Алматы қаласындағы LTE 4G интернет жылдамдығының көрсеткіштері

Интернет қолданушы үшін /
Байланыс операторлары көбейген сайын нарықта бәсекелестік пайда болды. Бүгінде түрлі байланыс операторлары тұтынушыларға өздерінің әртүрлі қызметтерін ұсынуда. Осыдан бірнеше жыл бұрын 3G байланысы пайда болды, яғни ұялы байланыстың үшінші кезеңі. 3G — жоғары жылдамдықты сымсыз интернет қызметін ұсынатын байланыс түрі.
Міне, енді заман — fourth generation-дікі!

Интернет қолданушы үшін: интернет

Қош келдің, LTE 4G!

LTE 4G — сымсыз байланыстың жаңа дәуірі. LTE технологиясы Қазақстанда «ALTEL 4G» белгісімен іске қосылған. 4G fourth generation мобильді интернеттің төртінші кезеңі жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді. Мәліметтерді жіберудегі ең жоғарғы жылдамдық — 100 Мбит/с дейін жетпек. ALTEL 4G (LTE) желісі жеке жаңа желі ретінде іске қосылған. LTE мәліметтерді алдынғы технологиялардың жылдамдығынан он есе артық жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.

LTE 4G тиімді ме?

Бүгінде 4G байланыс тек Астана мен Алматы қалаларында іске қосылған. 2013 жылдың аяғына дейін Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларын жоғары жылдамдықты интернет қызметімен қамтамасыз етсе, 2014 жылы облыс орталықтарымен қатар тұрғыны 50 000-ға жететін барлық қалалар 4G мобильді интернетін қолданатын болады.

Сізге LTE 4G интернет желісін қолданған тиімді ме?

Алматы қаласындағы ALTEL 4G интернет жылдамдығын анықтау барысында модемді қаланың 14 нүктесінде сынақтан өткіздім. Көрсеткіш төмендегідей:

1. Абай-Достық көшелерінің қиылысындағы жылдамдық көрсеткіші:
Интернет қолданушы үшін: Сұрақ-Жауап сайты: #ALTEL 4G

2. Абай — Фурманов көшелерінің қиылысында:
Интернет қолданушы үшін: Сұрақ-Жауап сайты: #ALTEL 4G

3. Әл-Фараби — Фурманов көшелерінің қиылысындағы көрсеткіш:
Интернет қолданушы үшін: Сұрақ-Жауап сайты: #ALTEL 4G

4. ArBat-тағы (Жібек жолы — Панфилов) ALTEL 4G интернет жылдамдығы:
Интернет қолданушы үшін: Сұрақ-Жауап сайты: #ALTEL 4G

5. Мерейде, Райымбек — Пушкин көшелерінің қиылысы:
Интернет қолданушы үшін: Сұрақ-Жауап сайты: #ALTEL 4G

6. Сайын — Жандосов көшелерінің қиылысындағы жылдамдық:
Интернет қолданушы үшін: Сұрақ-Жауап сайты: #ALTEL 4G

Қаланың басқа да аймақтардағы жылдамдығын толығырақ картадан қарай аласыздар:

Интернет қолданушы үшін: Сұрақ-Жауап сайты: иаит

Тиімді ме екен?

Карта мында да бар.

5G мен web-тің келесісі қатты қызықтырады.

