Бізде де Цукербергтер жүрген болар (Асхат Еркімбайдың кітабын оқығаннан кейін туған ой)

Жаңа медиа туралы жазылған Асхат Еркімбайдың «Жаңа медиа: монологтан диалогқа» еңбегі бүгінгі онлайн БАҚ саласындағы құнды кітаптардың бірі. Жаңа ғасыр, жаңа технологиялар, ақпарат таратудағы жеделдік пен жаңашылдық, интернет саласындағы алдыңғы қатарлы жаңартулар осы кітаптың негізгі түйініне айналған.
XXI ғасыр өз жетістіктерін әлем алдында паш етіп келеді, оның ең басты жаңалығы түгел жер материгін өзіне бағындырған медиа индустриясы. Осыған дейін дәстүрлі медиамен ғана өмір сүріп келген Қазақ халқы үшін бір кездері таңсық көрінгенмен, қазір екінің бірі «көгілдір экранды» теледидар емес, компьютердің досына айналды. Интернет дүниеге келген сәтінен бастап қазірге дейін өз саласында адам ойына кіріп шықпас талай жаңалығымен қуантты.
Бірақ… Жақтап жатқандармен қоса, даттаушылар да кез келген ортадан табылады. Дәстүрлі медиа өкілдері алғашқы кезде оны дұрыс қабылдамағанмен, қазір сол журналистердің ашқан блогтары мен сайттарының өзі қазақ интернет әлемінде тізіліп тұр. Сол себепті ғасыр жаңалығынан, күн жаңалығынан кеш қалмауды көздейтін журналистер қауымы үшін, осы саланың артықшылығы мен ерекшеліктерін, жеделдігі мен жақсылығын жеткізетін кітап жетіспей жүр еді.
Оқи отырып, өзіміздің де қызығушылығымызды тудырған талай мәселенің шешуін тапқандай қуандық. Расы керек, «шабам деген жігітке ат беретін» жаңашыл оқулықтың жүйрік технологияның қатарынан қалмай, хабарынан құлақтандырғанына риза болмасқа лаж жоқ.
Біздің қоғамда жастардың көбі енді ғана интернет саласына бел буа кірісіп жатыр. Десе де, жетіспейтін тұстары мен жетімсіреген жақтары әлі де жетерлік. Мемлекет назар салмады деуші едік, жақында Елбасы «қазақтан Билл Гейтс қашан шығады» деген сауалды төтесінен қойды. Демек, жаңа медиа тек қана жекелген халық шоғырын ғана емес, тұтас мемлекетті толғандырып отыр деген сөз.
Бізде өз бетімен жұмыс жасап, осы салада жетістікке жетсем деген жастар аз емес. Мысалы, Өзбекстандағы алдыңғы қатарлы сайттың бірін біздің қазақ жігіттері жасаған. Олар алдымен «Nur.kz» жобасын елімізде дүниеге әкелген болатын. Ол туралы www.baq.kz сайтында жарияланды. Мінекей, өз бетінше тәжірибе жасап, көптің көзіне түскен жас мамандарды елімізде неге жаңа бағытта тәрбиелемеске?! Ұлттық БАҚ бар деген күннің өзінде ілгері басқан елдердің көшінен қалмауымыз керек.
Интернет қолданушы үшін: Интернет
Бүгінгі онлайн журналистиканың негізгі артықшылықтары төмендегідей:
• Физикалық күш жұмсауды қажет етпейді, бір ноутбук немесе планшет алсаңыз болғаны бар ғалам сіздің қолыңызда;
• Хабар алмасудағы жеделдік, «алыстан жылдам хабар алдыратын» Шәкәрім айтқан телефондар қазір интернеттің ықпалында қалды;
• Қызметтер ұсыну қабілеті (www.egov.kz, www.kazakhtemyrjoly.kz);
• Ақпараттық технология саласында жаңашылдыққа ұмтылдыру(жаңа нәрсені көре отырып ойлану, ойлана отырып дамыту жолын табу);
• Жарнама ұсынудағы тиімділік, өзіне қажет кез келген тауарды таба алу;
• Блогинг, журналист Әуесбайдың Қанаты айтқандай «Бас кеспек болса да, блог кеспек жоқ».
• Визуальды, ақпаратты бейнелі түрде ұсынуға бейім;
Мамандардың айтуы бойынша, интернеттi дамыту үшiн үш түрлi жағдай әсер етедi екен.
Бiрiншi, сол ұлттың өзiнiң хат алмасу торабы болуы қажет. Бiз Ресейдiң mail.ru тегiн почтасына тәуелдiмiз. Яғни, бiзге ұлттық хат алмасу торабы керек.
Екiншi, өзiнiң iздеу торабы болуы тиiс.
Үшiншi, интернет қымбат болмауы жөн. Осы үш мәселенi аттап өтпейiнше, ел тұтастай интернеттi пайдалана бiлмейдi. Пайдаланған күннiң өзiнде басқа елдiң мүддесiне қызмет етемiз, ақша басқаның қалтасына құйылады. Орысша бiлуге мәжбүр боламыз.
Мінекей, біздің алдымызда мамандар қойған негізгі мәселелер осылар. Меніңше біздің Қазақ қоғамындағы интернетті дамыту үшін бір екі ұсынысымды қосып өткенім жөн сияқты:
• Бірінші, мектеп жанынан IT курстар құру; қазіргі мектептердегі информатика пәнінің берілу формасы белгілі, сол себептен жастарды жаңа медиаға, одан тек керекті тұстарды игеруге үйрету;
• Қазақстанның интернет саласында ашқан «керемет» жаңалығы керек, яғни «интернет — бренд» өнімдер бізді ағылшынның қатарына көтермесе де, интернет – тұрғындардың назарын аударуға себеп болатын еді;
• Тәжірибе алмасу, осы салада түрлі жарыстар ұйымдастыру, өзгедей өзімізде де Марк Цукерберктер жасырынып жүрген болар;
Маған кітаптың салған ойлары осындай. Мен үшін бұл еңбекпен танысып, еске сақтар «естелік — ақпараттың» мол болғаны үлкен жетістік. Тек жоғарыдағы ойымыз бен тілегімізді жүзеге асыра алсақ болғаны.

8 пікір

qyrmyzy
kazakh_kyzy , үлкен рахмет! Жазбаңыз әдемі жазылған. Қазақтың Билл Гейтстері код кеміріп жатыр:)
senim
Пайдаланған күннiң өзiнде басқа елдiң мүддесiне қызмет етемiз, ақша басқаның қалтасына құйылады. Орысша бiлуге мәжбүр боламыз.

Ал мен айына төлейтін 5000ныңды ғана төлеймін.Одан артық төлемеймін.
jalyn
Тамаша ұсыныстар… Қолға алатын жандар болса ғой…
Jado
mynau Jalynnyn temasy goi)))janyna maidai jakty ma))))
jalyn
Ие, әрине!))
nurbanu_KAMAL
Жақсы жазылған екен. Шынында, мен өзім осы саланы білмейім. Бізге әлі көөөп үйрену керек!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.