GMAT халықаралық емтиханының тапсырылу ережесі

Интернет қолданушы үшін /
Бүгінгі таңда ағылшын тіліне, ағылшын тілі білімі бар азаматтарға сұраныс күннен күнге артуда. Кез келген салада қызмет ететін маман иесі ағылшын тілін меңгергені дұрыс. Бизнес және менеджмент салалары бойынша шетелде білім алғысы келетін жандарға арналған келесі GMAT-халықаралық емтиханының талаптары мен міндеттері жайлы ақпаратпен бөлісуді жөн көрдік.

Интернет қолданушы үшін: инспайр медиа, Inspire media

GMAT (General Management Admission Test) – МВА бағдарламасы бойынша бизнес және менеджмент саласында білімін жетілдіруді көздеген, бизнес мектептеріне түсетін үміткерлердің деңгейі мен біліктілігін анықтайтын электронды тестілеу. GMAT қорытындысы арқылы адамның бизнес және менеджмент саласындағы табыстарын болжап, потенциалды қабілеттілігін анықтауға болады.

1953 жылы Graduate Management Admission Council (GMAC) ұйымы бизнес мектептеріне білімді де білікті абитуринеттерді қабылдау мақсатында 9 бизнес мектептің білімі мен күшін біріктіре отырып, GMAT (General Management Admission Test) құрастырып шыққан. Тест құралған жылдың өзінде–ақ 2000 рет өткізілген. Әлемнің 1500 мектебі, 1800 бағдарламасында оқуға түсер алдында тапсырылатын емтихан ретінде қалыптасып үлгерді. 2005 жылдың соңына дейін Educational Testing Service(ETS) компаниясы тестілеуді жүргізген болса, 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап GMAT тестін жасақтау ACT Inc ұйымына, ал емтиханды бақылап, өткізу функциясы Pearson Vue компаниясына жүктелді.

Сынақ ақылы түрде, яғни 250$-ды құрайды. Сынақ нәтижесі 5 жылға дейін жарамды.

GMAT 3 түрлі сұрақтардан тұрады: жазу, есептеу, және сөйлеу икемділігін тексеру.

GMAT төмендегі 4 тарау арқылы жүзеге асады:

«Аналитикалық жазу» — AWA (Analytical Writing Assessment) компьютер арқылы белгіленген тақырыпта екі шығарма жазу. Шығарманың әрқайсысын жазу үшін 30 минут уақыт беріледі. Алғашқы шығарма пікірталас тудыратын жағдайларды өз ойымен, көрген, тәжірибеден өткен оқиғалармен дәлелдеуге арналса, екінші шығарма дәлелдеме сараптамаға арналған: қалай құрылғандығын дәлелдеу, дұрыс шешімнің қалай қабылдануын қарастырып, оның әлсіз жақтарын табу.

Бес минуттық үзілістен кейін «Сандық бөлім» тарауын тапсырады (Quantitative section). Бұл тест – адамның математикалық икемін анықтайды. Мұнда 37 сұрақ қамтылады және олардың әрқайсысына 5 түрлі жауаптар үлгісі берілген. Бұл бөлімнің тапсырмаларын орындау үшін 75 минут беріледі.

Келесі бөлім – 75 минуттық «Ауызша бөлім» (Verbal section).Ол 41 сұрақтан тұрады, олардың әрқайсысына 5 түрлі жауап үлгісі берілген. Тестілеу үш түрге бөлінген: мәтінді түсіну, сынақ дәйектемесі, сөйлемдерді түзету.

Емтихан аяғында тәжірибеңіз бен біліктілігіңіз, сонымен қатар, GMAT қорытындысын қай оқу орындарына жібергіңіз келетіндігі туралы сауалнама түріндегі сұрақтар қойылады.

Тапсырмалардың барлығын орындап біткеннен кейін Quantitative section, Verbal section, Analytical and Writing Assessment үшін төрт түрлі баға және 200 бен 800 балл арасында қойылатын жалпы баға арқылы бағаланады. Олардың әрқайсысы пайыздық көрсеткіштерден тұрады. U.S. News and World Report журналының мәліметтеріне сүйенер болсақ, Американың ең үздік бизнес мектептеріндегі GMAT қорытындысының орташа баллы мынадай:

Stanford – 722, Chicago – 695, MIT – 690, Harvard – 689. Европа мектептерінде орташа балл төменірек.

2006 жылдың қаңтарынан бастап, шимай қағазын (черновик) және қаламсап пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай шара сынақ барысындағы қулық-сұмдықтан сақтану мақсатында жасалған көрінеді. GMAT тестін қалаларыңыздағы тіл үйрету орталықтарында тапсыру мүмкіндігі бар. Бірақ ресми сайтына тіркелу міндетті.

Болашағыңыз өз қолыңызда! Ағылшын тілін қарқынды, сапалы түрде үйреніп, алдағы уақытта халықаралық емтихандардан жоғары нәтижеге қол жеткізгіңіз келсе, біздің орталық ұсынатын курсқа жазылыңыз.

Келесі жолы басқа халықаралық емтихан тапсырылуы жөнінде ақпаратпен бөлісетін боламыз. Ағылшын тілін үйренгіңіз келсе, мұнда өтіңіз.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.