Жаңа медианы меңгерген мінсіз мемлекет моделі

Журфак /
Журфак: Өз ойым: мінсіз мемлекет деген сипаттамаға сай сурет табу қиын екен НАҚ«Мемлекет» ұғымы алғаш пайда болғаннан бастап адамдар санасын мінсіз мемлекет жарату идеясы мазалап келеді. Кез-келген адам өз қабілеті мен әрекетіне сай өмір сүруді қалайды. Билік, үкімет, парламент, т.б. барлығы осы қалаудан туған.
Жыл сайын орташа жалақы деңгейі жоғарылауда. 2007 жылы 45000 болса, 2012 жылы 98000. Бірақ бұл тек номиналды жалақының деңгейі ғана. Бұдан бес жыл бұрын тауарлар бағасы қандай еді, қазір қандай? Қазірмемлекет бағаны қадағалай алмайды. Мәселен, судың бағасы өсті. Одан кейін суды қажет ететін тауарлар бағасы қымбаттайды. Тауарлар бағасы өскен соң, адамдар да өз еңбегін қымбатырақ бағалайды. Осылайша ақша құнсыздана береді. Онымен қоса, жемқорлық, ел ақшасының қолды болуы, жалақының төленбеуі тағысын тағы сансыз проблемалар.
Журфак: Өз ойым: шешілмеген проблемалар
Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің басқару тетіктері мен технологиясы ескірген. Ол жоғарыдағы проблемаларды шешуге қауқарсыз. Жаңа жүйе қажет. Бүгінгі технологияларды пайдаланып, «Жаңа медианы меңгерген мінсіз мемлекет моделін» жасап, қолдануға толық мүмкіндік бар. Бұл модель шығындарды мейлінше азайтып, жоғарыда айтылған адамдар көңіліндегі тілекті орындай алады. Оның қысқаша концепциясы төмендегідей.
Ең алдымен, мемлекеттегі жалғыз саудагер мемлекеттің өзі болуы тиіс. Қазір елде жүздеген базарлар, мыңдаған сауда үйлері және дүкендер бар. Олардың іс жүргізу тәртібі қарапайым. Белгілі бір тауар (мысалы, жейде) 150 теңгемен «Барахолкаға» келді делік. Ол жерден өзге базарлар 300 теңгеден сатып алып, жейдені халыққа 600 теңгеден сатады. Соның салдарынан тауардың бағасы төрт есеге өсіп елге жетеді. Ал, «Барахолкадағылар» көтерме бағада (300 теңгеден) тауарларын тек саудагерлерге сатады. Сол себепті, «Барахолканың» да, жай базарлардың да саудасы жақсы. Ал, саудагерлер көбірек пайда алу үшін тауар бағасын арзандатып, көп тұтынушы жинауға тырыспайды. Олар тек тауар бағасын қымбаттатады. Шынында, 450 теңгеден екі жейде сатқаннан 600 теңгеге бір жейде сатқан артық емес пе? (екеуінде де пайда 300 теңге). Бұл жалғыз жейдеге қатысты емес. Барлық тауарлар осылай бірнеше қолдан өтеді (бірнеше есе қымбаттайды). Яғни, халық өзін-өзі алдауда. Өкінішке орай сауданы кәсіп еткендер саны өте көп.
Журфак: Өз ойым: қанша миллион ақша кетті десеңші....
Ал, кейбір сауда үйлері жейдені бірнеше он мыңға бағалайды. Иә, сапасында айырмашылық болуы мүмкін. Бірақ ол жейде де матадан тігілді емес пе? Әңгіме басқада. Ол сауда үйінің иесі қарапайым саудагерден әлдеқайда көбірек пайда табуы керек, сауда үйін тұрғызуға, сәндеуге, күнделікті шығындарын өтеуге кететін қаржыны қайдан алады? Мұның бәрі тауар бағасының жоғарылауына әкеп соқпай ма?!
Егер мемлекет өндіріс орындары мен халық арасындағы жалғыз саудагер болса, тауар қолжетімді болар еді. Ал, мемлекет тауарлар бағасын қадағалай алар еді. Оны жүзеге асыру үшін мемлекетке интернет-магазин секілді қызмет көрсету қажет. Яғни, ел территориясында тауар сақтайтын қоймалар орналастырылып, ондағы тауарлар интернеттегі порталда көрсетілуі қажет.
