"Жекпе-жек" онлайн спорт клубы ("Айтабер!" блогтұғырының арнайы жобасы)

Жекпе-жек /
«Жекпе-жек» онлайн спорттық залына қош келдіңіздер, достар!
Бұл блогты өсіп келе жатқан және өсіп кетіп жатқан қолданушыларымызды спортқа баулу мақсатында жақсы ниетпен ашып отырмыз. Аты айтып отырғандай блог жекпе-жек өнеріне арналады.
Мәселе, жастарды төбелеске емес, қажет кезде өзін өзі қорғай білуге баулу. Ендігі аптадан бастап, теориялық және практикалық түрде қаламыздағы беделді спорт мектебімен келісіп, онлайн сабақтарды бастауды жөн көрдік. Келесі аптада төменде көрсетілген спорт түрлерінен бірін ұсынамыз. Алып-қосарларыңыз болса, төменге пікір ретінде жазсаңыздар өте қуанышты болатын едік.
  • Еркін күрес (вольная борьба)
  • Қолма-қол күрес (рукопашный бой)
  • Тайлық бокс (тайский бокс)
  • Олимпиада боксы (олимпийский бокс)
  • Таеквондо
Назар аударғандарыңызға рахмет!

34 пікір

MSHERIMBEK
ой тастаңыздар, достар, ооооой...:)
MSHERIMBEK
Олимпиада резервін дайындайтын жігіттер немесе Шығыс жекпе-жек өнері мектебінен болады.
dutov
Бундай жоба. шахматтанда болады ме екен?
Korkem
Садық-ау, бастамаң тамаша. Бірақ, ғұмыры келте болмас пе екен дейм дә. Әлгі шахматтың жалғасын әлі күнге күтіп жүрмін. Қызығушылығым еді…
MSHERIMBEK
Шахмат программамды Малайзияда қалдырып кетіп едім. Таппай қалдым, сол бойы:(
Korkem
әәә өкінішті-ақ…
Korkem
сондағы, шахматтағы пікіріңе назар аударжжіерш)))
MSHERIMBEK
шығаруға тырысамын. соны іздеуге құлық танытпай жүрген едім, ренжімегейсің;) сен үшін бәрі ғо:)))
Manas
О, жақсы бастама!
Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы сияқты онлайн клуб ашу керек.Осы сайтта тоғызқұмалақ ойнайтын азаматтарымыз баршылық.
Zhanat
Манастың айтқандарын қолдаймын.
Manas
Ал, ендеше іске кірісу керекқо)
Manas
Таилық бокс дегенді білмейді екем.гуглден таба алмай отырмын))
MSHERIMBEK
Муаи Тай
Manas
аа, Онг Бак киносы есіме түсті))
Karakulov
тура сол кикбокс сияқты, тек шынтақ пен тізе қосылады.
duman
охо оқи салғанда ойлап едім онлайн бір бірімізді тепкілеп ,ұрып соғамызба не деп шошып кетсеем!!!
қалжың ойыңыз жаман емес екен!!! Малдес!
SteVen_S_Sanzhar
Футболдан болған да
kozy
Шымкентте тұратын Айтаберліктермен футбол ұйымдастыруға болады. Егер өздері қаласа!
rauan
Менде осыны айтып едім өткенде )) Мен екі қолдап келісем =]]
kozy
Кешкі салқынмен))) Ақарыста немесе Пушкин мектебінің алаңында, болад ғоой))
rauan
ААА )) Мен ШЫмкенттің өзінде емес,қасындағы Ақсуда тұратын ем ]] Осы августің басында Айтаберліктер жиналып мини-футбол ойнасақ қалай? )
kozy
Жақсы мен қосылам, Футбол жайлы жарысып пост жазатын Айтаберліктер сіздер қалай қарайсыздар? 300 теңгелеріңізді қиясыздар ма?
rauan
сенің айтып отқан жерің қалай аталады? адам басына 300 теңгелік
kozy
Егер 10 адамнан көп шықса 2 сағат 300 тенгеден болады Ақарыста (Абай саябағының ішінде) Алаң керемет)) Арзандауы керек десеңіздер 150 теңгеден Пушкин мектебінің алаңы бар. Бірақ алаң нашарлау!
rauan
аааа )) бағаға емес сапаға назар аударған дұрыс қо… Мұнда Тулпар дегенде бар екен бірақ бағасын білмедім
kozy
Жоға Баке, сол баяғы ғооо)))
kozy
Таекван-ДОны айтсай… Пах шіркін! Қайран бала кезім ай!
kema
2020da Olimpiada oiyndaryna Karate-do kiredi, yagni WKF. Osyny da kossanyz bjaksy bolar edi))))
oljas
Шахмат пен тоғызқұмалақ үйрететін адамдар бар ма екен араларыңызда?
Erzhan
рукопашный бой жақсы:) онлайн болғанда аз-маз әдіс-тәсілдерін көрсете ма? реалда қатысып көрін, тренировкасы ужс енді:)
pari
Жақсы бастама!Іске сәт, жігіттер!
Неғой мен таэквандоны үйренгім келіп жүр еді.Мынау жақсы болдығо
User
қатыспайсың ба?
Madi
Сонымен, сабақ жүргізіліп жатыр ма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.