Махаббат дерті

Журфак /
Ұясын құшып батқанда нұрлы жарық күн,
Сейіліп барад қарасы міне халықтың,
Жарқырап қала шамдары мені елітіп,
Әкетіп барад ішіне мені парктың.

Жанымды тербеп жалынды жастық бар қызық,
Санама ойлар оралды қайта тағы үзік,
Кенеттен жүрек дір етті мұңды бір үннен,
Бір сұлу отыр жанардан моншақ тамызып.

Қалған ед сонда қалада мынау күн батып,
Егіліп қала нөсерлеп тұрды бұлдатып,
Жанына таяп тілдесіп едім жай ғана,
«Махаббат дерті» қыйнады үн қатып.

Жаратқан неге аруды сонша жылаттың,
Деп үнсіз оны құшағыма алып жұбаттым,
Сұлулар мәңгі бақытты болад деуші еді,
Неліктен тағдыр сұлуды шыңнан құлаттың,

Құшағымда ару барады үнсіз көз іліп,
Жүзінен тұрды «махаббат дерті» сезіліп,
Ұйқыға кетті жасырып мұңды келбетін,
Жылылық тауып кеткендей жаны езіліп,

Қуаныш -қайғы қос қанаты екен пенденің,
Бақытты ғана сезетіндерге сенбедім,
Жанарын жасқа толтырған едім талайдың,
Ал бүгін міне махаббат дертін емдедім.

2 пікір

semser_soz
Жақсы өлең екен… Бірақ, сенің бір күндік мейірімің махаббат дертін жаза алар ма екен?!
beks
arine jaza almasin bilem,birak sol bir sattik dertinen ayiguina septigim tidi.Al kalgan kunderin uakittin enwisisne kaldirdim…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.