Садко немесе Қарасақал (Портреттік очерк)

Журфак /
Журфак: Өз ойым: Садко
Бала көңілдегі батыл ойлардың буынын реттеп, қағазға көгілдір өзен жүргізген көп күннің бірі еді… Біресе жұлқынып, біресе сілкініп қоятын сол өзенге шумақтар қосып отырған сәтте біреудің маған тесіле қарап тұрғанын сездім. «Әріпбаев» деп фамильямды атады.
Осы жұрттың атымды біле тұра атамның атымен шақыратыны несі? Кекеткендік пе, әлде маған есімімнен гөрі тегімді лайық көргендіктен бе?
Журфак: Өз ойым: кәйпты бұзып...
Шабытымның шырқын бұзғанның жақтырмай қарадым. Бойы аласа, жүзі ақшылдау, денесі мығым. Қасына үйлесе көрінетін қара шашы қайраттана қайқайып тұр. Бірақ бәрібір қайратсыз көрінеді. Түйенің өркешіндей өрнектелген бұлшықеттері (качок) болмаса да, дене бітімінен жылдам әрі епті қимылдайтыны көрініп-ақ тұр. Мұрнын тыжырайтып, тартып-тартып қояды. Қарапайымдықтың белгісі, сірә. Бейтаныс…
Жақындап келіп, «қалың қалай бауырым?» дей бергенде жанарына көзім түсті. Ғажап дүние… Қос қабат көзқарас. Қосарланған ойлар… бейне бір ішкі дүниемді ақтарып қоймасын дегендей көңілдің айнасы – көзіндегі терең ойларды, мұң мен мақсатты балалық пәктікпен бояп қойғандай. Таныс құбылыс…
Осыдан екі жыл бұрын жас ақындар мүшәйрасында алдымды орап кеткен Садық емес пе?! Талайдың қошеметіне бөленіп еді-ау сонда. Ойда жоқта екінші орынмен қанағаттануыма тура келгесін басында біраз ренжігенім де бар. Бірақ бір күндік әңгімеден кейін ағамдай боп кетіп еді. Оның талантын сол кезде-ақ мойындағанмын…
Иә, бір көрген сұлуға ЖЕТПІС ЕКІ шумақ өлең арнаған нәзік жүрек осынікі… Арада екі жыл өтсе де, жарқ еткен бейне жанарымнан әлі өшпепті. Бет-бейнесі қатты өзгеріпті…
Сондағы әңгімеде
«қазақ үшін қопарар тауымыз көп»
деп еді. Ол кезде мағынасын түсіне қоймаппын. Қазір де түсінгенім шамалы.
Журфак: Өз ойым: достық
Сол түні 5-ші бөлменің жарығы сөнген жоқ. Талай таудың да шыңына шықтық, талай теңіздің де тереңдігін өлшедік. Жыр да оқылды, сыр да айтылды. Бір байқағаным, Садықтың өмірі өлеңіне, өлеңі өміріне тұтасып кетіпті. Көңіліндегі сырды өлеңдерінен танисың. Неткен шеберлік… Көз көрсе де, көңіл сезе бермейтін теңеулер. Ерте көктемдегі таңғы сәуле сияқты. Асқан ыстық сөздер жоқ. Білінер-білінбес сәулемен тұла бойыңды өртеп жібереді. Көңіліне дауыл сыйлаған сулулар жайлы тіркестерді оқи отырып, өлеңдегі аруға қалай ғашық боп қалғаныңды өзің де сезбейсің…
Бір мектепте оқысақ та Садконы (ол кездегі лақап аты Садко болатын, Қарасақал дегені кейін шықты ғой. Ол кезде сақал түгіл мұрт та жоқ) айына бір-екі рет қана көретінмін. Бірақ оның бір сағаттық әңгімесі босқа өткен талай күннен артық тұғын. Туған ағам сияқты.
Бір күні менен «қанша сабақтан үшің бар?» деп сұрады. Мен біртүрлі сасып қалдым. Кілең бестік болғасын ба, не дерімді де білмедім. Сонда ол маған:
«Өмірде барлық нәрсе бағаға кеп тірелмейді. Мектеп тек бағыт береді. Сол бағыттың өзіңе жақын біреуін таңдауың керек. Өмір жолың сол болмақ»
деп еді. Шынында да, барлық сабақты үздік оқығаныммен, кім болам, қай салаға барам деп өзіме сауал қоймаған екенмін…
Мен оныншы сыныпта оқып жүргенде Садық IT университетінде бірінші курс студенті еді. Шымкентке демалысқа келіп, үйіне қонаққа шақырды. «Қарасақал» деген лақап атпен қазақ интернетіндегі беделді блоггерлердің бірі боп үлгеріпті, біршама сайттардың да авторына айналыпты… Сол кезде, мен оған «Ақындық пен математиканы қалай бірге алып жүрсің» деп сұрақ қойдым.
«Бізге бәрін істеу керек»
деп бір ауыз сөзбен қайырды. (Кейіннен білдім, саясатта да, ғылымда да, публицистика, көркем әдебиетте де орны ерекше Ахметтің Мұхтарға айтқан сөзі екен. Оның мағынасы қазақ қай салада ақсап тұр, сол саланы дамытуымыз керек дегенге келеді).
Оқу ұнамады ма, әлде оқытушылар ұнатпады ма, ол оқудан шығып кетті. Біраз уақыттан соң, Малайзияға оқуға тапсырды. Aitaber.kz сол кездері өмірге келді.
ҚазҰУ-дың жатақханасына бір күні сақалы шашынан ұзын біреу мені іздеп келді (қалжың).Біраз жағдай сұрасқан соң, ол маған ерік күші (сила воли) туралы біраааааз лекция оқыды. Оның айтуынша, кез-келген адам еркіне бағынып әрекет етуі керек. Мен оған көп миымды шірітпе деген жоқпын. Бірақ көңілімде «Егер бар дүние ерікке байланысты болса, сен неге ел деп, елдің алға аяқ басуы, дін деп жүрсің деген сұрақ туды». Оның ерік күші осы ұғымдардың мүддесіне сай құрылғанын кейіннен ұқтым. ..
Журфак: Өз ойым: Садко немесе Қарасақал (Портреттік очерк)
Бір сұхбатында «Еңбегім Билл Гейтстікіне жете қойған жоқ» депті. Таныс тіркес. Бірде «Өлеңің сұмдық екен» дегенімде, «әлі Мақатаевқа жете қойған жоқпын» деп жауап берген. Талабы мен таланты ұштасқан жан десем артық емес шығар. Қазақ жастарына үлгі болуға лайық-ақ. Болмасаң да ұқсап бақ. Жоқ, оның боларына сенім мол. Тек, жанарыңдағы қосарланған биік арман мен балалық пәктіктен айырылмасаң екен...

