Жаңа қазақша ойын - Көшпенділер!

Интернет қолданушы үшін /
Алғаш рет тек қазақтардың құрастыруымен, өткен тарихымыздан сыр шертетін — Көшпенділер атты ойын интернет тұтынушыларына ұсынылды. Қазірдің өзінде қолданушылар жинап үлгерген бұл ойын қазақылықтың үлгісін көрсетуде. Ойын 2д форматында жасалған. Алғаш тіркелген кезіңізде өзіңізге ат алып, руыңызды таңдауыңызға болады. Ойынның алғашқы кезеңі қасиетті Түркістан қаласында басталады. Бұл жерде жүріп сіз жауынгерлік тәсілдермен алға шығып, ұрысқа қатысып, деңгейіңізді жоғарлата аласыз. Тарихыңызды білгіңіз келсе кітапханаға барып, Мешіттен намаз үйренуіңізгеде болады. Шайқаса жүріп алтын жинап, тапқан ақшаңызға қару-жарақтар мен киім-кешектер ала аласыздар.Келіңіздер, ойнаңыздар, қазақ ойынының танылуына үлес қосыңыздар!
Веб-сайт: nomads.kz
Байланысу үшін: vk.com/nomadskz
Жоба авторы: Асет Оспанов


Ақпараттың негізгі көзі!

3 пікір

MSHERIMBEK
ойнадым :) менің бір жобама ұқсап кетеді екен :) www.slideshare.net/AtamekenStartup/kazakh-khanate-atameken-startup-shymkent-1517-2013
marat-sail
сонда бұл қандай жоба?
Бұл ойынды қалай бассам болады??
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.