Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Интернет қолданушы үшін /
Шынымды айтсам, өз қалам – Шымкентті дұрыс білмеймін. Бар білерім — қала қазақы, мұнда демалыс орны көп және безендірілуі ерекше.

Бос кезімде қаланы аралап, кішігірім саяхат жасадым, және өзім тұтынатын Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығын тексердім.

Сонымен, Шымкент қаласын толық көргісі келетіндер «Абай» паркіне келу керек. Себебі саябақта көзбен шолу дөңгелегі бар. Және мұнда велосипед тебуге болады. Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы төмендегідей:
Интернет қолданушы үшін: Абай паркі

Бірнеше жыл бұрын «Қазақстан» кинотеатрына жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп естіген едім. Алғаш және соңғы рет 2-курс оқып жүргенде бардым-ау. Үлкен еді. Бір себептермен жабылып, мынадай күйге түсіпті. Мобильді интернет жылдамдығын қарауды ұмытпаңыз:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Мега орталықтағы Теле2 мобильді интернетінің көрсеткіші:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Жолай М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті маңайындағы мобильді интернетімді тексердім. Айтпақшы, мұнда абыр-сабыр. Абитуриент кезім есіме түсіп кетті.


Жастар аллеясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Әдемі демалыс орны болатын шығар. Мұнда тегін Wi-Fi орнатылған деп еді, бірақ әлі дұрысталмаған сияқты. Біресе ұстайды, біресе жоғалып кетеді. Ал менің интернетімнің көрсеткіші төмендегідей болды:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

«Қиыл әлемі» саябағы кішкентай балаларға арналғандықтан ба, мұндағы жылдамдық былай болды:


«Кең баба» этносаябағына аққу көру үшін баратын едік. Алайда бұл жолы қос аққумен жолыға алмадым. Саябақта тамақтанатын орын бар, кездесу үшін керемет орын :). Интернетімнің де жылдамдығы жаман емес:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Орталық саябақта алғаш рет болдым. Күн қатты ыстық болған соң, құймалы балмұздақ жеп, рахаттанып демалып отыр ем, қасыма бейтаныс аға келіп, жөнімді сұрай бастады. Сөйсем, колледж грантын ұсынбақшы екен :). Интернетімнің жылдамдығын өлшедім де, Тәуелсіздік алаңына қарай бет алдым. Айтпақшы, мұнда да тегін Wi-Fi-ға қосыла алмадым.
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Қазақ вальсінің королі — Шәмші Қалдаяқов саябағына соқпай кету мүмкін емес. Бұл саябақ ноталармен безендірілген. Және облыстан шыққан әншілердің, имхо, аты-жөні жазылған тақта орнатылған екен. Неке сарайы да осы саябақта орналасқан. Ал мұндағы көрсеткіш:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Тәуелсіздік саябағында 91 метрлік ту, «Алтын шаңырақ» ел бірлігі монументі және «Мәңгілік ел» монументі бар. Аумағы да үлкен. Алайда басқа саябақтарға қарағанда интернет жылдамдығы төмен. Мынадай:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Ал Шымкент Теміржол вокзалындағы мобильді интернет жылдамдығы жақсы:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Енді дендропаркке бару керек. Бірақ шатасып, Назарбаев зияткерлік мектебі маңайынан түсіп қалыппын. Мұндағы интернет жылдамдығы:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

«Metro»-да:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Ендігі маршрут – дендропарк. Мұнда «гулянкада» жүрген жас жұбайлар көп екен. Кептеліс. Есесіне интернет жылдамдық көрсеткіші керемет:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Нұрсәт-2 мөлтекауданында:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Мұнда адасып қалдым. Қайда екенімді білмей…


Сөйтіп, Самал-2 мөлтекауданынан бір-ақ шықтым:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

«Самал» базары маңайында:
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Былтыр өртенген «Бекжан» базары ашылған. Базарға қарама-қарсы үлкен мешіт салынды. Суретін кейінірек салармын.
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Ал ауылымда даинтернет жылдамдығы жақсы. Қаладан 15-20 минуттық жер. Бірақ картадан таппадым…
Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

Мұның бәрін картаға түсірген едім. Мінекей:

Интернет қолданушы үшін: Шымкенттегі Теле2 мобильді интернетінің жылдамдығы

ПЫСЫ: қала үлкен екен ғой…

3 пікір

beko
ООО ммәдес, күнде осында жүрсем де тестілеп салмаппын ғо. Не сотка? Ең жылдамдығы зоры, дендросаябақ пен теміржол жақ екееен. Рахмет))
qyrmyzy
НТС. Спидтест орнатып ал. Жүрген жеріңде тексеріп жүресің:)
ulzhankzz
интернетсіз қазір мүмкін емес! Ең бастысы үйіңізде дұрыс ұстағаны))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.