Dropbox - Интернеттегі 2,5ГБ сен үшін!

Интернет қолданушы үшін /
Dropbox — қолданушыға қандай да бір файлдарын интернет желісінде сақтауға мүмкіндік беретін интернет сервис.
Dropbox-тың мүмкіндіктері(қысқаша):

— 2ГБ тегін жады.

— кез келген файлды сақтап, кез келген интернет бар жерден сол файлдарды алуға болады. Компьютерде жады жетіспеген жағдайда немесе компьютер бұзылса файлдан айрылып қалмау үшін сақтап қоюға болады.

— сақталған файлдармен бөлісуге болады. сақталған файлдардың сілтемесі оңай алынады. (мысалы мына файл менің жадымда тұр).

— сіздің компьютер өшіп немесе интернет желісіне қосылмай тұрса да, сілтемелер жұмыс жасап тұрады.

— синхронизация — яғни сіздің компьютеріңізде бір папка Dropbox-қа арналады. Сол папкаға салынған файл автоматты түрде сиздің интернеттегі жәшігіңізге жүктеледі.

— тарих-журналы — сіздің жүктеу/өзгертулеріңіздің тарихы жазылады және 30 күн өтпей тұрып қайтару мүмкіндігі бар. мысалы 1 файлды өшірген болсаңыз бұл ісіңіз журналда тіркеледі, сол жерден 30 күн арасында сол файлды қалпына келтіруге болады.

достарыңызды шақыратын болсаңыз әр адам үшін сізге тағы 500МБ жады қосылады. менде қазір 5ГБ-тай болды). Және егер шақыру бойынша тіркелсеңіз сізге де бастапқы 2ГБ-тың орнына, 2,5ГБ беріледі. Сондықтан мына шақыруым арқылы тіркеліңіздер!

п.с. тіркелу ағылшын тілінде. Бағдарламасы ағылшын тілінде болса да — түсінікті жасалған. Қатты қиналып жатсаңыз e-kaisar тіркелуден бастап толық жазып шыққан.

40 пікір

VseProSSto
Бұл дропбокстың барлық мүмкіндіктері емес. Қарапайым қолданушыға қажеттісін айтуға тырыстым. Қолдана бере бағасын бере жатарсыздар! Сәттілік! =))
yerbol89
Дропбох жақсы. Хехехе бірақ мені Гугл Драйвқа тартып тұрады. Қазіргі кездегі қызықтардың барлығы осы Виртуалды құжат сақтау жақында болып жатқан сыңайлы.
Jako
Всепросто, мынау жақсы бағдарлама екен,әттең ағылшынша түсінбеймін.Орысшасы жоқ па екен?
VseProSSto
Өкінішке орай, жоқ.
VseProSSto
сізге мына жерден бағдарламаны жүктеп қондыру қалды…
Aikona
Қолдану жолын сызбамен қазақшалап көрсетіп кетсең күшті болар еді. Мен орнатып қойдым, ары қарай түсінбедім
yerbol89
Оны мен жеке жазба ретінгде жазып өтейін. Қалай тіркелу қажет, қалай қолдануға болатындұғын. :) Негізі интернет болса, флешканың қажеттігі шамалы болып қалады.
VseProSSto
трафик шектеусіз болса әрине)
yerbol89
Ия мегалайнға трафик тегін болса қатып кетер еді.
senim
менде тегін трафик және қазақстан қалаларына ақысыз телефон шалу мүмкіндігі бар.чу ча ча
VseProSSto
Және ай сайын төлейтін ақысы тағы бар! ))
VseProSSto
yerbol89 — дың жазбаларын аңдып, егер тормозиттап жатса жақын арада жазып жіберейін…
қысқаша, тіркелген аккаунтыңызбен dropbox.com-нан озіңіздің жәшігіңізді қарай аласыз. Және де байқасаңыз, компьютеріңізде Dropbox деген папка пайда болды. Сол папкаға салынған файлдар, интернеттегі жәшігіңізге жүктеледі.
мысал ғой мысал
Aikona
енді түсіндім, рахмет. Қолдану үшін ноуттағы папканы толтырып қоюуым керек екен ғой, қажеттінің бәрін салып.
VseProSSto
ал мынау менің жәшігімнің браузердегі көрінісі:
Dropbox.com
VseProSSto
мына жерде Dropbox-тың қолданылуын толық көрсетіп жазған.
Abylai
Dropbox (жалпы бұлтты технология) ғажап қой. Өзім Dropbox-та орналастым, 52ГБ орным бар. Жұмыстағы, үйдегі, әке шешемнің үйіндегі компьютерлерге және ұялы телефоныма байлап қойдым. Пастаянна синхронно жүрем.
Бәріне кеңес беремін, және мына сілтемеден өтіп тіркелсеңдер уәще тема болар еді (и не? и не? 500мб жалкы ма))))
yerbol89
Нақруткә арқылы оның көлемін көбейтіп алуға болады ма? Ақшам жоқ ))))
Abylai
Накрутка болғанда достарыңды шақырып әр тіркелген жосың үшін 500МБ алып отырасың (максимум 16ГБ-қа деін көтеріп алуыға олады), әр түрлі тапсырмаларын орындап та тегін әрі заңды түрде 20ГБ-қа дейі көтеріп алуға болады. Маған 48ГБ-силыққа берді самсунг галакси эс3 алғаным үшін
yerbol89
Охооо 48 Гб. Сұмдық екен, құдды бір винчестерді саған сыйлыққа бере салған іспеттес екен ғой… Бұны жуу керек қықықықы
Abylai
силыққа берді деп тым асыра сілтеп жібердім ау деймін, тек ЕКІ ЖЫЛҒА тегін берді .(
Jako
Ол жерде де ағылшынша екен, неге орысшасы жоқ бұның?
yerbol89
Ағасы ия сайт толықтай орысша. Оны орысша аударудың да қажеті шамалы, себебі қарапайым функциялар еш қиындығы жоқ. Мен осы жүиемен құжаттарыңызды қалай қолдануға болатындығын жазып өтетін боламын.
Jako
Жақсы болар еді, Ербол.Біразына пайдасы тиер еді.
yerbol89
Қол босағанда отырып жазып тастаймын ағасы. Осын сізге бірінші болып айтатын боламын
Aikona
саған 500мб жалко боп тұр ше :))
VseProSSto
сізге де қосылған 500мб-ты ескергеннің өзінде ма?
Aikona
а онда жалко емес :)
qyrmyzy
айтасың-ау сен де…
qyrmyzy
Жұмыстағы документтерді салып қойып, үйде де ашып отыруың не деген керемет десеңші… Сосын, басқа кісілерге де доступ бере аласың, редакциядағыларға (желілік бума болса да), бөлек-бөлек қалаларда жұмыс ісейтіндерге тиімді. Көбірек жазайық мынадай постты!
qyrmyzy
inet bolmasa da drobty awa alasyz. Kalganyn blmeim,jumyska towna kewigip baratyrm
StrangeR
Сұрақ: 1. Draopbox папкасындағы файлдар компьютердің де жадысын ала ма, яғни компьютерімде сақтала ма?
2. Егер тағы басқа компьютермен байланыстырсам, онда файлдардың бәрі сол компьютерге жүктеле ме?
VseProSSto
жақсы байқапсыз! өте жақсы сұрақ!
Дропбокс
Дропбокс бағдарламасының белгішесіне тышқанның оң батырмасын шертіп дропбокс ұсынған мәзірді ашамыз.
Dropbox Preferences - Selective Sync
сол жерде

