Махаббат ыстық сезім

Интернет қолданушы үшін /
Өкініш
Махаббатсыз өмір бос демекші.Сегіз әріп, бір арман.Ұлы сезімге не жетсін жәнеде алғашқы махаббаттың балынан татпаған пенде кемде-кем шығар.Жалғыздық құдайға ғана жарасады демекші.Мен бір ай бұрын бір жігітті жолықтырдым.Сол жігітпен танысып, сөйлесе бастадым.Екі күн өткеннен соң ол жігіт маған сөз айтты.Мен бір апта ойланып сол жігіттің сөзін қабыл алуды шештім де өз келісімімді бердім.
Дәл сол күннен бастап күнде кездесе бастадық.Мен сол быраз уақыттың ішінде ұлы сезімнің дәмін таттым десемде болады.Маған сол жігітке жететін жігіт жоқтай көрінетін.Уақыт өте келе мен оны ұната бастағандай күй кештім.Ол таң ата мені көру үшін.Таңғы сегізден мені келіп көріп кететін.Таң атасы, кеш батысы ойым сонын жанында болатын.Үй ішім,құрбы-құрдастарым оны танитын.Кеш батысы ол маған келетін менің уақытым сол жігіттің жанында өтетін.Жүргенімізге бір ай толғаннан байланысты қаратал өзенінің жағасына бардық.Сол жерде қол ұстасып серуендеп жүргенде өте бақытты едім.Сол жерде ол маған дізерлеп тұрып менің көздеріме қарап маған тұрмысқа шығасын ба деді.Мен ойланбастан бастарттым,әлі ерте мен оқуымды аяқтауым керек.Оқуымды аяқтаған соң ғана тұрмысқа шығам дедім, ол ешқашанда ерте емес уақыт жетті мен сені өзім оқытам келіс деп ашуланып тұрып алды.Анамнан, туған-туыстарымнан ұят, алдымен ағам үйленсін сосын бырақ тұрмысқа шығам дедім,қыз қонақ, жат-жұрттық болғандықтан ағаңды тосудың не қажеті бар деп ашуланып үйге қайттық деп құшақтап мен сенен айырылғым келмейді, сен маған өте қымбат жансың жаным сондықтан тағы ойланып көр деп құлағыма сыбырлай айтты.Менің қуанышымда шег жоқ менде жаным сені жанымнан артық көрем деп еркелей тұстім.Сосын көліктің алдыңғы есігін ашты мен отырдым. Ол айналып келіп есікті ашып көлікке отырды.Көлікпен менің үй жағыма беттедік сол уақытта ашуланып үйге жеткенше тіл қатпады,үй жағыма тоқтап жаным мен сені қатты жақсы көрем деп батімнен сүйді.Мен де жаным сені жақсы көрем,қайырлы түн, түсіңде мені көр, ертеңге дейін күн жақсы дедім де көліктен тұсіп кеттім.Бірақта менде бір ұрей пайда болды менімен соңғырет қоштасып жатқандай көрінді жарайды бұйыртқаны болады деп үйге қарай баттедім.Ал ол мен үшге кіргенше көлікте тосып отырды мен үйге кіргенде ол бұрылып кете берді.Үйге кіріп терезе жаққа беттедім пердені жылжытып көшеге көз салдым, көшеде тірі жан жоқ.Ол үйіне ашу үстінде кетті деп өзімді кінәләй бастадым.Бірақ та тереңге ой жүгіртсем мен өз қылығыма еш өкінбеуім қажет екенін тұсіндім.Бөлмеме кіріп ұялы телефоныма көз сала минуттар өткен сайын қарай бердім.Хабарласама, хат хабар жазама деп тоса- тоса төзімім таусылды.Өзім хабарласқанға дәтім бармады.Уақыт тоқтап қалғандай көріне бастады.Сарғайа тоса-тоса көзім ілініп кетіпті.