Журфак: Өз ойым: адамдарға мемлекет осылай қызмет етеді
Мәселен, мен жоғарыда айтылған жейдені сатып алғым келсе, интернетке кіріп, оның адам денесінде қалай тұратынын көріп, тапсырыс беремін. Жейде менің ауданымдағы қоймадан жеткізіледі. Осы арқылы делдалдыққа кететін еңбекті, уақытты, адам ресурстарын, басқа да миллиардтаған долларға бағаланатын ресурстарды үнемдеп, оның жаңа құн, жаңа тауар (материалдық, рухани) өндіруге бағытталуы қамтамасыз етіледі. Соған сай жейденің бағасы 600 емес, 200 теңге болады (қоймадағы жұмыс кұшіне, жарық, жылу, транспорт сияқты өзге де ресурстарға кеткен шығындар ескеріле отырып). Бұл тәсілмен мемлекет ешқашан шығынға ұшырамайды, керісінше адамдардың бірін-бірі алдауын тоқтатып, жаңа игіліктердің өндірілуіне жол ашады.
Бұл тек сатуға қатысты. Онымен қоса мемлекет жалғыз сатып алушы да. Бұл өндіріс орындарының өркендеуіне жол ашады. Демек, елдегі импорт пен экспортты мемлекет жүзеге асырады. Бұл кеденге, саудаға байланысты барлық заңсыздықтарды жояды. Тауарларды сатып алу барысында сапа мен бағаның әртүрлілігіне баса назар аудару қажет.
Тауар бағасының өсуіне тауарды жарнамалауға кеткен шығындар да көп үлес қосады. Сондықтан, тауар жарнамалауға тыйым салу керек. Себебі, жарнама жаңа құн, жаңа тауар өндірмейді. Түрлі ұтыстар да соның ішінде. «Тауарды қалай таңдайды?» деген сауал тууы заңды. Бәрі оп-оңай: тауардың сатылу деңгейін ашық көрсетіп қою қажет. Ең көп алынғаны — ең тиімдісі. Тұтынушыларға пікір қалдыру, бағалау мүмкіндігі берілсе, бәрі де анық көрініп тұратын болады. Жаңа тауар туралы мәліметтер бөлек берілгені жөн. Жаңа тауар шығысымен оны бағалаушылар табылады. Әр тауарға мамандар пікірін де қосуға болады.
Ал, ұзақ уақытқа шыдамайтын азық-түліктерді дүкендерде сатуды қолға алу керек. Бірақ дүкен мемлекеттік болуы тиіс. Сатушы әр тауардан пайданың белгілі бір пайызын жалақы алып отырады.
Бұл әрекеттерді жүзеге асыру барысында ақшаның қолды болу қаупі жоғары, әрі оны пайдалану да тиімсіз.
Журфак: Өз ойым: электронды ақша
Сондықтан, ақшаның орнына электронды ақша қолданылады. Бұл да ақшаны жасауға, қорғауға, сақтауға, жеткізуге кететін шығындарды жояды. Ақшаға қатысты кез-келген операция мемлекет арқылы, яғни мемлекет қызмет көрсететін интернет портал арқылы жүзеге асады. Тиісінше,банктердің ешқандай қажеті жоқ. Банктерге кеткен ресурстар да адам игілігіне бағытталады. Несиені мемлекет беретін болады. Бұл жүйеде адамдар ақшасы интернеттегі шоттарда болады. Оны электронды банк деуге де болады. Барлығы виртуалды, артық шығынсыз. Адам мен мемлекет порталы арасында өте жоғары деңгейде қорғалған байланыс болуы керек. Осы арқылы заңсыз әрекеттердің 80-90 пайызын жоюға болады. Себебі, заңсыздықтардың дерлік барлығы ақшамен тікелей байланысты. Кез-келген ақшаға қатысты әрекет мемлекеттің бақылауында болғандықтан, жемқорлық та жоқ, бір заңсыз әрекеті үшін ақы төленбейді де. Электронды шоттарға қатысты ақпараттар компьютерде жазылып, ол мәліметтерді мамандар бақылап отыруы тиіс. Мемлекетте ешкімнің қолында нақты ақша болмайды. Соның нәтижесінде ешкім шетел асып, халықты тонай алмайды.