Preferences… -> Advanced -> Selective Sync

-деп таңдасақ, жәшігіміздегі папкалардың тізімін көреміз. Осы жерден компьютерге жүктелетін папкаларды шектеуге болады.
Selective Sync

Яғни, сізге қажет папкаларды компьютерге жүктейсіз, қажет емес папкалар жәшікте тұра береді.

Сонымен қатар, сайтқа кіріп, браузердің өзінен файлдарды жәшікке немесе жәшіктен компьютерге жүктеу мүмкіндігі тағы бар екенін айта кетуге болады.

п.с. Жауап ұнаса "+" қоюды ұмытпаймыз)!
StrangeR
Рахмет. Локализациялауға бола ма бұл сервисті. Орысшадан бірінші боп қазақшаға аударып алайық)
VseProSSto
білмеймін о жағын…
EREIMEN
Ақпараттың қауіпсізді қалай екен? ұрылардан қалай қорғанамыз
VseProSSto
Дропбокс-та қазір миллиондаған қолданушы бар. Осыншама көлемді жоба болғандықтан қауіпсіздік мәселесі қарастырылған деп ойлаймын (менің қолданғаныма 1 жылға таяды, әзірге бәрі жақсы).
Бастапқыда ережелермен танысқанымда, шифрлаудың түрлерін пайдаланады дегендерін оқығным есімде, қазір нақты есімде жоқ.
Нақты қандай ұрыларды айтып отырғаныңызды нақтыласаңыз, мүмкін, қарап көруге болар еді…
EREIMEN
Ұры дегеніміз енді менің ақпаратыма кез келген адам қол жетімді ме? және мен бір адамға со ақпаратты қол жетімді етіп қойсам ол қалай ақпараты алады? сол жағы түсініксіздеу болып тұр, мен кеше ғана тіркеліп ақпараттар салдым. айтпақшы сайтқа хостинг ретінде пайдалануға бола ма екен?
serjan
pan.baidu.com 15 гб орынды лақтыра салады, қымсынбай ала бер, жұмыс істеу механизімі тура дропбокстан аумайды, қытайша түсінбесең гугыл хроммен аудартып тіркеле сал, тіркелуі де өте қарапайым уйындоуыс, андройд, айфон, айпадтарға арналған қосымшасы да бар.
qyrmyzy
үйреніп қалдық қой. Ескі үймен қалай қоштасамыз???
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.