Адамдық даналық

Абайла — Әйелді жылатпа…
Өйткені Құдай оның көз жасын санайды.
Әйел еркектің қабырғасынан жаралған.
Аяғынан емес — қорланбау үшін,
Басыннан емес — басынып кетпеу үшін.
Бірақ жанынан, жаныңа жақын болуы үшін
Өзіңмен тең болуы үшін…
...Қолтықтың астынан — қорғаулы болуы үшін…
Және де жүрек жағыңнан, сүйікті болуы үшін

6 пікір

yesbolat83
Машаллаһ, жақсы жазылған екен. Бірақ, тоймай қалдым. Бұл хадис пе? Даналық сөз бе? Әлде, өзіңіз жаздыңыз ба?
Kan
өзі жазғанау шамасы.жақсы екен.
adai_make
"Әйел-жеті дұшпанның бірі" дегенді кім айтып еді? Адамның жұмақтан қуылуына себепші болған кім еді? Батырлардың әлсіз жерін жауына айтып қоятын кім екен? Баянға Ноянды атқызған кім? т.с.с.
yesbolat83
Ашулысыз ғой әйел затына, ағасы?
adai_make
Ашулы емеспін, халықтың аузынан естіген сөздерім ғой! Әйтпесе, менің де анам болған, әйелім бар, қыздарым жүр! «Халық айтса-қалып айтпайды» деген бар!
Jazko
"Әйел — жеті дұшпанның бірі" дегенді кім айтса да тереңінен ойлмаған біреу-ау шамасы. Жазғаным жоқ па "Әйел еркектің қабырғасынан жаралған" деп, оны дұрыстасаң сынады, тек ақылмен ғана жеңесің. Әр Әйел — бір әлем. Оның қыры мен сыры да әр түрлі
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.