Жігіттердің шаш бояуына қалай қарайсыз?

Журфак /
Біз мұнайдан отын, аңнан жылы түбіт киген, Киносынан ғашық болып түрікке тиген, жердің асты менен үстін зерттеген, болмаса да ұқсауға еліктеген XXI ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Заманына қарай адамы, сериалына қарай қыздың да талғамы өзгереді-мыс. Іріміздің ұсақталып, нәзігіміздің қатаюы – қоғамымыздың құртына айналды.

Танымалдылықты ту етіп, халқымыздың еркесі мен серкесіне айналған өнер майталмандары қазақтың қара жігітінің бұл қылығына баға беріп, жаңалықтарымен бөлісті. Бұған тіпті кінәлі мен себепті де іздедік, табылар деп үмітімізді үзбедік.«Қоғам қажетін ойламай тұрып, жеке адамның қажетін білу мүмкін емес» А.С.Макаренко


Нұрлан Әлімжанов:
— Қазақтың қара нардай азаматтарының шашын бояуына, өсіруіне қарсымын. Әрине, егер кинодағы рөліне байланысты бояса, онда түсінуге болады. Бұған кінәлі мен себепті іздер болсақ, кәріс киноларына еліктеушілік пен психология деп ойлаймын.



Қарақат Әбділдина:
— Қазіргі заман талабына сай күтімді болып жүру керек. Енді адамдар жас болса да, біреулерінің шашына ерте ақ түседі. Олардың өздеріне күтіммен қарағанында еш әбестік жоқ. Ал егер басқа түске бояп, өсіріп, өріп, құлақтарына сырға тағуы ерсілік. Еркектік болмысын сақтап әдеміленсе, мен оны қолдаймын. Бұл жағдайға санасы, ойлау жүйесі, жан дүниесі түрткі болар.



Лұқпан Жолдасов:
— Бұл жағдайды дұрыс деп ойламаймын. Әртүрлі жағдайлар болады. Кейбір адамдардың ақ шашының маза бермеуі мүмкін. Өз басым бояған емеспін. Ал енді басқа түске бояу – батысқа еліктеушіліктен туған дүние. Адам қартайса да әдемі қартаю керек.



«Орда» тобы Жанболат:
— Жігіттердің шаш өсіріп, шашын бояуы ер азаматқа лайық іс деп ойламаймын. Жеке пікірім бойынша, шаш өсіру, бояу, тіпті, бояну әйел баласына жарасымды іс-әрекет. Олар нәзік және өз сұлулығын сақтап қалуға қарекет жасайды. Жалпы қоғамға деген әркімнің көзқарасы бөлек. Қазіргі заманымызда әркім қандай стильді таңдағысы келсе де өз еркі. Мен оларға қарсымын деп те айтпаймын, алайда өз басым шаш бояуға мұқтаждығым жоқ.

P.S Айналайын, қазағымның қарапайым жігіттері! Махамбет атамыз «қара қазан, сары бала қамы үшін», қазақ деген халықты бодандық пен надандық тұтқынынан сақтап, шыбын жанын, қасық қанын аямаған. Ал бейбітшілік заманында өзіміздің тамырымызға өзіміз балта шауып жатқанымыз не масқара?!

18 пікір

Chan
бір таныс бала шашың бояйды. мода қуып емес, ақ шаш толып кете береді. проблеманың бәрін батыс пен кәрістерге аударып тастайды, рахат
Құрметті, сынды майдай сімірген, сын десе ішкен асын жерге қоятын, CHAN мырза! сіз қытайсыз ба, кәріссіз бе білмедім. Мүмкін, намысыңызға тиіп кеткен болар. Дос балаңыз ақ шашын қараға боясын, оған тағар да жабар кінәм мен жалам жоқ!
Chan
сыны нес жынд ма? мен мнғолоидпін.
ооо сіз монғолоид деген ұлтты шығардыңыз ба, мен нәсіл шығар десем, ғажап! Монғолоид мырза, сізді сұхбатқа шақырсам қайтеді, м??
Chan
опшым, мнғолмін. біреу қытайсың, кәріссің дейд, ии, жоқ қазақпын десем сенбейд. арғы бабада бір шикілік бар сияқты деп ойлаймын. нау күшті прикол екен, сұқбат?
сонымен, сұхбат беріп, «звезда» болғыңыз келмей ма??
AL-ASTER
Ішіме сыймай бара жатыр. Алғашқы оқиға осылай болған:
— Через Альфараби, Орибта 3, триста.
— Садись.
— Саинаны ашпай жатыт, әйтпесе тезірек баруға болар еді.
— Ойбой, қазақша білесің бе?
— Қазақпын ғой.
— Қазақша сқйлесей епті, кореец деп отсам сені.

