Кезің келер ойланар...

Журфак /
Сүйгеніме арнаған алғашқы өлеңім...

Бар сенімін алам деумен,
Алаулаған, сен сыйлаған алып ұшқан сезімнің,
Бұл жалғанда барша қыздан,
Бар сұлудан, бар бақыттан безіндім.

Қай бұрышқа барсам дағы,
Қай ұшқынмен жансам дағы,
Бере алмады бір сәтінде
Сенің нұрлы көздеріңді көрген алғаш кезімнің...


Кірпігіңнің әр ұшына
Ұялаған әрі бақыт, әрі мұң.

Сұлулықтың бәрін көрем,
Нәрін сезем, бақыты сол бәрінің…
Сол бақытқа ғашық болмай,
Асық болмай жүр десеңші, әлі кім?!..

Кірпігіңнен келген үшкір найзалар,
Жүрегіме жылу болып жайланар.

Сезім егер,
Сезім егер ұлы күшке айналса,
Сенің де бір кезің келер
Төзім білмей ойланар...

6 пікір

gulmyra
Алгаш жазган оленин екени коринип тур, идея керемет, бирак буын бунактан кеткен сякты кателик… дегенмен керемет…
jalyn
білмедім, маған ұнайтын ұйқас…
Kan
Сезім егер,
Сезім егер ұлы күшке айналса,
Сенің де бір кезің келер
Төзім білмей ойланар… керемет сөздер ұнады маған
assiya_nurlybaeva
Жеңгеме арнаған алғашқы өлеңіңді жазпсың ғой, әйтеуір..=)Ұнады, оңай дүние емес ғашығыңа арнап өлең жазу, жарайсың, Жалындаған жас жігіт)
jalyn
рахмет қарындасым… ия, сүйгеніңе жыр арнау да бір қиын дүние ғой… не жазарыңды білмейсің
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.