Келесі күннен бастап ол өзін басқа қырынан көрсете бастады.Мен хабарласқанда алмайтын болды және келуді сағынуды да қойды.Оны қатты сағынғаннан кей кездері көзіме жас алатынмын.Қазір біраз уақыттан кейін келем деген кездері мен оны түн батқанша,үйқы қыссада күтетін жағдайға жеттім.Сол уақыттан бері мен оны түсінуден қалдым.Кей кездері ойланып отырып менен бір қателік кеттіма деп ойлайтынмын.Ең басты қателігімді тұсіндім ол жігітті шын сүйгенім де, жүргенімде қате болғанын.Бірақ та жүрекке әмір жүрмейтіні рас екен.Ұзын сүңғақ бойлы,қоңыр шаштары, көгілдір ботадай көзері, сүйкімді түр-әлпеті әлі күнге дейін көз алдымнан кетпеиді.
Мұқағали атамыз айтқандай: Сені іздедім у шараптан да.
Минуттерден іздедім, сағаттан да,
Сені іздеумен
Іздеймін тағат бар ма!
Сені маған егізғып жаратқан ба?
Дегендей.Сағынғанда бір көше бойынан көрсем ғой,әсем дауысын бір естісем ғой деп сезімнің тұңғиығына түсе беретін кездерім көп еді.Уақыт келе менде оны үмыта бастағандай өзімді алдаумен уақыт үздіксіз өтіп жаты.Көшеде келе жатқанда жан-жағыма қарап өткен көліктің ішкі жағына көз сала бердім мүмкін өтіп бара жатқан шығар деп өзімді мәжбүрлеумен болдым.Ойдан мұлдем шығару қиын екен, сол бір тәттә сезім, жанды баурап алатын даусы, хабарламаларыесіме тұсе беретін.
Көше бойында келе жатып оның жолдасымен жолығып қалдым.
-Ооо сәлем,қалың қалай, көрінбей кеттің ғой?-деп құшақтап баурына басты
-Мен жымйа, менде барі ойдағыдай,өзің не бітіріп жүрсің?-дедім.
-Сол әскерге қағаз жинап жүрмін.
-О жолың болсын аман есен орал әскерден.
-Рахмет көңіліңе Шыңғыс қалай көріп жүрсіңбе?-деп ыңғайсыздана сұрады.
-Ыңғайсызданбай,ұялмай сұрай бер не білгін келеді.
Ода қазір барлығы ойдағыдай.Бірақ оны көрмегелі бір неше күн өтті.
Айтпақшы екеуің айрылысып кетіпсіңдер ғой, не себептен айрылыстыңдар, не себеп болды?
-Сен сұрама мен айтпайақ қойайын ренжімесең?
-Жо-жоқ ренжімим ашық,қысылмай қалай болғанын айта бер.
-Сол жүргенімізге бір ай өткен соң досың мүлдем өзгеріп сала берді.
Не себептен екенін мүмкін сн білетін шығарсың?
-Айтсам ба, айтпасам ба?!
-Айта бер неліктен екенін.Құлағым сенде.
-Ол өзіне басқа құрбы тауып алған, семен айрылысудың амалын таппай. Содан ол саған салқын көңіл бөле бастады, сені ойына алуғада мүршасы болмады, сол құрбысына басы байланып қалғандай көрінеді.
-Жарайды мен асығыс едім, сау бол, тағы бір жолықанда әңгімемізді жалғыстыра жатармыз-деп кете береді.
-Мен үнсіз сау бол-деп орнымда қатып тұрып қалдым.Жүрегіме қанжар сүғып алып, жүрегімді тілім-тілімге бөлгендей күй кештім.Еріксіз көзден жас тама берді.Сол уақытта өте қатты есеңгіреп қалдым.Үй жаққа беттеп,үй ішіне жүгіріп кіріп бөлмеме барып есікті тарс жауып, жылап алдым,өмірдің мәні қалмағандай болып көрінді.
Сол кезде ақ парақты алып бар өткенді қағаз беттеріне түсірдім. Өкінуден не пайда болашақта жақсы жігіт жолықтырам, ол мені жанынан артық көретін болады-деп өзімді жүбатумен қалдым.
Терезеден,
Қарап түрмын, бүгін күз.
Сезім кетті қолын бұлғап күдер үз.
Күні бойы біреуді іздеп жүремін,
Бақ ішінде ары-бері мен жалғыз.
Интернет қолданушы үшін: Махаббат ыстық сезім

2 пікір

ulzhankzz
Өкінішті, бірақ өміріңіз алда! Көз жасты текке төкпеңіз, жақсы күннің бәрі алда күтіп тұр.
тек сәттілік тілеймін
aizhanka95
Иа менде солай ойлаймын, жигерлендиргенинизге коп рахмет.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.