Виртуальды музей

Интернет қолданушы үшін /
Еліміз егемендік алып жоғымызды тауып, барымызды түгендеп жатқан шақта елімізде тарихи-мәдени мұраны жинақтауға, сақтауға байланысты тамаша бағдарламалар қабылданып жатыр. Қазақстанда кейінгі кезде музей саласына ерекше көңіл бөлінуде. Жаңа музейлер ашу, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, музей қорын толықтыру, сақтау, жылжымалы көрмелер ұйымдастыру жұмыстары бұрынғыға қарағанда даму, алға қарай жылжу байқалады. Отандық музейлер қорында тарих пен өнердің жетістіктерін бейнелейтін тамаша экспонаттар жетерлік. «Топырағын түртсең тарихы сөйлейтін» елімізде музей заттарын сөйлету, тарихи-мәдени мұраны замандастар үшін көрсету, өскелең ұрпаққа жеткізіп, насихаттау жағы кенже қалып отырғандығы өте өкінішті жайт. Осы мәселелерді шешудің жолдары бүгінгі күнгі еліміздегі музейлердің бас ауыртар мәселесіне айналып тұр. Жаңа ақпараттық заманда адамдардың музейге баруы азайды. Бұл ең алдымен музейдің ғылыми- ағарту жұмысының бәсеңдеуін байқатты. Музейдің насихаттау қызметіне жаңа бәсекелес «интернет» немесе «ғаламтор» пайда болды. Интернетте көптеген әлеуметтік желілер, виртуалды ойындар адамдардың қызығушылығын өзіне аударды.
Музей осы мәселелерден шығу үшін виртуальды музей жасап (арнайы музейдің веб сайты), онда музей жұмысын толыққанды 100 пайыз электронды нұсқада жүргізсе сіздерге қаншалықты тиімді болар еді? алдын ала рахмет пікірлеріңізге!

1 пікір

followme_alik
Әлемнің үздік музейлерін 3D кеңістікте аралап қайтам деп үміттеніп ем)_Жалпы… тиімділігін негізін салушылар шеше гөрер, ал пайдасы… инет`қауым үшін зор болмақ...қос қолдап қолдайтындар екінің бірі.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.