Kindle Paperwhite электронды кітабына шолу

Интернет қолданушы үшін /
Сәлем оқырмандар! Бүгінгі тақырыбымда Amazon компаниясының Kindle Paperwhite атты өніміне шолу жасаймын.

Электронды кітаптар қазіргі таңда аса жоғары сұранысқа ие. Ал Amazon бұл нарықта алдыңғы қатарда келе жатыр. Өзінің сапалы әрі арзан өнімдерімен нарықта бірінші орында тұр десе де болады. Ал Kindle Paperwhite-тің басты артықшылығы сенсор және кіріктірме көмескі жарықтығы. Жақынырақ танысайық.

Интернет қолданушы үшін: Kindle Paperwhite электронды кітабына шолу



Amazon Kindle Paperwhite, Kindle Touch өнімінің жалғасы екені мәлім. Алдыңғы нұсқасынан қай жері өзгерген және қай жері артық екенін кестеден көрсеңіздер болады.

Amazon Kindle Touch және Kindle Paperwhite сипаттамалары:
Интернет қолданушы үшін: Kindle Paperwhite электронды кітабына шолу

Unboxing / Қорабын ашу


Сыртқы келбеті

Дизайн жағынан өзгерістері айтарлықтай көп емес. Amazon компаниясының өнімдерінің бәсекелестерінен басты айырмашылығы — минимализм. Артық ешнәрсе жоқ. Кітапты ләззат алып оқи бересіз және оқи бересіз.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toiguliyev

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toiguliyev

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toiguliyev

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

Тек түсі өзерген және кішігірім басқа да өзгерістер бар. Алдыңғы келбетінде экран және «kindle» ақ түспен жазылған. Артқы көріністен kindle логотипі ойылып жазылған және қызмет ақпараты бар. Төменгі жағында microUSB қосуға арналға ұяшық, қосып, өшіргенге арналған батырма жәнен индикатор (заряд алып жатқанын және батырманың басылғанын көрсетіп тұрады). Басқа ешқандай батырма жоқ. Қалған функцияларын сенсор атқарады. Бірақ маған беттерін ауыстыратын батырмалардың болғаны ыңғайлы секілді. Төсекте жатып оқыған кезде сенсор ыңғайсыздық тудырады.

Қосқаннан кейінгі алғашқы қадамдар

1) Ең алғаш қосылған кезде сізден ридердің тілін таңдауыңызды сұрайды. Ең өкініштісі бұл өнімде қазақ немесе орыс тілі жоқ. Сол себепті өзіме ыңғайлы келесі тіл, ағылшын тілін таңдадым.

Орыс / Қазақ тілінің болмауы осы тілдегі кітаптарды оқуға ешқандай кедергі туғызбайды.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

2) Тіл таңдағаннан кейін мына көріністі көресіз. 1 минуттай жүктеу болғаннан кейін келесі бет ашылады.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

3) Бұл бетте сізден Wi-Fi-ға қосылуыңызды сұрайды. Қуанышқа орай менде сымсыз интернетке қосылуға мүмкіндік бар.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

4) Енді сізден туркелу немесе өз атыңызбен кіруіңізді сұрайды. Мен ескі Kindle кезінде тіргелген поштамды қолдандым.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

4) Әрі қарай ридерді қалай қолдану керек екенін түсіндіруін бастайды. Ағылшын тілі деп қорқудың қажеті жоқ, себебі қолдану өте оңай әрі жеңілдетілген.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

5) Кітаптар тізімі мына түрде орналасқан. Менің ойымша бұлай жасағаны өте дұрыс болды. Кітаптардің мұқабасын қолдынып, әдемі тізімде шығарып береді.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv


