Өмір заңы

Журфак /
Қас-қағым өзендей ағылар,
Жасындай жарқ етіп жағылар,
Адамзат амалсыз бағынар,
Өмірдің өзгермес заңы бар.
Арайлап ататын таңы бар,
Жүректі тербетер әні бар,
Мәні жоқ біруге мәні бар,
Өмірдің өзгермес заңы бар.
Адамы, құстары, аңы бар,
Бірі өлі, бірінің жаны бар,
Базары, салтанат сәні бар,
Өмірдің өзгермес заңы бар.
Жақсылар жаныңнан табылар,
Жамандар жақсыдан арылар,
Адамды ететін жануар,
Өмірдің өзгермес заңы бар.
Жомарттың дүние, малы бар,
Кедейдің жанбағар жаны бар,
Жаныңа таңба боп таңылар,
Өмірдің өзгермес заңы бар.
Шешендер сөзінен жаңылар,
Көсемдер өзінен қағынар,
Мыстандар залымға бағынар,
Өмірдің өзгермес заңы бар.
Кеудеде кісілік жаны бар,
Су ішер жейтұғын наны бар,
Басқаға табылмас табылар,
Өмірдің өзгермес заңы бар.
Сөйлесең сөзіңнен мән ұғар,
Қиналсаң досың бар жан ұғар,
Жандар бар қарекет қамұғар,
Өмірдің өзгермес заңы бар.
Амал дос дегенің тағы бар,
Сөз ұқпас талмайтын жағы бар,
Тағдырдың қарасы, ағы бар,
Өмірдің өзіндік заңы бар.
Өткендер өмірді сағынар,
Тірілер тағдырға бағынар,
Барлығы тірлік деп сабылар,
Өмірдің көзге ілмес заңы бар,
Өмірдің өзгермес заңы бар!

3 пікір

jalyn
Иә, өмірдің заңы бар… Жазба маған тақырыбымен ұнады. Қалғанын білмедім)))
eger kalganin bilmeseniz sizge kitap kop okiganiniz duris.Kitap kop okigan sayin adamnin oi orisi keneiedi
jalyn
мен негізі жазба жайлы айтқамжарайды кітап кӨӨӨп оқиын. одан жазба туралы ойым өзгере қоймайды. БұҚаҚа)))))
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.