36 пікір

Kan
Шіркінай осы жүйелерді бар қазақстандықтар қашан қолданады екен
qyrmyzy
Алматы мен Астана қалаларына 4G келді. Күтіңіздер!
FaraOn1
ақшаны сол мегабайтқа байланысты жи ма?
qyrmyzy
Ақпаратты мына , мына жерден ала аласың :)
FaraOn1
анда мында өтуге жұмыстағы интернетім жар беріп отыр))) айта салмадың ба)) не ғой не агентте, не ФБ да жоқсың шықшы біреуіне…
FaraOn1
mi-fi муаххаа))) май-қаймақ дей салмадыма)))
Chan
қосылған адам саны көбейсе, жылдамдығы өзгеріссіз қала ма?
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Ох, пайымдауыңыз дұрыс-ақ) Жүйедегі адам саны айтарлықтай көп болғанда ғана мұндай тесттер жасау керек меніңше. Кім біліпті адам саны көбейгенде алтелдің жылдамдығын мақтағандар ойларын кері бағытқа ауыстырар бәлкім)
Chan
со қазір адам аз болғасын керемет цифрларды көрсетіп тұра ма дейм. жарнама кәдімгідей жынды енді. 3джмен кірем, білә кейде шыдамай интернетке кіргім келмей қалад)
qyrmyzy
не деген негатив?! Одан да инетіңіздің жылдамдығын тексеріп көріңіз!
Chan
ішіп кетуге себеп бар. осы ай шыдауға тура келеді)
Соңғы өңделген уақыты:
qyrmyzy
Мынау үйдегі Beeline уай-фай жылдамдығы:
Жүйкеңіз мықты екен
Chan
мені аясаңыз нетті((
Соңғы өңделген уақыты:
qyrmyzy
Үйдегі ALTEL 4G жылдамдығы:
Chan
оу, 4-ші этаждан секірсін дейсің бе мені
qyrmyzy
Қазір адам саны аз деп ойлайсыз ба?
qyrmyzy
Оны уақыт еншісіне қалдырайық. Дегенмен, кез келген өнім жай шыға салмайды ғой нарыққа.
FaraOn1
3G да жүрміз әзірше. Біздің Қызылжарда болатын болса міндетті түрде қосылар едім. бағасы да, интернет жылдамдығы да қызықтырып отыр. Алтелге рахмет, қазақ жеріне жаңа бір буын әкелді. ал Алматы мен астаналықтар игіліктеріңе қолданыңдар!)
qyrmyzy
күт, барар солтүстікке де. Астанаға жақын ғой
qyrmyzy
Мегабайттық тарифтері де бар екен
STR
Осындай бықым-сықымның толық қарастырылмағандығы үшін ғана ҚЗ-ға толыққанды оралуды әзірге ойламай жүргеніміз.
qyrmyzy
Айтпаңыз, 4G Қырғызстан мен Өзбекстанға дауно барып қойған. Бізде енді ғана екі қала қосылды, ол да толығымен емес :(
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Қырмызы, Абай-Мате Залка көшесіне жақын қай жерге барып қостырсам болады, қандай құжаттар керек. Жабық помещениеде сеть ұстауы бірқалыпты ма?
qyrmyzy
мына жерден барсаңыз болды. Абай-Мате Залкада болсаңыз, жақсы ұстауы керек, картадан қарап көріңіз, қай районда қалай ұстайтыны көрсетілген. Жұмыста (жартылай подвал Фурманов-Сәтпаев көшелерінің қиылысында) жақсы ұстайды. Үйде де (Жандосов-Береговой) жылдамдығы жақсы. Жалпы, орталықта жылдамдығы мықты.
AshTrollToqTrollmenOinamaide
Рахмет. Қостым. Абай-Мате Залка көшесіндегі көрсеткіш:

qyrmyzy
"Ұлы" троль мырза, көңіліңізден шығуда ма?
AshTrollToqTrollmenOinamaide
не ғо қыз өзің сондай)) атак қостырғалы басым аура бастады ма бірдемесі бар, обшм осыдан көріп отырмын, қателессем жақсее болар еді
jalyn
Өлиии, Қырмызы қатты қызықтырдың ғой. Kcell-мен қоштасам ғой деймін ғой біржола. Рахмет))))
qyrmyzy
Қоштас, өкінбейсің!
korwinin_kyzy
Қощтасуга ерте, Бұлар суйтет адамды тартырып алып ,,,, дегенмен қызықтын көкесі әлі алда сендер просто уакытша рақаттанудасындар
dudu
Алғашында оншалықты сенбеп едім, мына тесіттерден кейін қатты қызығып отырмын, сіздің сенімді ахпаратыңыз үшін үлкен алғыс!!!
Meirbek
мааасаган, біздін Жанаозеннін интернетін кашан кушейтеді а? 1 мб/сек скоростпен отырмыз, айына 6500 толеп. Ен жогары интернет осы бізде. Жогарыдагылар отініш, 4G демейміз, ен болмаса актаудагы 8 мб шамасындагы интернеттерді косып берініздерші. Бір кино скачать етуіміз ушін торренте 150 кб/сек скоростпен отырамыз. Каншама гигабайт кино кашан келеді сонда?
qyrmyzy
2013 жылдың аяғына дейін Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларын жоғары жылдамдықты интернет қызметімен қамтамасыз етсе, 2014 жылы облыс орталықтарымен қатар тұрғыны 50 000-ға жететін барлық қалалар 4G мобильді интернетін қолданатын болады.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.