Мен өзге тілді үйренуге қаншалықты дайынмын?

Интернет қолданушы үшін /
Жалпы шет тілін үйрену, өзге тілде пікір білдіру кез келген жас оқушының, студенттің арманы. «Замынына қарай – адамы» деп талап етілетін стандарттарға, нормаларға сәйкес болғымыз келеді. Алайда біз өз қабілетімізді дұрыс есептей аламыз ба? Тіл үйрену біздің қолымыздан қаншалықты келеді? Көп жағдайларда біз «Менің бұған қабілетім жоқ, бұл менің қолымнан келмейді» деп қолымызды бір-ақ сілтейміз. Алайда адам өміріндегі сан түрлі жағдайлар біздің қабылдауымызға, қабілетімізге әсер етеді.

Интернет қолданушы үшін: http://www.inspiremedia.kz/

Психологиялық факторлар: қоршаған орта, ата-ана тәрбиесі, достар, оқу орнындағы мұғалімдер – біздің дамып, өсуімізге, не солып, өшуімізге ықпал етеді. Есіңізге түсіріп көріңізші, біз өзімізді қабілетсіз деп есептегенде, мектепте жиі ауысатын мұғалімдерді, түсінбей отырған кезде мұғалімнің «түсіндіңдер ме?» деген сұрағына бүкіл сынып «иә» деп жауап бергенде, өзіміздің қабілетсіз екенімізді көрсетпес үшін үнсіз отыратын сәттерімізді есепке алмаймыз. «Менде ондай болған емес» дейтін адамдар саны өте сирек.

Адам қабілетсіз болмайды, тек өз мүмкіндіктерін болмайтын стереотиптердің құрсауында қалдырып, өзіне өзі дамуға мүмкіндік бермейді. Кез келген тілді, мүлде жат грамматиканы ұғыну оңай шаруа емес. «Мен тіл үйренетін болдым» деп өз-өзіңе айтып, шешім қабылдаудың өзі үлкен қадам. Бірақ тіл үйрету орталықтарына барып, «мен үйренетін болдым, ал үйретіңдер мені!» деп барлық жауапкершілікті ұстазға арту да дұрыс емес. Неге көп жағдайда ақылы оқыған оқушы өз нәтижелеріне қанағаттанбайды? Себебі жұмсаған ақшасының жемісін көрмейді? Ал неге ол жемісін көре алмайды? Себебі өз тарапынан еңбектенуге тырыспайды. Кез келген ұстаз – үздік маман. Оның міндеті сапалы білім беру, алайда оқушы берілген білімді қабылдай алмаса емес, қабылдағысы келмесе, мұғалімге қажетті талаптар қойып, өз пікірін білдірмесе кінә ұстаздан емес.

Жалпы тіл үйренуге кез келген адамның қабілеті жетеді. Өйткені шет тілін үйрену деген жоқтан барды табу немесе жаңалық ашу дегенді білдірмейді. Бар болғаны адам өзінің ана тілінің басқа тілдегі аудармасын үйрену және өзіндегі ойдың өзге тілдегі баламасын тауып, меңгеру, оны қолданыста пайдалана білу деген сөз.

Өзіңіз ойлаңызшы, сіз жаңадан өмірге келген сәттен бастап тілдің ортасында болдыңыз, өз туған тіліңізді ұғынып, үйренуге қабілетіңіз жетті ғой. Ендеше қолдан келмейтін шаруа емес, ең бастысы ынта мен жауапкершілік болса болды. Оқушы қабылдаған ақпаратты қорыта білуі керек, бұл процесстің тек өзі үшін қажет екенін түсінуі шарт. Мектепте немесе университетте сол білімді алуға мәжбүрлеген болса, қалаған пікірін білдіруге, қажетті сұрақтарын қоюға жағдайы жетпеген болса, бұл жолы барлығы тек өз қолында екенін жете түсінгені абзал.

Айтпақшы, біз шет тілдерін қазақ тілінде үйретеміз. Себебі тіл меңгеру өзінің сөйлеп жүрген тілі (ана тілі) арқылы ғана толыққанды жүзеге асады. Онсыз өзге тілді үйренудің мүмкіндігі шектеулі. Олай болса тілді бізден үйреніңіз!
Толығырақ: «INSPIRE халықаралық тіл оқыту орталығы»

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.