34 пікір

gulmyra
мен бул очеркти автордын оз ауызымен окыганын естигем, енди керемет жазылган, сол сатте ол ким екен деп ойлаган едим, мине ол адам Карасакал екенин билдим, шыгармага берер багам шексиз, кайталана бермейтин суреттеулер мен тенеулер… жарайсын, конилимнен шыкты…
jalyn
рахмет))) көңіліңнен шыққанына қуаныштымын
yesbolat83
Алға, қазақ жігіттері! Ел қамын ойлаған азаматтар саны арта берсін!
jalyn
Айтқаныңыз келсін. Сол азаматтардың жігері дұрыс тарапқа бағытталып, елдің игілігіне жараса тіптен керемет болар еді.
qyrmyzy
Жақсы жазылыпты!
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Өте жақсы жазылған екен.
FaraOn1
Садық ақын екенін жаңа білдім. в шоке)))
jalyn
ақын болғанда қандай))) Ол жігіт бәрін үнсіз тындыратындардың қатарында)
didi0393
Mynadan keiin Sadkoga kalai gawyk bolmaisyn?)))
Keremet teneuler.jaksynyn jaksylygyn ait nury tassyn demeima, Jalyn jaradyn!
jalyn
рахмет. Садықтың бейнесін кішкене болса да аша алғаныма қуаныштымын.
MSHERIMBEK
qoiynyzsh, uyaltpai)))
jalyn
ұятсызға ұялған жараспайды. кейіпкер таңдауда қателеспегеніме қуаныштымын…
nurbanu_KAMAL
Өте керемет! Очерк 20-ғасырдағы кәсіби жазушылардың қаламынан туғандай екен! Қос қабат көзқарас, қосарланған ойлар… Әдемі. Қосарланған биік армандармен балалық пәктіктің қатар жүргені қандай керемет! Автор да, кейіпкер де, жарайсыздар!
jalyn
рахмет))) кейіпкердің керемет екені талассыз…
Kan
Ой шіркінай
Соңғы өңделген уақыты:
jalyn
жоға бәрі болған оқиға. жүректегі толғаныстар. ойдан жазылған дүние жоқ.
jalyn
Кейіпкеріммен бүгін тағы жолықтым. Ұзақ уақыт өтіп еді… Шүкір, биік мақсат та, балалық пәктік те орнында екен
Abylai
пәк қо пәк
beko
)) иа, жақсы жазылған, жақсы мақталынған ол рас.
jalyn
Енді, портреттік очерктің кейіпкері мақтауға тұрарлық, ісі өзгелерге үлгі боларлық адам болуы тиіс емес пе?!!! Мына жерде толығырақ жазылған!
beko
Мынауың тіптім аз ғо, мақтағаныңды айтамын Сакең туралы.
ең анандайын алғансың ау сірә, ее дұрыс тәәә.
assiya_nurlybaeva
Жарайсың, Айдос! Керемет жазылған дүние. Меніңше, барша оқырманның көңілінен шықты деп ойлаймын. Қарасақал деген кісі кім деп жүруші едім, енді біліп жүретін болдым) Кейіпкер де, автор да керемет жандар екеніне көзім жетті. Жасасын, қазақ жігіттері. Еліміздің мәртебесін көтеріп, биіктерге самғататын сіздерсіздер) Ал, біз, қазақ қыздары, сіздерге дем берушілерміз)))
jalyn
рахмет))) Қыздар дем беріп жүрмесеңдер, жігіттер кімге керек
begymsulu
өте әдемі, алтын! сіздің қыл қаламыңыздан осындай әдееееееееееемі туындыларды күтеміз.
dimash
Анау мынау адам емес екенін біліп жүр едім)) уважуха Садық бартқа да авторға да!
ai-naz
Салмақты да, салиқалы да дүние жазыпсыз! Жарайсыз!
AKA
Мынадан кейін Садко өзін ешкімге қимай, өзіне-өзі ғашық бокетпесе игі еді :)))
Иә, дәл солай, ФБ-да Ертай Нүсіпжанов ағамыз қарапайымдылық турасында пікір жазып еді, сондағы қарапайымдылықтың екінші түрі Садықта бар. Мен сол қарапайымдылығы үшін бұл жігітті қаааааааатты сыйлаймын ғой. :)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.