Facebook әлеуметтік желісін қазақша аударуға көмектес!

Интернет қолданушы үшін /
Интернет қолданушы үшін: Facebook әлеуметтік желісінің қазақша нұсқасы
Forbes.kz сайтына жаңа медиалар бойынша зерттеу тобының жетекшісі Асхат Еркімбай Фейсбук әлеуметтік желісіндегі қазақ тілі туралы сұхбат берген екен. Содан қазақша аударып сіздерге ұсындым.
Translator Community For Қазақша қосымшасының бар екендігі туралы
Асхат Еркімбай осыдан үш жыл бұрын АҚШ-та болған уақытында білген.
2010 жылы мен грантты ұтып алдым және Силикон алқабына бардым.
Біз онда Google, Facebook және Twitter кеңселеріне бардық. Мен Facebook кеңсесінің қызметкерлерімен кездескенде, әлеуметтік желінің жергілікті халыққа бейімделуі туралы мүмкіндік туралы сұрақ қойдым. Компания өкілі Facebook интерфейсін кез келген адам өз ана тіліне аударуға болатынын айтты. Мен «Translator Community For Қазақша» тобына қосылдым. Осы топтың әрбір қатысушысы әлеуметтік желідегі аудару жұмыстарына өз аудармасының нұсқасын, сөз тіркестерінің нұсқаларын ұсына алады. Және әрбір қатысушы өзінің жанына жақын нұсқаға дауыс бере алады.
Қазіргі таңда Facebook әлеуметтік желісін қазақ тілінде көргісі келетін топқа қосылған қолданушылар саны 500 адамнан астам.
Қазіргі таңда Фейсбук әлеуметтік желісінің 93 %-ы қазақ тіліне аударылды. Қалған 7%-ның аударылмай жатқан себебі, Facebook желісі бір орында тұрақтап қалған жоқ, жаңа функциялар, жаңа сөздер қосылуда. Біз оларды ескере отырып, анағұрлым дәл аудармалар іздестіреміз
– деді Асхат Еркімбай.
Асхат ағамыздың сөзінше, аударма ісіндегі қиындықтардын бірі еріктілердің әртүрлі мемлекеттерден, мысалы Қазақстан, Қытай, Моңғолия сынды елдерден болуы болып отыр.
Мысалы, мобильді телефонды біреу «ұтқыр телефон» деп аударса, ал енді біреуі «мобильді телефон», ал келесі үшінші қолданушы «ұялы телефон» деп аударады. Қолданушылардың басым көпшілігі қай нұсқаға басым дауыс береді, сол нұсқа интерфейсте пайда болып, қолданыла бастайды. Мысалы, басым көпшілік «ұтқыр телефон» сөзіне басым дауыс берсе, сол нұсқа қабылданып кетеді. Алайда, «ұтқыр телефон» сөзі Қазақстанда қолданылмайды.
Қазіргі таңда Фейсбук әлеуметтік желісі 50 тілге аударылған. Бірақ, олардың ішінде қазақ тілі жоқ. Дегенмен, Translator Community For Қазақша қосымшасын қосып алсаңыз, жүйеде қазақ тілі пайда болады. Тізімге қазақ тілінің қашан енгізілетіндігі әзірге белгісіз.
Мүмкін, бұл келесі жылы пайда болар. Барлығы қолданушылардың белсенділігіне байланысты. Мүмкін, қалған сөздер мен сөз тіркестері аударылып біткен болар, алайда қолданушылардың дауысы жетпегендігі себепті қалған 7%-ы аударылмай тұрған болар.Тек қана Facebook қана емес, Twitter де интерфейсінің қазақ тіліне аударылуына келісім берді. Интернет қолданушы үшін: Аударма ісіндегі белсенді қолданушылар үздіктер бағанында көрінедіДегенмен, Twitter –дің қазақша нұсқасы әзір жоқ, себебі қазақ тілінің осы әлеуметтік желіде болуын қалап сұраныс берген адам саны аз. Google компаниясымен де жағдай осылай.
«Вконтакте» интерфейсі де қазақша аударылған, дегенмен ондағы қазақ тілді аударманың жағдайы сын көтермейді, сапасыз аударылған. Қолданушыларға бұл ұнамаған соң, олар орыс тілінде қолданып жүр.
Егер сіз Фейсбук желісінің қазақша аудармасына үлес қосқыңыз келсе, www.facebook.com/translations/?app=1 сілтемесі арқылы өтіп қазақ тілін таңдап аударуға үлес қоссаңыз болады. Апталық, айлық, барлық уақыттағы, жалпы ықпалы бойынша үлес қосқан белсенді қолданушыларды көруге болады. Сондай-ақ осы топтың қолданушылары аудармаға қатысты мәселелерді талқылай алады.

3 пікір

semser_soz
Асхат Еркімбай қазақ тілді интернеттің дамуна үлкен үлес қосып жүр. Фейсбук әлеуметтік желісін қазақшалаауға үлес қосқым-ақ келеді… Бірақ................
muktybek
менікі 92 пайызды көрсетіп тұр
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.