Жасанды жер серігі арқылы ғаламторға қосылу жайында айтсаңыздар...

Интернет қолданушы үшін /
Жасанды жер серігі аркылы ғаламторға (спутниковый интернет) косылу туралы ойларыңызды жазсаңыздар.
...Әрине елдің бәрі бірдей Қазақтелеком желісі арқылы мегалайнға қосылып отырған жоқ. Шалғай ауылдарда, шағын елді мекендерде телефон желісі мәселесі аліде болса толықтай шешіліп тасталмағаны анық. Тіпті қала, аудандардың өзінде қаланың шетінен үй салып, енді оған ауыз су, электр жарығы, жақын маңда мектеп, аурухана, орталық дүкендер.., бәрінен бұрын анааау орталықтан арқаланып азық-түлік тиеп акеле жатқанда «таксисттен ұялмай» үйіне жететін (жарығы болмасада) дені сау көшесіде жоқ аймақтар әлі де бар екені ащыда болса шындық. Ал мундай мәселелердің қасында «Мен интернетке кіруім керек, телефон тартып беріңіздер» — деген сөз біртүрлі күлкілі болып көрінуі ғажап емес :)
Рас мұның бәрі үкіметтің (дұрысы: сол елді мекен акімшілігінің) жұмысы.
Бірақ қазір бұл блогта ол мәселені талқыламаймыз әрине, біздің мақсат өзімізге керек интернетке сол телефон желісі арқылы қосылу мүмкін болмай жүрген жандарга басқада мүмкіндіктер бар екені туралы кеңес ету.

4 пікір

NoorBall
Жасанды Жер серігі арқылы болмаса да мен өзім қолданып жүрген DigitalTV-ның интернетін ұсына аламын. Біздің үйге телефон тартпаса да осы провайдердің USB-модемімен интернетке шығамын, айына 3500тг, модемге 2000тг. Ол сияқты провайдерлер көп болса да, 3Jet, Tele2 Beeline, Kcell-дың USB модемымен ұсынылатын интернеттің мүмкіндіктері осы айтылып отырғаннан гөрі төмендеу.
ERKEBULAN
NoorBall, DigitalTVдің жылдамдығы қанша?
KILYZAMAN
Вирустық шабуылдың астында қалып жүрген жоқпысың?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.