Журфак: Өз ойым: Ешкім тонай алмайды
Елдегі материалдық өндіріске жатпайтын салаларды дамытуда да электронды әдісті қолдану өте тиімді. Мәселен, бір көркем фильм жарыққа шықты делік. Ол интернет порталдың тиісті бөліміне қойылады. Оны көрген көрермендер, пікір қалырушылар және жүктеп алушылар саны қаншалықты көп болса, оған төленетін ақы да арта бермек. Сәйкесінше, пайдаланушы осы көркем фильмді көрген, жүктеп алғаны үшін электронды түрде ақы төлейді. Ортадағы делдалдарға кеткен шығындар көлемі аз болғандықтан, фильмнің бағасы да арзандай түседі. Немесе оның дискіне интернет портал арқылы тапсырыс беріп те алуға болады. Кітап саудасы да осылай жүзеге асады. Бұл жан-жақты тиімді болмақ. Елдегі фильм мен кітаптардың заңсыз сатылымын жоюдың да жалғыз жолы – осы. Газет, журнал, телеарна, радио да осы тәртіппен таратылады.
Журфак: Өз ойым: кәсіпорын
Кез-келген кәсіпорын мемлекет меншігінде болуы тиіс. Мейлі, кәсіпорынды ашқан адам (иесі) пайданың тоқсан пайызын алсын. Бірақ кәсіпорын мемлекеттік болуы тиіс. Кәсіпорын иесіне тек пайдалану құқығы мен өз қызметін, яғни пайдалану құқығын мұраға қалдыра алу құқығы берілсін. Сонымен қоса, адам қаза тапқаннан соң, оның бүкіл ақшасы нөлденуі қажет. Мұраға жеке мүліктен әр баласына бір үй, бір көлік қалдыра алатын болсын. Егер баласы мұраға қалдырылған кәсіпорынды бір жыл ішінде игере алса (пайдасы шығынынан көп болса), ол өз орнында қалады. Керісінше болса, өзге мұрагерге беріледі немесе лайық кандидат қойылады. Осы жағдайларды ескере отырып, адамдар балаларына деп ақша жинамайды, кәсіорындар салады. Кәсіпорын саны қанша көп болса, балалары таба алатын пайда соншалықты арта береді. Бұл тәртіп енгізілсе, адамдар мейлінше көп кәсіпорын салып, өз тәжірибесін балаларына бұрынғыдан да жақсырақ үйретеді. Мұрагер кәсіпорынды игере алса, сол кәсіпорынның тоқсан пайыз пайдасына ие болады. Бұл мемлекетте адам саны қанша көбейсе, кәсіпорын саны сонша көбейеді деген сөз. Осылай халық өзіне өзі жұмыс орындарын ашып, өз қажеттіліктерін өзі қамтамасыз ете алады.
Кәсіпорындар саны көбейген сайын олар әртүрлі саланы қамти бастайды. Өйткені, шығыннан пайданың көп болуы үшін бар тауарды шығарғаннан гөрі жоқ тауарды ойлап табу әдісі тиімдірек. Шығынға батып бара жатқан кәсіпорынның басшысын ауыстыру арқылы көптеген проблемаларды шешуге болады. Мысалы, банкрот, жұмыссыздық, т.б. Көп жағдайда кәсіпорынның шығынға батуы кәсіпорын басшысына тәуелді. Адамдар өмір сүру үшін көп еңбек ете береді. Көп еңбек еткен адамның ақшасы көбейе береді. Ақшасы көп адам жаңа кәсіпорындарды неғұрлым көбірек ашуға тырысады. Осы цикл арқылы ел экономикасы мінсіз дами береді.
Журфак: Өз ойым: Тек қана даму, даму
Бұл жүйеде кім қабілетті, кім көп еңбек етеді, сол бай болады. Бұл «мінсіз мемлекетке» тән ең басты жетістік. Еңбексіз баюға ешкімде мүмкіндік болмайды.
Қызмет көрсету түрлерінің барлығы интернет порталда бөлімдерге бөлінуі, халық әр қызметкерге жеке баға беруге құқылы болуы қажет. Қызмет көрсетушілерге берілген баға ескеріліп жалақы төленеді. Бұл қызмет түрлерінің мейлінше сапалы орындалуын қамтамасыз етеді (Мысалы, дәрігер, көлік жүргізушісі, т.с.с.). Сонымен қоса, балабақшаға құжат өткізу, айыппұлдарды төлеу, ұшаққа билет алу сияқты қызмет түрлері интернет арқылы жүзеге асырылуы қажет. Бұл да уақыт пен шығынды азайтады. Ал, қоғамдық қызмет түрлерін пайдаланғаны үшін адамдар арнайы төлем карталар арқылы ақы төлей алуы қажет (мысалы, автобус, т.б.).
