Мұқағалиға жауап...

Журфак /
Журфак: Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Мұқағалиға жауап...
Бүгін өмірдің ағы мен қарасын ақ қағазға оюлап өрнектеген ноян ақынның туған күні…
Жүрегінен талайды жылатып, қуантқан жырлар сарқырап аққан ақынның «Ақын ініге» деген өлеңін оқып едім.
Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған,
Мен — бір бәйек жорғамын байпаңдаған…
Күлесің-ау,
Күлесің… Сайтан-бала
,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Ұмтыла бер ұрынбай құзат-жарға.
Мен сүрінген сөреден ұзап бар да,
Уат, мейлің, жанымды сызат шалған,
Бірақ менің жырыма тұзақ салма!
Жырым менің — жалғызым, жан дауысым.
Жан дауысым!
Жоқтаған ар-намысын.
Ар-намысы тапталып қалмау үшін,
Арпалысып, әлсіреп қалғаны шын…
Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған!
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Қарапайым жырымның дәнін ал да,
Қауызын,
Сайтан-бала,
Қайтар маған.
Осы өлеңді оқығаннан кейін туған өлең:
Журфак: Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Мұқағалиға жауап...
Жауап...
Иә!..
Мен айтамын ойыңды айта алмаған,
Ақын болам еш заттан тайсалмаған.
Иә, менмін өзіңнің сайтан балаң,
Мұқағали өзіңсің қайсар ағам…

Мен айтамын ойыңды айта алмаған,
Сырыңды ақтарамын байқалмаған.
Бір шоғы тиген сәтте жалын жырдың,
«Мұқағали келді» деп айтар далам.


Жеткіземін ойыңды жеткіземін,
Сөзімді сүйектерден өткіземін.
Музаңның арқасында мұра еткен,
Не қуантам, не көзден жас төккіземін.

Суырып дәнін алдым жырларыңның,
Кір денеме,
Кел тілге,
О, Муза жырла бүгін!

Мұқағали бойында еркін өскен,
О, поэзия, өнеріңді,
Мына менің тәнімде шыңда бүгін...


Көктен қара,
Тілеуімді тілеумен өткел сана.

Жалғызыңды баптаумен шыңға, көкке,
Жеткізерін байқайсың Сайтан бала!

Жырыңды әлди айтып тербетемін,
Тербетемін,
Өкпелеме, ей, аға!
Оны талай терлетемін,

Қыр асырып қияға өрлетемін,
Мен осыған өміріммен серт етемін.

Тәмамдадым жыр кітап, мектебіңді,
Жазам енді жаңа жыр,
Ашамын жаңа кітап беттеріңді,

Тілім қылған көп ақын наданданып,
Жамаймын елге берген шекпеніңді.

Күлемін,
Әрине, күлемін!
Кеше мен Музаңа құл едім.
Ал, енді батаңды алған соң,
Шабытқа бұйыруды да білемін.

Ақын болам, алмас болам тайпалмаған,
Ешбір сөзің қалмайды айта алмаған,
Көл қалмайды жырыңа шайқалмаған,
Лебізімді әлі-ақ байқар ғалам!
Адам қалмас Музаңды ойға алмаған,
Құлақ қалмас
Үніңді,
Жан сырыңды,
Өлеңіңді естімеген айқайлаған!

Мен айтамын ойыңды айта алмаған,
Сайтан балаң сөз берді, қайсар аға!..

5 пікір

maulen
Жарайсың Жалынды ақын, Айта алмаған ойларды жеткізетін көпір бола біліу әркімнің ақ қолынан келер. Дегенмен соз жүзінде емес, іс жүзінде келсе игі болар еді. Тек алға, бауырым!
jalyn
Өзіме через-чурь көп алып қойғанымды білем, бұҚаҚаҚа Дегенмен болмасаң да ұқсап бақ дейді ғой… Рахмет Мәке)))
Jako
jalyn, Азаматым аман бол, талабыңа жет, тауың шағылмасын! Арыныңнан байқалып тұр алар асуың алда, сол асуларға талмай жет деген ағалық тілегімді қабыл ет! Аруағыңнан айналайын Мұқаң, бір аунап тұрған шығар деймін.
jalyn
Рахмет аға! Айтқаныңыз келсін.
korwinin_kyzy
Маладессын жарайсын жарадын сен
Кімге жауап жаздын сен білемісін
Қара жаяу адамбес Мұқанғой ол
Ойлансаншы Жалын ау түсінемісін
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.