Дисплей

Kindle Paperwhite электронды кітабын толық қарастырайық. Әдеттегідей ең бірінші көңіл бөлетініміз экран және дисплейі. Дисплейдің кеңейтілімі үлкейгеннен кейін (1024х768) жазулар анық болып, ал жарықтық қосқаннан кейін сапасы да артқан (алдыңғы нусқасындағыдай сұр емес, беттері ақ түсті). Көмескі жарықтың болғаны біраз мәселені шешеді. Жарық деңгейі 25 градациядан тұрады. Мысалы далада (табиғатта немесе тағы да басқа жерлерде) күн жарығы кедергі келтірмесін десеңіз, жырық деңгейін максимумға қойып еш қиналмай оқи бересіз, ал қараңғы бөлмеде жарық деңгейін төмендетіп қойып оқыған өте ыңғайлы әрі көзді ауыртпайды. Экран ешқандай саусақ ізін қалдырмайды. Бірақ сырылуы мүмкін. Бұл жағдайда арнайы қап алғаныңыз жөн. Және беттердің ауысу жылдамдығы, алдыңғы нұсқаларымен салыстырғанда, біраз тезірек болған. Ал Amazon Kindle 5 пен салыстырғанда шамамен бір деңгейде.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toiguliyev

Интерфейс, функционалдылығы

Интерфейс Kindle-ға лайық минимализммен жасалған. Кітаптарды тек қана тізіммен емес, енді мұқабалармен де орналастыруға болады. Минимализм болғанымен функционалдылық жағынан көп нәрсе істеуге қабілеті бар. Кітаптарды онлайн түрде Amazon дүкенінен сатып алу, іздеу, жарық деңгейін өзгерту, интернет шолушы, категорияларға бөлу, кітап ішіне белгі қою, текстті белгелеп достарыңмен бөлісу және тағы басқа қосымшалары толып жатыр. Ал қаріп өлшемін өзгерту үшін жәй ғана екі саусақты қолдансаңыз болды. Минимализм, иңғайлылық. Ең басты кемшіліктерінің бірі жадының аз болуы және оны кеңейту мүмкіндігінің болмауы. Музыка, аудиокітаптарды өкінішке орай тыңдай алмайсыз.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

Үкім

Бір апта қолданып бұл ридерге ғашық болып қалдым. Менің талаптарыма толық жауап берді. Керемет дизайн, түнде оқу үшін көмескі жарық және ыңғайлы интерфейс көңілімнен шықты. Кітапты өзіңмен бірге алып жүру ыңғайсыз болып келеді, дәл сол сәттерге Kindle таптырмас өнім. Өлшемдерімен (17 х 11,7 х 0,9 см) қалтаға еш қиындықсыз кіріп кетеді. Ал салмағы 210 грамм ғана.

Интернет қолданушы үшін: Photo by @toigulieyv

Бұл Kindle-дың басты бәсекелесі Kindle 5. Осы екеуінің арасынан таңдау өте қиын. Менің берер кеңесім, егер сіз кітапты тек күндіз, жарықта оқитын болсаңыз, міндетті түрде Kindle 5 таңдаңыз. Ал егер қараңғы бөлмеде, ұйқы алдында, төсекте оқыған ыңғайлы болса, әрине Kindle Paperwhite алыңыз.

Соңғы үкім: Алуға кеңес беремін

P.S. 8-наурызға керемет сыйлық!

SmartShow редакциясы ұсынылған девайс үшін SmartShop.kz интернет-дүкеніне алғысын білдіреді.

© Alisher Toiguliyev SmartShow үшін

10 пікір

Korkem
сынам осындай посттарға, тағы да планшет жайлы толығырақ тоқталсаң жақсы бола еді. Базар жоқ!
Al1sher
Рахмет!) Келесі пост өкінішке орай планшет жайлы емес, HTC ONE X+ турлы болады)
zhurttyn_balasy
HTC ONE келмеді ма әлі?
Al1sher
Қайда келу керек еді?)
zhurttyn_balasy

Әлішер, түсіндің ғо? (:
Korkem
қойшиш)) менің пікірлерімнің артына шам алып түстің ғҰәә. Блогқұрылтайға кел оданда, жұрттың баласы)
dudu
Көп рахмет!!! Менің сатып алайын деген қолфоным HTC ONE V еді, келесі жолдамаңызды асыға күтетін болдым…
davidoff
Ехххх, Қазақстан Америка секілді дамыған мемлекет болғанда PAPERWHITE жайында пікірлер мен сұрақтарға толар еді, себебі бұл олардың күнделікті тұрмыстағы басты құралдарының бірі.
Enbekten_beretin_afai
Қаранғыда оқуға болмайт, планшеттің жарығынан басқа общий жарықта жанып туру керек Димаштан сура нанбасан
Jako
О тоба, Көршінің қызының өзіма, болмаса көзі ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.