Грант Қазақстан интернет жүлдесі

Интернет қолданушы үшін /
Грант деген, андай грант емес, басқа грант ©

«Грант Қазақстан» корпоративтік қоры ЖШС «Mediana Services Limited» қолдауымен Маңғыстау облысына арналған сайттар арасында байқау ұйымдастыруда.

Байқаудың басты мақсаты — Назарбаевтың жолдауында айтқандай Маңғыстау облысында интернет-технологиясын жандандыру мен одан әрі дамыту және облысымыздағы интернет-қолдушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру. Сондай-ақ, облысымызға арналған қазақ тілді ресурстар мен сайттардың дамуын қолдау мақсатында біз жүлдеге қосымша «Қазақша нұсқасы қарастылылған ең үздік сайт» және «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт» номинациялары бойынша да жеңімпаздарды марапаттаймыз.

Жалпы байқауға Маңғыстау облысына арналған сайттар, не Маңғыстау облысына арналған бөлімі бар кез-келген сайттар қатыса алады. Байқауға қатысуға өтінішті тікелей grant.kz/ сайтанан бере аласыз.

Құтты болсын, жарайсыңдар жігіттер, енді мен не істей аламын? деейтіндерне нұсқау:
Алдымен сайтқа тіркеліңіздер. Байқауға қатыстыратын сайттарыңыз болса, сайтыңызы тіркеңіздер.
Сайттарыңыз жоқ болса, байқауға қатысып жатқан сайттарды бағалап, пікірлеп отырыңыздар. Тіпті халықтық сарапшы болуға да өтініш білдіріп (сайт арқылы grant.kz/ru/experts/application), сарапшы болып алсаңыздар да болады. Ақтық мәреге шығатын сайттарды бірге анықтайтын боламыз дос!

Жеңімпаздарды он екі номинация бойынша анықтайтын болады. Олар:
  • Мәдениет және өнер
  • Білім беру, ғылым және тәрбиеенсаулық және спорт
  • Медицина, денсаулық және спорт
  • Жылдың бизнес-сайты: өнеркәсіп және өндіріс
  • Жылдың бизнес-сайты: жеткізу және сату
  • Жылдың бизнес-сайты: көлік тасымалдау және қызмет көрсету
  • Жылдың бизнес-сайты: консалтинг және сервис
  • Тақырыптық және ақпараттық ресурстар және порталдар
  • Интернет-дүкен және онлайн-қызметтер
  • Қоғамдық-әлеуметтік белсенділік
  • Мемлекеттік сектор
  • Жеке сайт
Және бұған қоса, тағы да келесі төрт номинация бойынша сайттар мен сарапшыны марапаттайтын боламыз:
  • Ең үздік халықтық сайт
  • Ең үздік халықтық сарапшы
  • Қазақша нұсқасы қарастырылған ең үздік сайт
  • Мемлекеттік тілдегі ең үздік сайт

Ал енді дос, тіркел де, жүлденің әділ әрі қызықты өтуіне ат салыс! Бәлкім Ең үздік халықтық сарапшы номинациясы өзіңе бұйырар.

Байқаудың ресми сайты: grant.kz/
Фейзбуктағы парақшасы: www.facebook.com/grant.kz.
Вконтактедегі парақшасы: vk.com/grant_kz
Твиттердегі парақшасы: twitter.com/Grant_Kz

Байқаудың хэштегі: #grant13

1 пікір

Abylai
Көріп отырам, бәрін қарап отыратын боламын. Кім тіркеліп, дауыс беріп отырды, кім тіркелмеді бәрінің тізімін жазып отарамын.
Тіркеліп дауыс беріңдер ептілер!
Сізге деген махаббатпен, Бөбек қоры ©
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.