Ұмыт трафикті!

Интернет қолданушы үшін /
Long Term Evolution технологиясы Қазақстанға да келді, ух дедік! LTE технологиясының мүмкіндіктері жайлы алдыңғы постымда жазған болатынмын. Алматы қаласы бойынша интернет жылдамдығын да сынақтан өткіздім. Тест нәтижесі көрсеткендей, қазірше Алматы қаласының орталығында LTE ALTEL 4G интернет жылдамдығы жоғары.

Естеріңізге сала кетсем, LTE 4G Қазақстанға ALTEL 4G брендімен нарыққа шыққан болатын. ТМД елдерінде бұл жүйе бір-екі жыл бұрын енген болса, ал еліміздің Астана және Алматы қалаларында небәрі 2012-жылдың 25-желтоқсанында іске қосылды. Үміт үзбейік, сіздерге де барып қалар:)



LTE 4G алдыңғы 3G технологиясына қарағанда мүмкіндіктері көп. Бұл жайлы мына жазбадан оқи аласыздар.

Сонымен, ALTEL 4G тарифтеріне тоқталсам,
Unlim LTE , Гранд премьера , Трафик топтама сияқты тарифтерді интернет қолданушыларға ұсынуда. Мендегі тариф «Гранд премьера».
«Гранд премьера» тарифы:
99ГБ Интернет трафик құны — 3500 тг;
Топтама 90 күнге жарамды;
Модемнің құны — 4500тг, MiFi – 7500 тг

Трафикті ұмыт!

ALTEL 4G ақпан айының басында «Unlim LTE» тарифын ұсынған болатын. Трафик көлемі — unlim .
USB модем — 4500 тг.
Mi-Fi — 7500 тг.

Басқа да интернет қызметін ұсынатын байланыс операторларынан аталған оператор артықшылығы — интернетіңізге қаншасына ақша құйсаңыз, келесі айдың сол күніне дейін жарамды. Яғни, толық 30 күн пайдалана аласыз. Ал кейбір операторларда қосылған уақытына қарамай, айдың аяғында қанша трафик қалса да, өшіп кетеді емес пе?


Offtop

Қызық болғанда, жаздыгүні Шымкентке барғанымда Get3G модемін сыйлаған болатын. Мәз болып, айдың ортасында барып ақша құйдым. Қызмет көрсету орталығындағы қыздар да үндемей интернет қосып берді. Келесі айдың басында кіре алмадым интернетке. Модемді ары шұқып, бері шұқып, ақыры орталығына қоңырау шалсам, келесі айға ақша төлемегенсіз дейді.....

«Гранд премьера» тарифымен торрент арқылы интернеттен "құжат" жүктеген болатынмын. Жүктелген файл көлемі мен жылдамдыққа назар аударыңыздар!

Ең төменгі көрсеткіш:


Орташа көрсеткіш:


Ең жоғарғы көрсеткіш:


Имхо

ALTEL 4G «Гранд премьера» тарифын қолданғаныма бір айға таяды. Қазірше, жылдамдық бойынша (айдың басы мен аяғына байланысты) ешқандай айырмашылық байқағаным жоқ. 99ГБ әлі 35 күнге жарамды. Қанша уақытқа дейін жарайтынын байқап көрейік.
Үйдегі ALTEL 4G «Гранд премьера» тарифының жылдамдық көрсеткіші:



Келесі жазбада модем, wi-fi, mi-fi құрылғылары мен смартфон, планшеттің қайсысы LTE 4G мобильді интернетін қолдайтыны, қалай қосатыны жайлы жазатын боламын.

10 пікір

MSHERIMBEK
Аааааааааааааааа, Алматыда тұрғым келедііі :( Шымкентке қашан келесің, Алтееееееееееееееел :(((
qyrmyzy
2014-те баратын шығар. 2013 жылдың аяғына дейін Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалалары қосылады.
jalyn
Не ғой, qyrmyzy Altel қаланың шет жағында (1 вокзал) ұстайды ма? айтып жібере аласыз ба...?
qyrmyzy
Өкінішке орай, 1-вокзал жақа бара алмадым. Қаланың щеті болғандықтан, жылдамдық жоғары бола қоймас. Жігіттердің тестілеуіне қарағанда, 2-вокзаалда жақсы екен жылдамдық. Менен флешка алып, тексеріп алыңыз :)
jalyn
Рақмет. Жақсы болар еді
Begimzhan
Бізге арман болып тұр…
qyrmyzy
Қайда тұратын едіңіз?
begymsulu
қаланың шет жағында ұстаса кұшті болар еді… келесі жазбаңызды күтеміз
dudu
Барлықтарыңызды көктемнің бірінші күнімен құттықтаймын! Алдыңғы жазбалардан бұған қызығып едім, енді тіптіде сенген сияқтымын, Сізге көп рахмет Қырмызы! келесі жазбаңызды күтеміз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.