Google Sync қызметі

Интернет қолданушы үшін /
Chrome браузерінің соңғы нұсқаларына қарасаңыз, бұрышынша Google Sync қызметіне авторизация жасау туралы белгіні көресіз. Ұқпай жүргендер үшін кішігірім анықтама беріп өтуді жөн көрдім.
Бұл Google ұсынатын сервистердің бірнешеуін синхронизациялау үшін таптырмайтын дүние. Қарапайым тілмей жеткізуге тырысып көрейін. Мәселен, сіз үнемі үйіңізден интернетке кіресіз делік. Барлық ақпарат пен күйіңіз үйдегі компьютерде сақталған. Ал басқа жаққа (мысалы, жұмысқа) барғанда біраз уақытқа дейін үйрене алмай ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Осы жағдайда сізге Google Sync көмекке келеді. Өзім қолданып жүрмін.
Өзім көрген артықшылықтары:
1) Кез-келген жерде Chrome браузерімен интернетке шыққалы тұрсаңыз, Google Sync сервисіне авторизация жасасаңыз болғаны. Үйдегі компьютеріңіздегі барлық баптауларды жаңа отырған браузеріңізбен үндестіріп қояды.
2) Өзіңіз кірген барша сайттардың тарихын сақтайды.
3) Кей сайттарда сіздің кілтсөздеріңізді де сақтап тұрады.


Бұл қызмет сіздің кез-келген жерде өзіңізді әдеттегі қалыпта интернетте қиналмай серфинг жасауыңызға жақсы ықпал ететінін айта кеткеніміз жөн. Бұл қызметті Google Сhrome браузері орнатылған Windows, Linux, Mac амалдық жүйелерімен қоса мобильдік Android, Blackberry, Symbian, iPhone & iPad, Windows Mobile-дардың кез-келгені қолдайтынын ескертіп өткенім жөн.
Одан басқа Calendar, Gmail, Docs қызметтері, телефондағы контактілердің тізімдерінде дейін осы арқылы синхронизация жасай аласыз. Сондықтан егер Chrome браузерінің қолданушысы болсаңыз, мына қызметтен құр қалмаңыз:)

14 пікір

erke_ky3
Оооо, жақсы ақпарат екен. Рахмееееет :))
qyrmyzy
күшті, бірақ мозилланы көп қолданады екем… Бірақ өз ноуытымда ғана поштамда, фбға кіре алам, паролімді ұмытып қаппын. Хромның мына функциясы ұнады. Рахмет!
Zevs
ол қай жерінде тұрады екен? мозилла соңғы кезде дұрыс қызмет жасамай жүр ғой. по полной тормозить етеді
qyrmyzy
ниетке байланысты…
ereke_enu
Керемет(((((
Korkem
Керемет(((((
ұйқаспай қалыпты, бірақ расында да керемет!!!
ereke_enu
Майкрософттан озып кете ма деп қауіптенем((((
KILYZAMAN
Расында керемет нәрсе өзі…
ereke_enu
Майкрософт қашан мықты браузер шығарады екен((((
AKA
Әбизөк көру керек екен, Google Сhrome — мықты браузер! Өзім соны қолданамын, расында да керемет :)))
ereke_enu
Кезінде дипломдық жұмыс қана болған Google, бүгіндері осындай алып компанияға айналарын кім білген. Күшік кездерінде Майкрософтқа жұмысқа алу керек еді екеуін… Эх…
AL-ASTER
Mende Maxthon Cloud тұр, тура осындай мүмкіндігі бар еді.

Енді гугл хром да қосып қойған екен ғой. Гуглді жақсее көрем ше)))

22 қаңтарда Agence France-Presse агенттігі корпорацияның тоқсандық есебіне сілтеме жасай отырып, олардың табысы 50,2 млрд долларға жеткенін және оның 2011 жылға қарағанда 32% артық екенін хабарлады. 

Google-дың соңғы тоқсандағы табысы 2,89 млрд долларды құрапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,7% жоғары.

Компанияның жылдық табысы 2011 жылға қарағанда 10% көбейіп, 10,7 млрд долларға жетті.

Google-дың табысы жөніндегі есеп жарыққа шыққаннан кейін компанияның акцияларының құны 3,5% артып, 730,03 долларға бағаланды.

Компанияның қаржылық көрсеткішінің жоғарылауы АҚШ-тың мобильдік және интернет-жарнама нарығы белсенділігінің артуымен тұспа тұс келіп отыр. Google бұл нарықтағы жалпы табыстың 41% иеленеді. Осыған байланысты есепте келтірілген мәліметтер сапаршылардың болжамынан асып түсті, деп жазады Bloomberg.

2012 жылдың мамыр айында корпорация Motorola Mobility компаниясын 12,5 млрд долларға сатып алған.
Все права защищены.
При использовании материалов BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.
При использовании материалов BNews.kz:
— в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях — бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт www.bnews.kz;
— в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта BNews.kz «www.bnews.kz».
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.