Веб-сайт жасау үйренгіңіз келсе...

Интернет қолданушы үшін /
Тарихқа көз жүгіртсеңіз, компьютерлік техниканың даму тарихы прогрессивті түрде қарыштап дамығанын байқауға болады. Компьютердің алғашқы қолданушылары кәсіпқойлар болса, кейін компьютер әрбір үйде пайда болып, кез келген ниет білдірген адам пайдалана бастады. Бүгінде әр үйде компьютер бар, сонымен қатар оның шағын түрлері де көп кездеседі. Байқағаныңыздай, әркім де оны пайдалануға мүмкіндігі бар. Бар немесе жоқ. Бір немесе нөл. Аталған қарапайым екі санның ерекше орнын айтар болсақ, барлық сандық ақпараттық технологияның негізі осы екі мәннің принципімен қызмет жасайды.

XXI ғасыр – ақпараттық технология дәуірі екенін бесіктегі баладан, еңкейген қарияға дейін хабардар болған бүгінгі күні әлем елдерімен қоса біздің елге де аса қажет сала екендігі белгілі. Адамзат қажет ететін салалардың барлығы дерлік түгел ақпараттық технология негізіндегі құралдармен жабдықталып, адамдармен өзара байланыса қызметтерін атқаруда. Әсіресе, қаржы, білім беру, медицина, ғылыми зерттеу, өндіріс салалары барынша белсенді қолдануда.



Қарапайым халық үшін жоғарыда аталған салалармен тығыз байланысты жеңілдету мақсатында дербес компьютерлер кеңінен қолданысқа енді. Сонымен қатар, мобильді құрылғылар да ірілі-ұсақ компьютерлердің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Әсіресе, ақпарат алу, нарықтағы қызмет түрлерін уақыт жағынан да, қаражат жағынан да, ыңғайлылық тұрғысынан да тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бүкіл әлемді біріктіре алған ғаламтор желісі ақпараттық техникалардың жұмысын барынша жеңілдетіп, мүмкіншілігін кеңейте түсті.

Түрлі компаниялар, кәсіпорындар, қызмет көрсету орындары өз мүмкіншіліктерін барынша жақсартып, оны әр азаматқа хабардар ету, қолданушы мен қызмет көрсетуші арасындағы арнайы бағдарламалар, сайттар, веб бағдарламалар, қосымша бағдарламалар түрлерін әзірлеп, нарықтағы басымдылықтарын дәлелдей түсуде.

Қарапайым азамат үшін атқаратын қызметі көп сандық құрылғылардың мүмкіндігін барынша кең пайдалану, түйіндемедегі«ағылшын тілін білемін» деген түсінікке сай, заманауи адамның қосымша жетістігі ғана болып қалыптасып үлгерген көрінеді.

Бүгінгі күні арнайы техникалық мамандығы жоқ болса да, өзіне қажет тамаша сайт жасаудың мүмкіндігі көптеп қарастырылған. Ол үшін алдымен жалпы компьютер құрылғысы, программалары мен интернет технологиясы туралы минималды түрде базалық ақпаратқа ие болу керексіз.
Біздің орталық Сізді танымдық курсына шақыра отырып, төмендегідей ұсынысын жасайды:

1. Компьютерлік құрылғылар туралы базалық ақпарат;
2. Компьютерлік бағдарламалар түрлері және олардың мақсаттары туралы базалық ақпарат;
3. Интернетпен жұмыс жасауға арналған бағдарламалар: коммуникация, іс жүргізу;
4. Ғаламтор кеңістігінде көп кездесетін терминдерге түсінік. (мысалы: домен, хостинг, блог т.б.)
5. Серверлік технология туралы базалық ақпарат;
6. Веб-жасақтауға бағытталған бағдарламалау тілдері туралы базалық ақпарат;
7. CMS жүйелермен танысу. Олардың көмегімен сайт жасау: Орнату және қолдану;
8. CMS жүйелеріне қажет модуль, плагиндермен танысу, оларды қолдану;
9. Сайт дизайнына қатысты критерийлер;
10. Сайтқа оптимизация. Дамыту жолдары.


Егер Сіз өз салаңызды сүйсеңіз және оны басқалармен бөлісуді жөн көрсеңіз, жеке кәсіп иесі болумен қатар, өз өнімдеріңізді тегін әрі фантазияңызға шек келтірместен жұртқа таныстыруды мақсат етсеңіз, өз сайтыңызды жүргізіп, миллиондаған қолданушылары бар әлеуметтік желі арқылы тегін жарнамалауға көшіңіз! Барлығы өз қолыңызда! Уақыт Сізді күтпейді, сондықтан мүмкіндікті қазірден бастап пайдаланыңыз!

Курс бағасын мына жерден қарай аласыз!

1 пікір

p689606
Бүгінгі күні арнайы техникалық мамандығы жоқ болса да, өзіне қажет тамаша сайт жасаудың мүмкіндігі көптеп қарастырылған.

Сол ғой. Бағыт беретін арнайы бір маман болса, әрі қарай жетілдіріп кету әр адамның өз қолында.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.