Журфак: Өз ойым: Жаңа медианы меңгерген мінсіз мемлекет моделі
Ал, интернет порталға келетін болсақ, оны былай ұйымдастырған жөн. Біріншіден, интернет порталға Қазақстан аумағында ғана кіруге рұқсат беріледі. Екіншіден, портал мен адам арасында тіклей байланыс орнатылуы қажет. Бұл порталды хакерлердің бұзуынан сақтайды. Үшіншіден, тек қана осы порталмен жұмыс істеуге арналған арнайы құралдар жасап шығу қажет (мәселен, планшет).
Жаңа медианы меңгерген мінсіз мемлекет моделіне көшу арқылы елдегі шешімін таппай келе жатқан жемқорлық, көлеңкелі бизнес, тіл, жұмыссыздық, инфляция, дағдарыс, халықтың белгілі бір аймаққа шоғырлануы сияқты проблемалардан біржола құтылуға болады. Ең бастысы мінсіз мемлекетте кез-келген адам өз еңбегіне лайық пайда табады. Және мемлекет ешқашан дағдарысқа ұшырамайды. Бұл модельдің тек жалпы концепциясы. Өзге тәртіптер осы концепция негізінде жүзеге асырылады.

18 пікір

Jako
Бұл жерден ешқандай жаңалық көріп отырған жоқпын. Мына айтып отырған мінсіз мемлекетіңнің аты төрт-ақ әріптен тұрады, ол СССР. Сол кезде дәл осындай болған, айырмасы интернет болмаған.Дауыл бола қалып электр эергиясы болмай қалса қиын болар деп ойлаған болар. Сенің мемлекетіңде дауыл болмайтын болар, орталықтан 500 шақырымдық ауылдағылар эл.картамен малдарына шөп беріп, астын тазалатып, планшетпен газет оқып жүре берсе қандай рахат… Сол 500 шақырыма көлігім сынып қалса, болмаса жанармайым таусылса, кездескен машинеге эл.картамды көрсетсем сүйреп әкеліп тастаса тамаша болар еді да.
Соңғы өңделген уақыты:
jalyn
Иә, СССР-де интернет, яғни бақылау құралы болған жоқ. Соның кесірінен құрылым құрдымға кетті. Дегенмен, бұл модель СССР емес, мұнда cоциализмнің де (саудаға жол жоқ, көп дүние мемлекеттік қадағалаудан өтеді), капитализмнің де (кәсіпкерлікке рұқсат етілген, жеке меншік бар), демократияның да (КЕЗ-КЕЛГЕН әрекет халық арқылы бақыланып отырады(интернетте дауыс беру арқылы)), тіпті, тоталитаризмнің де (бәрі лауазымды тұлғалардың қолында. (немесе бір ғана тұлғаның) Бірақ олардың еңбегі ашық түрде интернет арқылы халықтың бақылауында болады. Және халықтың наразылығы ашық көрініп тұрады) белгілері бар. Сондықтан БҰЛ МІНСІЗ МЕМЛЕКЕТ. Бір ғана мысал, мұрагерлікке байланысты мәселе социализмде де қарастырылмаған (ешбір экономикалық теорияда қарастырылмаған). Оның үстіне ол кезде кәсіпорынның 90 пайыз пайдасы мемлекеттікі болды. Мұнда керісінше. Ондай мысалдар көөөөп: сайлау болған жоқ, қызмет көрсету түрлерін халық бағалаған жоқ, т.б.
Jako
Әрине, бәрі сондай болса тамаша болар еді да… Мен өткенді аңсайтын адам емеспін, маған осы ұрылар заманы жаққан адаммын.Бірақ мына айтқандарыңа
сайлау болған жоқ, қызмет көрсету түрлерін халық бағалаған жоқ, т.б.
келісе алмаймын. Нағыз сайлау сол заманда болған, той болып өтетін, ал бақылауға келсек ол замандағы бақылау өте қатал болды, магазинде тексеруде 1 рубль артақ шықса тұтынушыны алдадың деп соттайтын,1 рубль кем шықса мемлекетті жедің деп соттайтын.Ал тұтынушы дегенің халық, мемлекет дегеннің халықтар екенін айтып жату артық болар деймін.Мен сол заманда өмір сүрген адаммын, кейбіреулер сияқты естігенімді емес, көзбен көргенімді айтып отырмын, сенуіңе болады.
