Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Интернет қолданушы үшін /
Бүгінгі жазбам еліміздегі лимитсіз интернетке байланысты болмақ.
Интернет қосар кезде барлық байланыс операторының сайттарын шарқ ұрып, бүге-шүгесіне дейін шарлап, кеңінен мәлімет алғымыз келеді. Онымен қоса, дос-жаран, құрбы-құрбастарымыздан интернет жылдамдығы, қамту аймағы, артықшылық-кемшіліктерін сұрай бастаймыз. Себебі жылдан-жылға интернетке деген тәуелділік артып, есесіне интернетпен қамтамасыз ететін компаниялар көбеюде. Әрине, қуанышты жағдай. Себебі таңдау бар, бәсекелестік бар, сапа бар!

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Қазіргі таңда барлық интернетпен қамтамасыз ететін провайдер сайттарында интернет, трафик, жылдамдық жайлы ақпарат ала аламыз. Модем түрлері, уайфай, қамту картасы, бағасын да үйде отырып-ақ хабардар бола аламыз. Бірақ ресми сайттарында көрсетілген жылдамдық тәжірибе жүзінде іске аспай жатады. Қазақша ақпараттарды (аудармаларды) енді жобалап түсініп алуға болады :) Ал, ресми сайттары неліктен алдымен орыс тілінде ашылатынын түсіне алмаймын :(

Сонымен, Қазақстанд нарығындағы лимитсіз интернетке тоқталсақ…

Beeline

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Beeline лимитсіз интернетін қолданғалы бір ай болды. Ай басында жылдамдық өте жоғары болғанымен, айдың ортасына қарай бәсеңдеді. Ай соңында жылдамдық біраз түсіп кетті.

Diji

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Ал, құрбыларым пайдаланатын «DIJI» лимитсіз интернетінің жылдамдығы ай бойы біркелкі болады екен.

Kcell

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Kcell лимитсіз тарифын пайдаланатын таныстарым жоқ екен. Біраз ақпарат білетін болсаңыз, пікір ретінде қалдыруыңызға болады.

Tele2

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Tele2 лимитсіз интернет тарифы жайлы AL-ASTER мырза айтса…

Jet3G

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Jet3G ұсынған лимитсіз интернет тарифтері өте көп. Ең маңыздыларын қоршап қойдым:)
Jet3G «Unlim real» Тарифтік жоспарын жазда пайдаланған болатынмын.
Ай сайынғы абоненттік төлем — 2 000 тг, берілетін трафик — Жылдамдығы төмендетілмеген лимитсіз*
дегенімен, ай соңында жылдамдық мүлдем түсіп кетеді.

LTE ALTEL 4G

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Интернет қолданушы үшін: Қазақстандағы лимитсіз интернет| Шолу

Ал, дәл қазір менде ALTEL 4G «Гранд Премьера» тарифы 90 күнге 99ГБ. Бір айдан бері қолданыста. Жылдамдығында ешқандай өзгеріс байқамадым.

Сонымен, лимитсіз интернеттің үздік үштігі:
LTE ALTEL 4G ұсынған «Unlim LTE» тарифын бірінші орынға қоямын. Бағасы — 4500 тг. Арзан емес, қымбат емес — орташа.
Екінші орынға — Diji «Bazic» тарифы — 3500 теңге, жылдамдығы — 1,5 Mb/s.
Үшінші орын — Jet3G «Unlim real» — ең арзан лимитсіз интернет тарифы — 2000 теңге.

Ал Сіз?
Жоғарыдағы лимитсіз интернеттің қайсысын пайдаланасыз? Қайсысы тиімді?

Суреттер жоғарыда көрсетілген компания сайттарынан және гуглдан алынды.

0 пікір

Автор, мақала соңына пікір қалдыруға тыйым салды!