"PocketBook " электронды кітабы| Немесе 8-наурызға арналған сыйлық

Интернет қолданушы үшін /
Қазіргі таңда техниканық дамығаны сонша, ұялы телефоныңыз арқылы компьютерді басқаруға, мұздатқыш, кір жуғыш машинасын, теледидарды интернет арқылы басқаруға болатын түрлі мүмкіндіктер пайда болуда.

Өткен апта қолыма «PocketBook» электронды кітабы түсті. Шымкенттегі құрбым электронды кітап алып беруді өтінген-тын. Жәй ғана кітап оқитын электронды кітап болса болды дегенмін. Бірақ мынадайды көргенде таң қалдым.

Әдетте біз көріп жүрген электронды кітап түссіз, экраны кіші, жұқа, жеңіл болатын. Ал «PocketBook» электронды кітабы төмендегі белгілерімен басқа электронды кітаптардан ерекшеленеді екен.

«PocketBook» электронды кітабы:
Көк түсті (әдеттегі қара немесе сұр түсті ауыстырдым), жеңіл, электр қуатымен зарядталатын (6-8 сағатқа жарамды), жіңішке екен
Интернет қолданушы үшін: PocketBook  электронды кітабы| Немесе 8-наурызға арналған сыйлық

Кітапша операциялық жүйесі — Android . Интернетке тек WI-FI арқылы қосыла алады. MP3, MP4 форматындағы кез келген файлды ашуға болады. Яғни, электронды кітапта тек кітап қана оқымай, кино қарауға, музыка тыңдауға, интернетке шығуға мүмкіндік бар.

Интернет қолданушы үшін: PocketBook  электронды кітабы| Немесе 8-наурызға арналған сыйлық

Электронды кітапта 200ге жуық орысша кітаптармен қатар, әр түрлі тілдергі кітаптар да кездеседі. Тек қазақша кітаптарды өзіңіз жүктеп аласыз :(

Интернет қолданушы үшін: PocketBook  электронды кітабы| Немесе 8-наурызға арналған сыйлық

Электронды кітаптың жады қанша екенін біле алмадым (200ден артық кітап болғанына қарағанда біраз бар-ау), дегенмен Флеш-карта қосымша қолдансаңыз болады (мини).

Интернет қолданушы үшін: PocketBook  электронды кітабы| Немесе 8-наурызға арналған сыйлық

Әркім өзіне керегін алады емес пе? Бұл кітапшаның ұнаған тағы бір тұсы — ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік беретін арнайы «British council» бағдарламасы бар екен. Онда тіл үйренуге арналған түрлі нұсқадағы қызықты материалдары өте көп.

Интернет қолданушы үшін: PocketBook  электронды кітабы| Немесе 8-наурызға арналған сыйлық

Экраны — сезімтал.
Интернет қолданушы үшін: PocketBook  электронды кітабы| Немесе 8-наурызға арналған сыйлық

Ең қызығы, интернет арқылы сөйлесуге арналған камерасы бар :) Менің ұялы телефоныма қарағанда сапалы түсіреді екен.

Интернет қолданушы үшін: PocketBook  электронды кітабы| Немесе 8-наурызға арналған сыйлық

