Тәттісін алды да кетті....

Журфак /
Ойлаймын өткен күн тізбегін,
Сыр айтты мен жайлы сізге кім?
Басылмай сағыныш сарыны,
Мен сені, балалық, іздедім.

Ойға алып келмес күн елесін,
Бетке алдым келешек белесін.
Мен сені қалайша қияын,
Ынтыққан сезімім төресің.

Сол күндер ауылдың маңында,
Жұтып ем жұпардай шаңын да.
Ақ әжем тәттісін ұсынып,
Ал анам үй-жайдың қамында.

Қалды артта тек белгі кейпінде,
Уақытша барлығы дейтін де.
Ақ әжей ауыр ой үстінде,
Ауырып қалатын кей күнде.

Кетті әжем, қосақтап сыңарын,
Білмеппін мұндай күн тынарын.
Балалық сөндіде, жанбады,
Қанбадау балғын шақ құмарым.

2 пікір

Orxantai
МАКЕ өлеінің өлкесіндегі өрендердің бірісің-ау… Бірақ балалықтан өлеңді де өзіңді де шығар…
Jako
Маулен, жақсы өлең,«ертеңіне көз салмаған, келешегін бағдарлай алмиайды-деген Jako бір сөзі бар)) .
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.