Тілмен мәңгі қазақтың қазақтығы!

Қазақ халқының тарихы- елімізді қорғап қалған небір ерлік дастандарынан тұрады. Біздің ата-бабаларымыз Отанын қорғаудың небір асқақ үлгілерін көрсетіп, оны тарихтың көнерген парақтарына қанымен жазып кетті, көркем тілмен көмкеріп, әспеттеп, кейінгі ұрпаққа мирас етіп қалдырды.
Ұлттың басты белгісі-тіл. Алғашында адамдардың бір-бірімен қатынас құралы ретінде пайда болған тіл дами келе ұлттың аса маңызды көрсеткішіне айналды. Тіліне қарап ол елдің қаншалықты дәрежеде екенін байқауға болады. Тіл-еркін ел, тәуелсіз ел. Тіл шұбарлығы –әлі де бодандықтың батпағынан шыға алмай жатқандығының белгісі. Тіл-ұлт өмірінің аса маңызды бөлігі. Тіл дегеніміз –ұлт, ұлт дегеніміз –тіл. Тілсіз мылқау ұлт болмайды, тіл құрыса, артынан ұлты да жойылады. Өмір дегеніміз, күрес дейтін болсақ, тіл майданындағы қарусыз майданда қаншама тілдер жеңіліс тауып, онымен бірге ұлты да тарихи саханасын тастап шығып жатыр. Ұлттың болашағы оның тілінің тағдырына байланысты десек, әрбір ұлт алдымен тілін, сол тілдегі рухани құндылықтарды көзінің қарашығындай сақтай білуі керек. Тіл тағдыры-ұлттың, ұлт болып өмір сүруінің, ұлт болашағының мәселесі. Сондықтан да ұлт зиялылары осы мәселеге назарды ұдайы аударып отырған. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы, біресе, желсіз түндей тымық, біресе, құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, аспайтын саспайтын сабырлы мінезі –бәрі көрініп тұр. Қазақтың сары даласы кең, тілі де бай.
«Қос тіл-қос қанатың», «Үш тілді білу –бүгінгі күннің талабы» дегендей сөздермен халықтың басын қатыра бермей, «мен –қазақ, қазақпын деп мақтанамын», «ана тілің-арың бұл», деген сияқты тағлымы мол ойларды ұрпақтың санасына жеткізу керек деп ойлаймын. «Ұлттың мақтаныш сезімі- әрбір адам үшін бұзылмас заң»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Қазақтың мүддесін қорғайтын қазақ тілімізді құрметтейік!

2 пікір

maulen
Ұлт жанды азаматшамыздың, ұлттық идеологиясы ой салды. Дегенмен, жеткізу кезінде сөз қолданысың ауырлық етеді екен. Әсіресе топтологияға бой алдырып қойған екенсіз. Жарайсыз, қалаыңыз қарымды болғай!
87758542995
Сәл ауыр тілмен жазған сияқтымын, соны түзетуге тырысамын.Рахмет!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.