Сағынып жүрген шығарсың

Журфак /
Алыста жүрсің жырақта,
Қиналып жүрген шығарсың.
Барам деп ертең бірақ та,
Ұйғарып жүрген шығарсың.

Сағыныштың ақ көрпесін,
Жамылып жүрген шығарсың.
Маңайлап мұңның мекенін,
Малынып жүрген шығарсың.

Көз ілер шақта ойға алып,
Қамығып жүрген шығарсың.
Оңаша қалсаң ойланып,
Жабығып жүрген шығарсың.

Түсіңе енсем қуанып,
Күлімдеп жүрген шығарсың.
Көргендей мені қуанып,
Күнім деп жүрген шығарсың.

Даусымды естіп өзіңді,
Жұбатып жүрген шығарсың.
Сыр айтар маған көзіңді,
Жылатын жүрген шығарсың.

Жарайды қойшы бәрін де,
Бастысы маған сыңарсың.
Сұлу ғой жаның тәнің де,
Сырымды өзің ұғарсың.

Асқарлы тауың мен болсам,
Шыңыма біткен шынарсың.
Дертіме шипа ем болсаң,
Жаныма жалғыз тұмарсың.

Сағынды сені жүрегім,
Сезініп жүрген шығарсың.
Күлімдеп жаным бір күні,
Сеземін келіп тұрарсың.

Құшағыма еніп ып-ыстық,
Егіліп тұрып жыларсың.
Қыйналмас едің сен бұлай,
Білмеймін жырақ жүруге,
Неліктен жаным құмарсың.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.