Соңғы өңделген уақыты:
jalyn
Кешіріңіз, мен, әрине, оны көзіммен көрген жоқпын. Дегенмен, менің білуімше, ол кезде де бәрі әділ өте қойған жоқ. Жалған ұран басым болды. Өйткені барлық дүние партияның қолында, яғни адамның қолында болды. Оның кемшілігін айтатын ешкім болған жоқ. Айтатындардың көзін құртып отырды. Сондықтан, ол керемет болып көрінген болар. Ал, мұнда мемлекетті қадағалайтын бүкіл халық. Әрбір әрекет интернетте ашық көрінгендіктен, кемшілік көрініп тұрады. Және пайда көп пе, шығын көп пе, оны есептейтін көмпьютер. Сондықтан оны ешкім қуғындай алмайды!
Ақша да қолдан қолға еркін өтетін. Ондай жағдайда қылмыс ешқашан тоқтамайды. Өйткені, көбірек ақша тапқысы келетін адамдар қашан да табылады. Мұнда керемет ұрандар жоқ, халықты бір-біріне айдап салу да жоқ (адам баласының қашан да үстінен арыз жазып құтылғысы келетін бәсекелесі, қарсыласы табылады). Бәрі жай ғана бақылауда. Бәрі де автоматты түрде көрініп тұрады. ОЛ МҮМКІНДІК ҚАЗІР ҚОЛЖЕТІМДІ.
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Бір ғана мысал, мұрагерлікке байланысты мәселе социализмде де қарастырылмаған (ешбір экономикалық теорияда қарастырылмаған).
Мына жерге келісемін, ол заманда мұрагерлік қарастырылмаған, себебі қалдыратын мұра да болмаған, бәрі халықтікі еді.
jalyn
Ал Жаңа медианы меңгерген мінсіз мемлекет моделінде жеке меншік бар. Яғни әркім өз еңбегіне сай өмір сүреді.
Jako
Кім біледі, менің түсінігімде жеке меншік болған жер ақшасыз болуы мүмкін емес.КСРО кезіндегі колхоздарда ақша қажеттілігі қазіргідей болмады, керек-жарақтарының бәрін еңбеккүнмен алды, соның өзінде мүлде ақшасыз өмір сүру мүмкін емес еді.
jalyn
Бұл модельде электронды ақша қолданыста болады. Қазіргі айырбас құралы ретінде қолданыла береді. Айырмашылық — ақшаға қатысты операциялардың барлығы мемлекет арқылы (мемлекеттік электронды банк арқылы) жүргізіледі. Сол арқылы көптеген проблемаларды шешуге болады (мысалы, бір адамға жан-жақтан ақша мерзімді түрде түсіп отырғаны электронды банкте көрініп тұрады. сол арқылы оның заңсыз саудамен немесе жемқорлықпен айналысатындығын анықтау жеңілдейді).
Jako
Іске асып жатса канікей, бірақ қиын шаруа сияқты.
jalyn
Оңай істің өзі жоқ)))
STR
утопия. тым бір жақты. идеяңның авторы империалистердің шашбауын көтереді. жаңа әлемдік құрылыс жолындағы кезекті жобалары. өздері даже сенбегесін жұртқа навязывать еткен түрлері.
тың ештеңе жоқ. со баяғы жабайы капиталдың мүләйімсіген подходтары как всегда.
солардың кітапттарын оқып, угарланып қалғансың ғо. ниШеУо, әлі-ақ адам боп кетесің.
jalyn
Кешіріңіз, сіздің қате пікірде екендігіңізді дәлелдеу үшін бір ғана мысал келтірейін. Егер жабайы капитализммен жүре берсек, жоғарыда келтірілген интернет-магазин де, электронды банк те, қызмет көрсету түрлері де, ақпарат алмасу құралдары да жекелеген адамдардың меншігінде кетеді. Яғни, болашақ қазіргі күннің беті боялған көшірмесі ғана болып қала бермек. (мәселен, Америкада). Ал, мұнда барлық экономикалық формалар біріктіріліп, олардың ешбірін қайталамайтын форма ұсынылып отыр.
