaber.kz
Бауыржан Жакашев: kurstenge.kz
Қуаныш Мағзуов: birge.kz
Бақытгүл Салықова: bilimpaz.kz
Нұрлан Жанай: zhanaoi.kz
Батыр Хамзаұлы: click-line.com
Дінмұхаммед Зиядин: kinostan.kz
Тимұр Бектұр: it-tirlik.kz

Интернетке қатысы Жаңа жобалар байқауы да өтеді. Байқауға ниет танытсаңыз тіркелу формасында тақырыбын жазып, форумда 15 минуттық презентация жасауыңыз керек. Қатысушылардың онлайн дауыс беру нәтижесінде үш жеңімпазға тегін сайт жасалады. Тағы үш адамға бір жылдық тегін хостинг беріледі.

толық ақпарат мына сілтемеде: мында

6 пікір

serjan
Форумға дайындық қалай жүріп жатыр, блогкамп кезінде қызу дайындық жүріп жататын еді, күнделікті не істелгендігі кімге қандай міндет жүктелгендігі жайлы мәліметтер беріліп тұратын, бұл өз кезегінде қатысушыларды тарту жағынан оң әсерін тигізетін, ал интернет форум тып-тыныш, аиф2012 деген сайтқа да бір жаңалық қосылмады көп болды.
Daniar_alan
дайындық қызу. Оны жекелеген адамдар ғана ұйымдастырып жатқандықтан ұйымдастыру барысы көпшілікке жария болып жатқан жоқ. Жоғары дәрежеде өтетініне сенімім мол.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.