— — Сәтпаев-Фурманова. Орталық Алаңға қалдырып кетіңіз.
— Кеттік.
— Қазақша қайдан үйрендің?
— Қазақпын ғой. Керек десеңіз Орта жүз, Керей!
— Ее, қазақша сөйлеп отқан кәріс десем.
— Очм, моңғолоидпыз дегеннен басқа айтар жоқ.

Мақалаға оралсам, шаш үлгісі ол бірінші кезекте физиономиялық ерекшелікке сәйкес өзгертетін сияқты.
Тағы да өзім туралы айта кетуге рұқсат етіңіздер. Үйде шашымызды өсірмейтін. Сәл өссе алып тастайтын. Қыста азда қана, жазда тоқырайтып та алатын кездер болатын. Түсі онсыз да қара, бояп қажеті жоқ. Басқа қалаға ауысып, еркіндік тиіп, типі стиль қалыптастырып жүрміз. Оның да шегі бар әрине.
Chan
сол ғой, сол. шынайы болсын деп кытайша үйреніп жүрген жайым бар, амиго
AL-ASTER
Қытайлар қазақтардың арасына шпион болып кіру қиын шығар. Алдымен жеті атасын, ьегін, одан соң үрім бұтағы мен туыстық атауларға қатысты түгендеуден жаңылып кететін шығар.
Ал бізде дайын ішпиендер арамызда))) Мао Дзе Дун, хао хао! Десең құшақтай жөнелетін қытайлар емес пе)))
Chan
шалақазақпын деп бәріне бұтақ точка қойып жүре беред олар
Ademi
проблеманың бәрін батыс пен кәрістерге аударып тастайды, рахат

Қазақтарға шетелге шығып қайту керек, пыроста
Соңғы өңделген уақыты:
pari
Қорытынды сөзіңіз жанға майдай жақты. Шынымен, жігіттерге шаш бояп керек емес. Жақсы, қыздар бояй берсін. Сода жетеді. Ал, жігіттерге шаш бояу мүлде үйлеспейді. АЛЛА берген шашпен жүре бергені дұрыс.
Пікіріңізбен келісем, Пари мырза!
Ademi
Анау-мынау деп айта алмаймын, тек жарасып тұрса болды, өсірсе, өсірсін, бояса, боясын. Өмір бір-ақ рет беріледі.
yesbolat83
Адам қартайса да әдемі қартаю керек.
Мен осы пікірмен келісемін. Шашты ер адам бояғанда тек қана ағарып кеткен шаштарын бояу мақсатында бояуы керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) да денсаулық пен жарасымдылыққы өте мән беріп, ағарған шашты бояуды мақұлдаған.
didi0393
жапжас жигиттин аппак шашпен жуурген нереального.бояй берин. а так кашангы журед дисин бир куни кайта кайта бояй берип надоедать етип оздери ак койып кетед)))
Махамбеттің заманы басқа, біздің заман басқа дегендей. мен жаспын, әр түрлі стильді байқап көргім келеді. осындай болып кетіп жатса, қазақты құртқаным бола ма? қазақтың стильі қандай болуы керек, нақты жауап күтемін?
geofizik_001
шашы ағарғанда болмаса сән үшін бояғандары дұрыс емес деп есептеймін.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.