Жабайы капитализмнің ең басты табыс көзі сауда, жарнама, биржа, несие беру деп алсақ, Мұнда оның барлығы шектелген.
Және бұл мақаланы жазу барысында капиталистермен қатар, физиократтардан бастап, маржиналистердің де, буржуаздардың да, тұрпайы буржуаздардың да, социалистердің де, классиктердің де экономикалық теориялары қарастырылды (толық болмаса да, біршама).
Сонымен қатар, бұл кітап оқудан ғана туған дүние емес. Халық өміріндегі зерттеулер мақалада келтірілген. Енді, мақаланы 30-40 бет қып жазбаймын ғой. Осының өзін 3 күннен кейін ғана оқып жатыр.
Нақты қандай кемшілік тапқаныңызды жазбапсыз...?
STR
едрён батон))
капиталистер дегем жоқ, КАПИТАЛ дедім. жабайы кітапты мүләйімсітіп алға тартқан.
кемшілік болғанда, сол, иллюминати және олардың қожайындарының "әлемдік үкімет" орнату жобасының экономикалық бағыттарын бірге бір қайталайтынымен күмәнді. ал сенде кінә жоқ. жүйенің шайнап бергенін жұтасың, олардың диірмендеріне су құйып)))
п.с. кемшілігі де сонда. по полочкам бөліп, идеально ұсынғасын. риск жағдайлары тура ләм мим демегесін. аударған дүниеңді сонша жақтай бермещ, сосын. жұрт сенікі деп сеніп қалар. #1 комент иесі де арбалып қапты. одан күтпеп едім.
jalyn
Бұл дүние ешқайдан аударылған жоқ. Дәл осындай тақырыпта жоба тапсаңыз, айтыңыз. Біле жүрейін! Модельдің өзі мінсіз мемлекет деп тұрған жоқ па? Қандай кемшілік?! Нақты мынадай болса, құрдымға кетеді деп жазыңыз, егер кемшілік тапсаңыз. Бір ғана айта кететін жайт. Бұл модель экспорт импорттан көп болған жағдайда ғана жүзеге асады. Себебі, мемлекеттегі әрекеттер ақша арқылы жүзеге аспағандықтан сыртқы сауданы жүргізуге қажет қаражат экспорт арқылы жинақталады.
STR
кешір онда. мақалаңды morgan research-тің кезекті дешёвый жобаларының калькаларына ұқсатыппын бар жоғы. енді түсінікті болт))))
я пасс! сендер әлемді құтқарарсыңдар)))
jalyn
Түсінікті болғанына қуаныштымын. Бұйыртса, құтқарармыз. Егер бұл жоба қоғамдық талқыға түсіп жатса, ең алдымен қарсы шығатындар сіз айтқан диірменнің иелері болмақ. Мен оған сенімдімін!
AL-ASTER
Жарнамаға қатысты жазылған жолдар ұнады.

Жалпы, бұны медиа деуге болмайды деп ойлаймын. Оның қолданыс аясы мен басқару формаға тікелей қатынасында айырмашылықтар бар ғой.

Идея социалисттік формаға қатты ұқсайды.

Жалпы қызықты жазба екен. Нақты бір ғылымды меңгеруге қарағанда, жалпылай көзқараспен пікір қалдырған маған ұнайды. Бірақ бұл қасиет жақсы емес екенін жақсы білемін. Себебі, жалпыға қатысты біржақты көзқарасқа қарағанда, ондай идеяны білдіру үшін, алдымен зерттеулер, дәлелдер, анализ, пайдалы және зиян тұстарын келтіріп тек ақпарат беру мақсатындағы жазылған мағлұматтар ұнайды. Себебі әркімнің өз түйсігі бар.
jalyn
Иә, социалистік формаға ұқсайтыны рас. Бірақ, барлық экономикалық формалар бір-бірінен туындамайды ма?! Мұнда барлық экономикалық жүйенің ең ПАЙДАЛЫ (халық үшін) тұстары ғана алынған. Мұнда зиян тұстар жоқ. Мінсіз мемлекет деп аталуы да сондықтан. Ал, зерттеулер, дәлелдер, анализге келсек, олардың жалпы нұсқасы берілген деп ойлаймын. Смиттің де, Кейнстің де, Маркстің де теориясы шамамен осындай көлемдегі еңбектен басталған емес пе?! Олардың ешқайсысы бірден том-томдап жарыққа шыққан жоқ.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.