27 пікір

Kan
көзді ауырпайды ма, көп оқысаң?
qyrmyzy
смартфонға қарағанда экраны үлкен. Өзім қолданып көрмегендіктен, ол жағын айта алмаймын
yerbol89
Ия қызық екен. Бірақ кітап оқитын болған соң тек қара ақ түсті болып, ешқандай ән тыңдай алмйатын болғаны дұрыс секілді. Алданбай тек кітап оқитын боласын. Ал мынада қойшы шаршап кеттім ән тыңдап алайыншы, суретке түсіп алайыншы деп алданып қаламын ба деп қорқамын. :)
qyrmyzy
Пікірің бір жағынан дұрыс. Алаңдамай кітап оқисың. Бір жағынан функциясы көп болғаны да жақсы. Кітап оқып жалыққанда уайфайы бар жерде инетке қосыласың :)
MSHERIMBEK
Бағасы қалай? Қызық болып жатыр?!
qyrmyzy
;) 18000
jalyn
Мә, мынау почти су тегін ғой! Рақмет пайдалы пост үшін
Manas
qyrmyzy
ол басқа кітапшасы, мынау басқасы. Және жоғарыдағысы 18мың теңге тұрады.
KUANYSHBEK
Атырауда қымбатқооо))
beko
Ақыры жетіпсің ғо, құтты болсын. Игіліңе жарасын. Былайша жаман емес көрінді.
qyrmyzy
Пікір жазу үшін алдымен постты бір шолып шығу керек....Алғам жоқ, алып, беріп жібердім :( Негізі, керек дүние
beko
Соңғы кездері өзің сыйлықтар ала келіп әр жақтан, тақырыбы да
«Немесе 8-наурызға арналған сыйлық»
ол ойды одан сайын дамытқан, ұқсас мәтіні
Өткен апта қолыма «PocketBook» электронды кітабы түсті. Шымкенттегі құрбым электронды кітап алып беруді өтінген-тын. Жәй ғана кітап оқитын электронды кітап болса болды дегенмін. Бірақ мынадайды көргенде таң қалдым.
Оқығанын оқыдық, екі сөз үшін қате түсінік болды.(құрбым, өтінген-тын)
Сөз соңы, мұқият болармын.
qyrmyzy
8-наурызға арналған күшті сыйлық деген оймен жазғамтақырыпты. Сосын сайтта ешқандай мерекелік элементтерді байқамаған соң, естеріңе түсіріп қояйын дегенім ғой :)
Енді Электронды кітап алу керек болған соң банальді қара немесе сұр түсті, экраны түссіз (қара+ақ), тек қана кітап оқитын оқулық аламын дегенім ғой. Екінші сөйлем бірінші сөйлемге қарағанда маңызсыз. Сондықтан… Очм, бәрібір кез келген құбылысты басқа қырынан көресің, Беко!
ZevsKO
бағасы қанша екен?
korwinin_kyzy
неужели адамдар жоғарыдағы пікірлерді оқымайт тукте ренжіме просты айтып қалу керек болт да)))
qyrmyzy
Он сегіз мың деп осы постқа үш пікір қалдырдым
KUANYSHBEK
интернет кіред муз тындалат фото түсіред овшм айпад десей… кітап деуге келмид сияқты
qyrmyzy
Көп функционалды электронды кітап!
erke_ky3
Күштііі. Қайдан сатып алдың?
Al1sher
хмм, электронды кітап болған соң E-Ink экранды алу керек қой. Мыналар көзді ауыртады деп ойлаймын. Бірақ пост жақсы!
qyrmyzy
Өз басым қолданып көргем жоқ. Көзді ауырта ма, жоқ па білмеймін. Смартфонға қарағанда экраны үлкен және кітап фондары ашық түсті болғандықтан, ауыртпайды деп ойлаймын. Қазірше кітапты парақтап жүрміз :) Рахмет!
Nurbergen
Қазіргі таңда техниканық дамығаны сонша, ұялы телефоныңыз арқылы компьютерді басқаруға, мұздатқыш, кір жуғыш машинасын, теледидарды интернет арқылы басқаруға болатын түрлі мүмкіндіктер пайда болуда.

мұздатқышта, кондерде даже уай-фай бар.

aitaber.kz/uploads/images/00/03/19/2013/03/05/2e1219.jpg

тырнақ подцвет ))))

Электронды кітаптың жады қанша екенін біле алмадым (200ден артық кітап болғанына қарағанда біраз бар-ау), дегенмен Флеш-карта қосымша қолдансаңыз болады (мини)

4 гигабайт памяты бар, оның 2 гигабайтын андроид алып тұр, сонда бары 2 гиг
Nurbergen
пікір жазғанда сурет қалай қояды а????
MSHERIMBEK
Пікір жазатын орынға басып, CTRL+P батырмаларын бассаң болды.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.